Жер қыртысының химиялық құрамы

Жер қыртысының химиялық құрамы. Жер қыртысының (16 км тереңдікке дейінгі аралықты қамтитын) химиялық құрамы жөніндегі алғашқы ғылыми еңбектің авторы — американ ғалымы Ф. Кларк (1889) болды.

Ол өз еңбегінде әр түрлі тау жыныстарының алты мыңға жуық үлгілерін талдай отырып, олардың құрамының арифметикалық орта шамасын есептеп шығарды. В. Е. Ферсман Ф. Кларктың зор еңбегін өте жоғары бағалай отырып, жер қыртысында кездесетін химиялық элементтердің орта шамасын “кларк мөлшері” деп атауды ұсынды. Біздің елімізде жер қыртысының химиялық құрамын зерттеу жұмыстарымен айналысқан көптеген ғалымдардың ішінен В. И. Вернадский, А. Е. Ферсман, В. Г. Хлопин, А. П. Виноградов, А. А. Ярошевский есімдерін ерекше атап өтуге болады.

Төменде берілген IV. 1-кестесінен жер қыртысында кең таралған химиялық элементтердің орта сандық және сапалық мөлшерімен танысуға болады.

Жер қыртысының химиялық құрамы (процент есебімен, %)

Кестеде берілген сегіз элемент жер қыртысында кездесетін барлық химиялық элементтердің 98%-ін құрайды. Бұлардан басқа (А. Б. Ронов пен А. А.Ярошевскийдің санағы бойынша) жер қыртысында: Ті—0,52%, С—0,46%, Н—0,16%, Мп—0,12%, 5—0,11% шамасында кездеседі, ал қалған барлық элементтердің үлесіне — 0,37 %-і тиеді.

А. Е. Ферсман (1930) метеориттердің құрамын зерттеу нәтиже-леріне және жердің ішкі құрылысы туралы геофизикалық деректерге сүйене отырып, Жердін. жалпы химиялық құрамын есептеп шығарған.

Қейінірек американ геохимигі Б. Мейсон (1978) Айдан әкелінген тау жыныстарын зерттеу нәтижелерін пайдалана отырып, жердің жалпы химиялық құрамын өзінше анықтайды (IV. 2-кесте). Оның және А. Е. Ферсман кұрастырған кестелердегі айырмашылық шамалы ғана.

Жердің жалпы құрамын жер қыртысының құрамымен салыстырғанда, ауыр элементтердің, әсіресе темір мен никельдің мөлшері Жердің жалпы құрамында көп екендігін байқаура болады. Яғни бұл жердің ядро қабатында ауыр элементтердің көп болатындығын көрсетеді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *