Жер бетін флоралық областары

Жер бетін флоралық областары
Жер бетін флоралық тұрғыдан бөлудің көпшілік мойындаған жолын Л.Дильс ұсынған. Ол жер бетін алты флоралық облысқа бөледі. Голарктикалык, (Ноіагсііс) немесе солтүстік (Вогеаһи) облыс — бұл қарағайлар тұқымдасының (Ріпасеае), талдар түқымдасының, қияқ-өлеңдер тұқымдасының (Сурегасеае), сарғалдақ гүлділердің (Капшісиіасеае) өкілдері басым болып келетін, қүрлықтың көптеген бөлігін алып жататын тұтастай айналмалы кеңістік (циркумпилярная масса).

Оның құрамына үлкен континент Евразияның Козерог тропикасынан оңтүстікке қарай жататын және бір кездерде Тетис теңізінің аралдары болған Үндіқытай мен Үндістан жартылай түбектерінен басқа жерлердің барлығы кіреді. Бұған сонымен бірге солтүстік неотропикалық Африканы (Сахара шөлін қосып есептегенде), ал батыс жарты шарда Солтүстік Американы тұтастай дерлік жатқызады.
Голарктикалық облыстан оңтүстікке қарай екі тропиканың арасында (аздап Рак тропикасының солтүстігіне және Козерог тропикасының оңтүстігіне енеді) шығыс жарты шарда — палеотропикалық, ал батыс жарты шарда неотропикалық облыстар жатады.
Палеотропикалык. облыс жер көлемі жағынан голарктикалық облыстан кейінгі екінші орынды алады. Ол Африкада үлкен территорияны (Сахара шөлінен оңтүстікке қарай, континенттің аздаған ғана оңтүстік батыс бөлігінен басқа) Жаңа Гвинеяны, Жаңа Зелаңдияны, Австралияның солтүстік және солтүстік-шығыс жағалауларын, Тынық мұхиттың тропикалық аралдарын (Филифин аралдарын, Малай архипелагын, Жиджи, Самса, Сандвичев аралдарын және т.б.) алып жатады. Бұл облыстың шамадан тыс шашыраңқы болуына қарамастан, палеоботаникалық мәліметтер оның флорасьшың бір екендігін — өте ертеде пайда болғандығьш және өте консервативті екендігін дәлелдейді. Бұл жерде мына тұқымдастардьщ: паңдалар тұқымдасьшың (Рапоопасеае), непентестер тұқымдасының, диптерокарпалар тұқымдасыньщ көптеген түрлері кездеседі. Пальмалар көптеп кездеседі — финика пальмасы , кариота туысы), корифа (туысы), ливистона ( туысы), каламус (туысы) және т.б. Климаты құрғақ аудандарда (аридных областях) суккуленттер көп таралған — сүттіген , алоэ және т.б.
Неотропикалық (Меігорһ) облыс Орталық жөне Оңтүстік Американы (континенттің қиыр оңтүстігінен, Чили мен Патагониядан басқа жерлерде), Флорида жартылай түбегінің оңтүстік бөлігін, Антиль аралдарын алып жатады. Флоралық жағынан алып қарағанда бұл ең ертеде пайда болған жөне өзіңдік ерекшелігі бар облыс. Оның көлеміңде 1800-дей түрі бар кактустар тұқымдасының; пальмаларға жақын цикланталар тұқымдасының); сонымен бірге пальмалардың бірнеше туыстарының, оның ішіңде кокос пальмасының (Сосоз туысы) ареалдары жатады. Бұл жерде хин ағашының (Сіпсһопа туысы) 40 түрі және рияндар тұқымдасының (мареновые ) туыстары таралған. Тропикалық ормандарға өртүрлі эпифиттер ерекше сән береді. Олардың біреулері бромелилер тұқымдасына (Вготеііасеае), екіншілері — сүйсіндер тұқымдасына жатады.
Бромелилер тек Американың ылғалды тропикалық ормандарына тән. Сүйсіңдер (архидные) бұл жерде ерекше кең таралған. Кейбір туыстары тек тропикалық Америкада кездеседі.
Австралия облысы оңтүстік жарты шардың үш тропикаға жатпайтын облыстарының ішіңдегі ең үлкені. Ол Австралияны түгелдей дерлік және Тасмания аралын алып жатады. Бұл жерде шамамен 10 мыңдай жабық тұқымды өсімдіктердің түрлері кездеседі, олардың 8 мыңдайы эндемдік түрлер. Көп тараған тұқымдастарына: бұшақтар тұқымдасы, мирталар тұқымдасы астра гүлділер тұқымдасы қияқөлеңдер тұқымдасы, қоңырбастар тұқымдасы жатады. Тұқымдастардың тұтастай бір қатары тек Австралияға ғана төн. 300-дей түрді папоротник тәрізділер түзеді. Келесі флористикалық облыстағы секілді, бұл жерде өсімдіктер қауымдастықтарының ксерофитті типтері қалыптасқан жөне олар негізінен басым болып келеді.
Кап (Сарепт) облысы — ең кішкентай флоралық облыс, ол Африканың оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан (Қызғылт өзеннен оңтүстікке қарай және шығыста Айдаһар тауына дейін). Осы аздаған территорияда жоғары сатыдағы өсімдіктердің көптеген түрлері кездеседі (15 мыңдай). Олардың 3 мыңнан астамы эндемдер болып келеді. Салыстыру мақсатында айта кеткен жөн, Евразия континентінің көптеген территориясын алып жатқан БОР-дың өзіңде бары-жоғы 19 мыңдай-ақ жоғары сатыдағы өсімдіктердің түрлері өседі.
Антарктикалык, флоралык облыс Оңтүстік Американың оңтүстік-батыс шетінде, Отты Жерде, Фолкленд аралдарында, сонымен бірге Тристанда-Кунья, Кембелла аралдарында және т.б. Осыған дейінгі екі флоралық облыстарға керісінше бүл жерде ормаңдар басым болып келеді, ал ашық жерлерді — мүкті тундра алып жатады. Антарктикалық ормандардың флорасы түрлерінің саны жағынан бай болмайды. Мұнда 2 мыңдай өсімдіктердің түрлері өседі, олардың 75% эндемдер болып келеді. Антарктика аралдарының флорасы өте кедей болады. Олардың кейбіреулеріңде жабық тұқымды өсімдіктердің бары-жоғы 20—25-тей ғана түрі өседі. Споралы өсімдіктер айқын басым болып келеді. Оңтүстік еңдікте 62°-тан жоғары тек мүк тәрізділер, қыналар жөне балдырлар өседі.
Полыпа ботаник-географы В.Шафер жетінші — жерорта теңізі (Мешіеггагш) флоралық облысын бөледі.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *