Жеке тұлға туралы түсінік. Адамның тұлғалық ерекшеліктері

Жеке тұлға мен қоғамдық ортаның қарым-қатынасы философия, психология, педагогика, тарих т.б. қоғамдық ғылымдардың көптен айналысып жүрген көкейтесті мәселелері. Бұл жөнінде кейінгі жылдары жарық көрген философиялық, педагогикалық, психологиялық, этикалық, ұлтаралық қарым-қатынастарға арналған еңбектерден басқа П.И.Подласыйдың, М.Ф.Харламовтың “Педагогика” (М. 1995-1997) атты еңбектері, Н.Козлованың “Тәрбие теориясына кіріспе” (М. 1990), В.М.Гинецинскийдің “Педагогика теориясының негіздері” (М.1994), Б.С.Гершунскийдің “XXI ғ. білім берудің философиясы” (1998), В.А.Сухаевтың “Біз әр түрлі тілде сөйлейміз” (1998), А.Ф.Малышевский, В.А.Корпунин, К.С.Пироговтардың “Философияға кіріспе” (1995), А.С.Арсеньевтің “Жеткіншектер философтар көзқарасымен”, А.М.Қасабеков пен Ж.Алтаевтың “Қазақ философиясының тарихына кіріспе”, Д.Кішібековтың “Философия” (1994), Г.К.Нүрғалиеваның “Тұлғаның құндылық бағытын қалыптастырудың методологиясы, практикасы” (Алматы, 1995) секілді ондаған монографиялық аса құнды ғылыми еңбектер жарық көрді.

Бұл еңбектердің бәрінде де жеке тұлға мен қоғамдық қарым-қатынас, жаңа қоғам мүшелерін тәрбиелеудің өзеісгі мәселелері сөз болады. Әсіресе, Д.Кішібековтың “Философия” атты еңбегінде: “Жеке тұлға деген не? Тұлғаның қоршаған ортаны танып білу механизмі қандай? Таным процесіндегі қарым-қатынастың маңызы қандай? Жеке тұлғаның ұжымдағы орны деген не?” — деген мәселелер философиялық тұрғыда жан-жақты талданған.

Осы еңбектерге сүйене отырып, жеке тұлға деген не, оның тұлғалық ерекшеліктері неге байланысты, әр адамның айналасын танып білуінің сыры неде деген мәселелерге тоқталамыз.

Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның, ұжымның, ұлттың, рудың мүшесі ретінде өзіндік ақыл-парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл-ой, ерік-жігер, мінез-құлық ерекшелігімен көрінуге тырысады. Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ бірк мінез-құлықтық қасиеттің болуы мүмкін емес. Әр адам өзінше жеке тұлға.

Адамдар тұлға болып, өзіндік жеке бас ерекшелігі бірден дүниеге келмейді. Әрбір жеке тұлғаны қалыптастыру, тәрбиелеп жетілдіру қажет. Өзіне немқұрайды қарайтын кейбір қоғам мүшелері басқалар қалай өмір сүрсе, мен де солай өмір сүремін деген принципті ұстанғанымен, шын мәнінде өмірде олай емес.

Жеке тұлғаның ерекшелігі дегеніміз — ол оның өзіне тән мінез-құлқындағы, іс-әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы.

Қоғамдық тұлғаларға ортақ этикалық бірыңғай талаптардың болуына қарамастан, қоршаған орта жөнінде әр адамның қалыптасқан өзіңдік ой-пікірі көзқарасының болуы, олардың өзі көріп білген құбылысқа деген көзқарасын, ой-пікірін білдіруі занды құбылыс. Мәселен, біреулер айналасындағы құбылысқа тандана тамашалай қараса, енді біреулер сын көзімен қарап, қорытуы, сын-пікірлер айтуы мүмкін.

Адамдардың қоршаған ортадағы құбылыстарды түсініп қабылдауы да әр түрлі. Ол әр адамның жеке басына физиологиялық, психологиялық, биология. ерекшеліктеріне байланысты. Мәселен, біреулердің нәрсені жасауға іскерлік қабілеті болса, екінші адамда оның болмауы, біреудің ұйымдастырушылық қабілеті күшті болса, екінші бір адамның ұйымдастыру ісіне қабілетсіз болуы, біреуі білімді тез қабылдаса, екі адамның білімді сылбыр, баяу қабылдауы, біреудің дене күші дамыған болып келсе, екінші адамның абстракциялық ойлау қабілетінің баяу дамуы, біреулеі сурет салуға немесе ән салуға бейімділігі болуы мүмкін. Жеке бастың бұл ерекшеліктері адамдардың басқалар ұжымдық қарым-қатынасында байқалады.

Сонымен бірге, адамның өмірде үздіксіз тәрбие құшағында болатынын, бұрынғы игерген білім, білік, дағдылары біртіндеп көмескіленіп, оның орнына ” білім, білік, дағдыларды меңгерумен шұғылданатын ескеруге де тура келеді. Жеке тұлғаның ой-санасын білім көлемінің толысуына байланысты оның өмірге көзқарасы, белгілі құбылыстарға баға беруінде өзгерістердің болуы, толысып жаңарып отыруы заңды құбылыс. Бұған қоса, әлеуметтік ортаның, отбасы мүшелерінің, жолдас-жораларының, таныстары достарының да белгілі мөлшерде әсер ететінін ескерсек, жеке тұлғаның ерекшелігінің басым болуына оның да ықпалының зор болатынын байқаймыз. Міне, осы жағдайлардың бәрін ескере келіп, К. Маркс жеке тұлғаның ерекшелігі жөнінде “Адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуын оның өзінің мінез-құлқы жағынан белсенді әрекетіне және әр түрлі әсерленуіне қарамастан, саяси-экономикалық, идеологиялық, адамгершілік-эстетикалық, діни т.б. қоғамдық қатынастардың бірлігінде қарастыру керек” — деген қорытындыға келді. Оның себебі, ол қатынастардың өзара байланысы, бірбіріне ықпалы қоғамдық ортада біркелкі болмайды да, ол адамдарға әр түрлі дәрежеде әсер етеді, сондай-ақ адамдардың басқалардың көзқарас, ой-пікірлерін қабылдау дәрежесі де түрліше болады.

Өмірде бір анадан туған егіз балалардың түр жағынан бір-біріне ұқсас болуы мүмкін. Ал олардың мінез-құлқы, іс-әрекеті, өмірге деген икемдік, қабілеті бірдей болмайды.Сондықтан әр адамды өзінше дараланған жеке тұлға деп қараймыз. Бір қоғамда өмір сүрушілерге ортақ әлеуметтік, моральдық-этикалық зандардың ортақтығына қарамастан, жеке тұлғалардың әлеуметтік қарым-қатынаста айна қатесіз бірдей болуы да мүмкін емес. Олай болса, “жеке тұлға” деген түсінікке не кіреді? Адамның саналық, мінездемелік қасиеттерінің қандай түрлері жеке тұлғаны анықтай алады дегенге, ол сана мен өзін-өзі саналандыру қасиеттері деуге тура келеді. Сана ақыл-ойдан туындайды. Адамның ақыл-ойы біркелкі дамымайды. Адамдар бірін-бірі бағалауда қателіктер жіберуі де мүмкін. Олар көбінесе өзінің жеке басын басқалардан артық бағалауға тырысады. Абайдың өмірде “Көре алмас іші тар, несі артық менен” деушілердің көп болатынын дөп басып айтуы да осы ойға саяды. Сонымен бірге, жеке тұлға өзін-өзі бағалауға да, өзінің іс-әрекетін, оның нәтижелерін басқалардың бойындағы қасиеттермен салыстырып көре, тани білуге, соған теңелсем, сондай болсам екен деп ұмтылыс, іс-әрекет жасауға да қабілетті.

Жеке тұлғаға тән қасиет — ақыл, ес, яғни өмірді өзінің сана-сезім өлшемімен қарап бағалауға бейім тұруы. Сондықтан өмірді танып білу дегеніміз — миллиондаған жеке тұлғалардың сезім, түсінігінен тұрады.

Жеке тұлғаның еске сақтауы өзге адамдардың тәжірибесін жинақтауға да негіздследі. Әрбір тұлға оларды оқып, көріп, оқығанын, естігенін, көргенін өз ойына

тоқып, содан сабақ алу арқылы да өзінің іс-әрекетін, мінез-құлқын, сана-сезімін байытады, толықтырады.

Адам өмірде өзі жіберген қателіктерден де, басқалардың қателіктерінен де сабақ алады. Оны қайталамауға тырысады. Мұны педагогикада адамның өзін-өзі тәрбиелеуі деп атайды. Басқалардың өнегелі іс-әрекетінен үйрену, оны өз бойының жақсы қасиетіне айналдыру өмір заңы. Осы қасиетті көре білген Абай:

“Болмасаң да ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз,

Ондай болмақ қайда деп,

Айтпа ғылым сүйсеңіз”, — деп текке айтпаса керек. Адамның есі оның ішкі ой-сезімімен тығыз байланысты.

“Сезімнің сыртқа шықпас әлі бар ма.

Оны ұғарлық адамда сана барда” — деген Абай сөзі де осыны растайды.

Мысалы, суретші алдымен өз ойында қорытылған ішкі сезімді жинақтап,қыл қаламмен, бояу құдіретімен айналасындағыларға сурет арқылы бейнелеп береді немесе ақын, жазушы өз замандастары туралы әссе жазу арқылы олардың жақсы, я жаман қасиеттерін оқырмандарға білдіреді.

Тұлға — жеке адамның мақсатының орындалуы ғана емес, оның ерік-жігерінің іске асуы, яғни өзі жөніндегі ойын, еркін іске асырудың дайындығы және оны іске асыруының нәтижесі, көрінісі. Ерік-жігер механизмі дегеніміз — адамның өзіне тән жеке басы қасиеттерін іске асыруы. Адам ойына келген іс-әрекетті іске асыруда ерікке жол береді. Бірақ адам бір нәрсені істерде алдымен еркін ақыл-парасат таразасына салып, осы істі іске асыру жөн бе, басқалар оған қалай қарар екен? — деген ойға қалады. Олай болса, ерік-жігердің іске асырылуы ақыл мен санаға бағынышты.

Ерік өлді немесе әлсіз, сылбыр немесе қайратты, сақ немесе бұзып-жарушы болып бөлінеді. Өмірде кейбір адамдар бір іс-әрекетті іске асырарда өте байыппен қарап, осының нәтижесі қалай болар екен деп “мың ойланып, жүз толғанып” іске кіріседі, ал кейбіреулер бірден ойына алғанын апыр-топыр іске асырып,кейін опық жеп жатады. Осының бәрі адамның ерік-жігер күшінің түріне байланысты.

Сонымен бірге, тұлға дегеніміз — сезімнің, әсердің, ішкі күйініш-сүйініштің бойға жинақталған көрінісі. Мысалы, стадиондағы футбол жарысына қатысушылардың

қызбалылығынан осыны байқаймыз. Театрда спектакльді көріп отырып, біреулердің солқыдап жылауы немесе ішегі қатып күлуі әрбір жеке тұлғаның ішкі сезімінің сыртқашығуы.

Алайда әр тұлғаның эмоциялық сезім дүниесі әр басқа. Біреу жауыздықты көргенде айғайлап, бақырып, ішкі сезімінің сыртқа шығуына еркіндік берсе, екінші біреу іштей булығып, көгеріп-сазарып, тас-түйін болып қатьш қалады. Бұл әр тұлғаның эмоциялық сезімін ұстай алу еркіне байланысты құбылыс.

Сонымен, жеке тұлғаның ерекшеліктеріне тән қасиетгер оның санасына, өзіне-өзінің сын көзімен қарауына, адам баласының есіне әсер ететін ішкі және сыртқы түсінік, түйсіктердің әсеріне және оның ерік-жігер күші мен әсерленушілік сезім дүниесіне байланысты құбылыс демекпіз.

Әрине, бұл қасиеттер жеке адамның тұлғалық бейнесін айқындай алмайды. Жеке тұлғаны анықтауда оларды тұтас бірлікте қарастыруға тура келеді. Бұл қасиеттер бір-бірімен тығыз байланысты, бірінсіз-бірі жоқ деп қарағанда ғана әр тұлғаға тән өзіндік “менін” айқындай аламыз. Әр адамның тұлға ретінде қалыптасуы адам өмірінде сыртқы күштердің — табиғаттың және әлеуметтік жағдайлардың әсерімен, ішкі күштердің бірлігінде ғана іске асырылады.

Біз әр адамның өзіндік өмір жолы бар деп қарасақ, оған туған-туысқандары мен жора-жолдастарының да, мектептес, сыныптас достарының да, ауыл-аймақтың да әсерінің болатынын естен шығаруға тиісті емеспіз, яғни жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру ісінің қоғамдық ортадан тысқары болуы мүмкін емес.

Ж. Ммауытов 1918 ж. өзінің “Абай” журналывда жарияланған “Тәрбие” атты мақаласында “Тәрбиеге әсер беретін нәрсе өскен орта, ата-ананың тәрбиесі. Соңғысы күшті болмаса, бара-бара әсерлер адамды замандас, жолдастың азғырып не түрлі жаман мінезді жұқтыратыны белгілі. Тәрбиеге туған жұрттың тілі, мінезі, тұрмысы да әсер қылмақ. Қысымшылық көрген, жасқаншақ болған, жалыншақ, жабыңқы елдің баласы да сондай болмақ. Ашық көңідді, сауықшыл ел-жұрттың баласы да сондай болмақ. Діндар елдің баласы діндар келеді. Тәрбиеге үлкен әсер беретін шарттың бірі — медресе. Баланың ақылын арттырып, білім беретін, ілтипатты, табанды, талантты, ыждаһатты қылатын, өмірлік азық беретін жақсы медресе болу керек” — дейді.

Ұлы ойшыл Абайдың “Әркімді заман өсіреді. Кімде-кім жаман болса, оның замандастарының бәрі виноват” деуі де адам тәрбиесінің қоғамдық ортамен тығыз байланыстылығына саяды.

Адамныц білмегенді білуге құмарлығы. Адам мінезіне тән қасиетгер — әсерленушілік сезімімен бірге оның түпсіз құмардығы да болып саналады. Оның ауқымы өте кең: ол мейірімділік пен опасыздықтан басталып, аспандағы және жер бетіндегілердің бәріне, .мәңгілік және діни ырымдарға деген құштарлықты қамтиды. Адамзаттың құмарлығын ашуға арналған мыңдаған көркем шығармалар, философиялық және діни трактаттар, публицистикалық эсселер бар. Адам жанына көсемдік, үстемдік пен жауыздық, көре алмаушылық пен қызғаншақтық, билік құмарлық пен сарандық т.б. қасиеттердің бәрі тән. Тіршілік атаулы бүкіл әлемдік құмарлыққа негізделген. Онсыз адам баласының күйініш-сүйініші болмақ емес.

Білуге құмарлық күшті, ауқымды, күйреткіш немесе әлсіз, қалғыған болып келеді. Көбінесе ол адамдарды күйретуге қабілетті, оның бүкіл өмір жолын өзгертуге әкеп соқтырады. Біздің құмарлығымыз басқаларға ерекше әсер етіп, өлгенін тірілтіп, өшкенін жандыруы мүмкін. Құмарлық жақсы болсын, жаман болсын өмір сүреді. Сүйіспеншілік пен қызғаншақтық, жақсылық пен жамандық өмірде егіз жүреді. Мысалы, Дездемонаны құлай сүйген Отеллоның оны өлтіріп тынуы осы асқан құмарлықтың, ғашықтықтың әсері. Немесе “Қыз Жібек” жырыңдағы Бекежанның Төлегенді өлтіруі, оның Жібекке деген сүйіспеншілігінен туған құмарлықтың нәтижесі. Әсіре құмарлық жақсылыққа да, жауыздыққа да апарып соқтыруы мүмкін.

Адам жаратылысынан білмегенді білуге құмар. Білімге құмарлық та қызығушылық туғызып, адамға білмегенді біліп тынғанша жай таптырмайды. Әсіресе әйелдердің құпияны білуге деген құмарлығы ерекше. Л. Толстойдың “Сырыңды жасырам десең, жарыңа айтып көр, жарты әлем білмесіне мен кепіл” деуі осыны меңзейді.

Балада да білмегенді білуге құмарлық күшті болады. Ес білмейтін баланың қолына ұстағанның бәрін аузына салып, тістеп, сорып немесе ойыншықты қиратып, ішін ашып көруге құмартуы, бала бойындағы іштен туа біткен құпияны білуге деген инстинкттік құмарлықтың әсері.

Әдетте, бала жаны күпияны білуге құмартып тұрады. Егер балаға бірдемені істеме, бүлдірме десең, ол әдейі бүлдіруге, істеме дегенді істеуге тырысып бағады. Адам баласына тән құмарлық — білмегенді білуге, табиғи, жасырын сырдың құпиясын ашуға деген ынталылық адам физиологиясының ішкі сырына тән қасиет. Сондықтан адамнын құмарлығы дегеніміз — адамның бойындағы қарама-қайшы сырларды ашуға кілт болып табылады. Ол білмегенді білуге талпыныс жасауға, іс-әрекетке итермелейтін ішкі фактор. Әр адамға өзіндік жасырын сырға толы жұмбақ тұлға деп қарасақ, басқалардың мінез-құлқындағы, іс-әрекетіндегі жұмбақ, ішкі сырын білуге деген құмарлық та әр тұлғада әр түрлі болады. Мысалы, біреу өз жолдасынан бір жасырын сырдың шетін естіп сезсе-ақ, соны тәптіштеп сұрап білуге құмартады. Ал екінші біреу өзі айтпаса, оған ерекше назар аудармайды.

Енді адамның өмір сүруінің құндылығы неде дегенге келсек, ол өмірде өзінің құмарлығын қандыруды місе тұтпайтын, өзі өмір сүруге қажетті шекараны атгап өтіп, өзінің мүмкіндіктерінен арғы нәрсені де білуге тырысатын жан иесі. Мысалы, 4—5 жасар баланың аспандағы айды, күнді, жұлдызды көріп: ол қалай тұр? Бірде көрініп, бірде неге жоқ болып кетеді? Үнемі неге көрініп тұрмайды? — деген сияқты сансыз сұрақты қойып, құпия сырды білгісі келетіні осыған айғақ. Біз бұдан жеке тұлғаның қасиетгерін білу шекарасының аса кендігін байқаймыз.

Адам өзінің өмір сүру шекарасынан арғы жаратылыс құпиясын білуге үш түрлі жолмен талпыныс жасайды. Біріншіден, ол өзінің өмірде бар екенін, осы өмірдегі тіршілік иесі екенін басқаларға білдіруді мақсат етеді. Адамның өмірде өзін-өзі нығайтудың, өз мүмкіндігін іске асырудың жолдары алуан түрлі: ол сурет салудан, кесте немесе өрмек тоқудан, таңертеңгілік жаттығудан басталып, шорт пен көркемөнердің, саясат пен ғылымның алуан түрлерімен айналысу, түрлі қызмет атқару арқылы іске асырылады. Сөйтіп, адам өмірде өзінің бойындағы қабілетін іске асыруда басқаларға ұқсамайтын өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленуге тырысады. Мысалы, шебер үсталар соққан пышақты немесе қанжарды, немесе тоқымашылар тоқыған алаша, кілемдерге қарап отырып, оның кімдікі екенін бірден айыруға болады. Адам өмірде де бір-біріне ұқсамайтын өзіндік мінез-құлық ерекшелігімен дараланса, өнерде де өз қолтаңбасымен дараланады. Мұны адамдардың өмірде өз бойындағы қабілеті мен талантын танытуы, ерекшеленуі дейміз. Екіншіден, адамдар өздерінің бұл өмірде бар екенін айқындауды қоғамдық ортада басқалармен қарым-қатынастан табады. Ал басқа адам да сол сияқты қарым-қатынаста өзінің бойындағы қасиеті мен іскерлігін танытуға тырысады. Сөйтіп, әр адамның өмірдегі қабілеті мен іскерлігі адамдар арасындағы қарым-қатынаста ашылып, белгілі бола бастайды. Неміс философы Л.Фейербах (1804—1872) адамзат қоғамындағы қарым-қатынаста “мен” мен “сеннің” арақатынасын философиялық тұрғыда қарастырып, оны адамдардың қоршаған сыртқы ортада өзін көрсетудің субстанциялық жоғары дәрежесі деп атайды, яғни әр адамның қоғамдық ортада өзіндік ерекшелігін көрсетуге тырысуы оның ішкі инстинкттік физиологиялық қасиеті деп қарайды. Үшіншіден, адам баласының өзі өмір сүріп отырған ортадан ары шығуға талпынуы, өзінің іс-әрекетін өзінен жоғары, үлкен өмірге қатыстыру арқылы іске асыруы.

Адам өз бойындағы мүмкіндігі мен қабілетін басқалармен қарым-қатынас арқылы іске асыратын болса, өзіне мұрат тұтатын, үлгі-өнеге алатын озық ойлы қайраткерлерді пір тұтып, бас иеді. Ол тілдік шеберлікке табыну, ақындарға, шешендерге немесе асыл ойдың иесі кемеңгер ғалымдарға табыну, немесе ұйымдастыру қабілетімен, ерекше іскерлігімен көзге түскен, халыққа танылған көсемдерге табыну немесе халыққа асқан өнерімен танымал болған артистерге табыну, соларды мұрат тұту сияқты болып келеді. Жастардың мектепте оқып жүргенде атақты батырлардың немесе актерлердің, суретші, футболшылардың өнерін көгілдір экраннан көріп, олар жайындағы кітаптарды оқып, сондай болуды армандауы осындай мұрат тұтудың, табынудың нәтижесі, яғни әр уақытта өзінен жоғары тұрған ұлыларға табыну, соларға ұқсап бағу, солардың жолын қууды армандау да адам баласына тән табиғи қасиет. Мұны ғылым тілінде адамның өмірге деген ынта, ықыласының саналы түрде іске асуы деп қарайды. Әр адам өзінің “менін” саналы түрде өмірге ендіру арқылы “оны (өмірді) өз үйіме айналдырдым” деп есептейді. Неміс философы М.Хайдеггер (1889—1976) адамның қоғамдағы өмір сүруін “тұрмыстық үйі” деп қараған.

Адам өмірі жоғарыда айтқандай, материалдық және рухани болып екіге бөлінеді. Рухани өмірдің қажеттерін өтеудегі адамзат қоғамының ең жоғарғы құндылықтары -шығармашылық, сүйіспеншілік, бостандық, еңбек пен бақыт, қайғы мен қуаныш сезімдерінің бірлігінен тұрады. Осылардың нәтижесінде қол жеткен табыстарды біз рухани құндылықтар дейміз.

Жоғарыда аталып өткен рухани құндылықтардың әрқайсысының адам өмірінде атқаратын өзіндік мазмұндық міндеттері бар және олардың әрқайсысы адам өмірінің белгілі бір қызметін көрсетеді. Мысалы, шығармашылықты алып қарасақ, ол адамның ішкі толғанысынан туындайтын іс-әрекет және әр тұлғаның өзін қоршайтын ортаның бейнесін өзгертуге өз үлесін қосудағы талпынысының нәтижесі. Ол ішкі таланттың, адам бойындағы энергияның сыртқа шығуы. Шығармашылық еңбек нөтижесі адамға қуаныш та, реніш тс әкелуі мүмкін. Мысалы, суретші немесе жазушы сәтті шыққан шығармасына өзін қоршаған ортадан қолдау тапса қуанышқа, бақытқа кенеледі, ал ол сынға алынып, еңбегі сәтсіз болып шықса, ренжиді.

Адам баласының өмір сүруіндегі аса зор жоғары құндылық қуанышты немесе қайғылы уақиғаларды туғызатын махаббат болып саналады. Сүйіспеншілік адамның өмірге деген құштарлығынан туындайды, яғни ол құшақ жетпесті құшуға, өмірден бақыт табуға ұмтылушылықты, өмірге деген құштарлықты туғызады. Адам материя мен рухтың бөлігінен тұратын, жер мен көктің, жаратушы мен жын-шайтанның арасында өмір сүретін тіршілік иесі. Шынайы сүйіспеншілік арқылы адам жан мен тәнді біріктіріп, жеке бастың рухани мұратына жетуін мақсат етеді. Сондықтан ол кейде адамды бақытсыздыққа ұшыратып, жан азабын тарттырады.

Ең қиын, ең қымбат құндылық — бостандық. Бостандықты аңсамайтын адам жоқ. Бостандық дегеніміз не? Адам баласы қандай бостандықты аңсайды? Барлық адам бірдей бостандық алуға тұра ма дегенге келсек, ол жөнінде жауапты адам өмірінен іздестіруге тура келеді. Философ Н.А.Бердяевтің пікірінше, адам баласы әрі өлшеусіз күш иесі, әрі әлсіз, ол бірде өмірге құл, бірде өмірге қожа, ол еркін өмір сүруге тиіс. Еркіндік дегеніміз — әрбір тірі организмнің дамуына, өсіп-өркендеуіне қажетті бостандық, ол әсіресе жеке тұлғаның өсуіне қажетті шарт. Адам еркін болғанымен, жауапкершілікті де сезіне білуі керек. Себебі өзі істеген іс-әрекетті еркімен істегендіктен, ешкімге жауапкершілікті арта алмайды.

Еркіндікте адам өмірмен бетпе-бет кездеседі. Адам өзгелерсіз тіршілік ете алмайды, Сондықтан ол біреулерге бағынып, енді біреулерді өзі бағындырып тіршілік кешеді. Әрине, әр адам өз өмірін жоспарлап тіршілік етеді, іс-әрекет жасайды. Сонымен бірге, ол “жай ғана өмір сүргісі” келмейді. Әр нәрсеге мән беру оған тән қасиет. Олай болса, адам өмір жолын таңдауға, өзіне қолайлы жағдайды іздестіруге, соған сай іс-әрекет жасауға еріктілікті аңсайды, яғни адам өмір сүрудің стратегиялық жолын тандайды. Ол жолдар философ С.Кверкегердің айтуынша, үш түрлі болады: эстетикалық, этикалық, діни.

Эстетикалық өмір сүру дегеніміз — табиғатты тамашалау, достарымен қуанышты өмір сүру, сүйіспеншіліктен ләззат алу. Адам құндылықты сол сәтте шапшаң сезініп, дәл осы минутта сезім құшағына бөленіп, ләззат алады. Бірақ эстетикалық өмір ләззаты сол сәттегі өткінші сезімге құрылатындықтан, ол тез өтеді, оның өткені, қазіргісі, болашағы бір қалыпты, үздіксіз адам бойында тұра бермейді. Адам үнемі ләззат сезімді қуа берсе, ол депрессияға ұшырап, күйінішке, тіпті қайғыға душар болуы мүмкін.

Адам өмірінен тұрақты орын алатын — этикалық жол. Оның негізіне адамның қоғам алдындағы міндетін өтеуі жатады. Адам этикалық өмірінде оны орындаудан рахат сезімін алмаса да, қанағаттанушылыққа ие болады, яғни қоғам мүшелерінің бәріне ортақ жоғары этикалық зандарды орындауды өзінің “адамдық парызым” деп санайды.

Эстетикалық, этикалық өмір сүру заңдары адамның тіршілік ету міндеттеріне қажетті заң болып есептеледі. Адам өміріндегі сәтсіздіктер мен басқа түскен қиыншылықтар еріксіз қорқыныш туғызады. Бұл өмірдің қысқалығын, өткіншілігін, өмірдің өліммен ұштасатынын ойлатады. Сәтсіздіктердің неден болатынын білгісі келеді, себепсіз ешбір істің болмайтынын ақыл-сана арқылы ойлап-білетін адам сәтсіздіктердің себебін ойша іздестіреді. Осы жерде адамға дін иелері жақсылық пен жамандықты, ізгілік пен жауыздықты бір Алла жіберіп тұр. Ол сенің жер бетіндегі, бұл өмірдегі күналарынды есіңе түсіріп, тәубаңа келтіру үшін Алланың жіберген пәрмені. Одан арылу үшін ақирет дүниесін ойлау керек. Құдайға құлшылық етіп, “күналарымды кешіре көр”, — деп жалынып-жалбарынуың керек. Егер шын Аллаға сиынсаң, Алла күнәларынды кешіріп, жамандықты аластатып, жақсылыққа қолынды еткізеді деп уағыз айтады. Адам бойында пайда болған қорқыныш пен үрейді сейілтіп, “о дүниеге” деген сенімді күшейтеді. Адам өмірден күдер үзгенде сенімнен айырылады, онда сенімсіздік, үмітсіздік, өмірден күдер үзу пайда болады. Ал өмірден күдер үзу еріксіз адамның өмір үшін күресін тоқтады.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистердің концлагерінде тұтқында болған австриялық психолог З.Франкл лагерьдегі адамдардың мінез-құлқына бақылау қасағанда, өмірдсн күдер үзгендердің тез өліп кеткенін, ал қиыншылыққа шыдап, қайтсем тірі қалам, өмір сүрем дегендердің тірі шыққандарын мысалға келтіре отырып, адам бойында өмір үшін күресуге деген ішкі мүмкіндіктердің орасан зор екенін атап өткен.

Бүгінгі адамдардың қасіреті — уақытша басқа түскен нарық қыспағына шыдай алмай, ішімдікке салынуы, анаша шегуі, бара-бара өмірден күдер үзіп, өзін-өзі өлтіруге дейін қадам жасауы өмір үшін күресте ерік-жігерін ұстай алмаудан, жігерсіздіктен болатын құбылыс екенін бүгінде дәрігерлер, психологтар дәледеуде.

Адам басына қиындық түскенде: “Не үшін өмір сүремін? Өмір сүрудегі мақсат не?” — деген сұрақ туындайды. Еркі мықты тұлға қорқыныш пен үрейді ақыл-санаға, ерік-жігерге жеңгізіп, қиыншылық атаулыға шыдап бағады. Бұл жағдайда өмір сүрудің көкжиегі кеңейеді. Сондықтан адамды қиыншылықты жеңе білуге үнемі баулып, оның ерік-жігерін жастайынан шындау керек. Ерікті шындау өмір сүру үшін күресе білудің алғышарты болып табылады, Оған өмірден көп мысал келтіруге болады. Мәселен, кешегі Ұлы Отан соғысы кезінде екі аяқ, бір қолынан айрылып шөрке болып қалған КСРО халық мұғалімі Құрмаш Нүрғалиев өз ерік-жігерін шындаудың арқасында орта мектепті, институтты сырттай оқып бітіріп, 35 жыл үздік мұғалім, Боран орта мектебінің директоры қызметтерін атқарды, немесе қызылордалық жазушы Зейнолла Шүкіров полиомиэлит ауруынан жастайынан аяқтарының жансыз болып қалуына Қарамастан, орта мектепті алтын медальмен бітіріп, университетті сырттай аяқтауы, екі-үш роман, оншақты повестердің авторы болып жұртқа танылуы өз ерік-жігерін шындаудың нәтижесі.

Читайте также: