Жеке тұлғаның психикалық қасиеттері мен процестері

Жеке тұлғаның психикалық қасиеттері мен процестері. Жеке түлғаның қасиеттері туралы әр түрлі ілімдер бар. Солардың ішінен шындыққа жақыны және бұл жөнінде арнайы тәжірибе арқылы зерттеп оның мәнісін анықтауға із салған неміс психолог К.Левин ілімі.

Бұл ғылыми тұжырым бойынша адамның әр қилы істері мен мінез-құлық ерекшеліктері оның мүддесі мен қажетгілігін анықтайды. Қасиеттілікті қанағаттардыру мен оған қатысты заттар арасындағы байланыс та өзгермелі сол байланысты адам өзінің іс-әрекеті арқылы өзгертеді. Адамды іс-әрекетке ұмтылдырушы — қажеттілік десек, қажеттілік — адам бойындағы күш-қуат. Дене күші қажеттілікке байланысты қозады.

К. Левин зерттеулерінде адамның қажеттілігін қанағаттандыру-дың екі тәсілі аталған. Біріншісі — адам басқа адамдармен салыстырғанда қандай да бір дәрежеге ие болғысы келетіндігі және өзін қоршаған ортада өзіндік орын алуға ұмтылуы. Екіншіде, адам бірсарынды іспен шұғылданса, онда оның қызығуы таусылады. Бұл тәсілдер адамның жеке басының қасиеттерін зерттеуге арналған.

Әлеуметтік қүбылыстарды зерттеу тәсілін “социометрия” — әлеуметтік өлшеу — деп атайды. Бұл тәсілдің негізін салушы

психолог Дж. Морено. Бұл әдіс арқылы топтағы адамдардың өзара қатынасындағы наразылығын не татулығын тиісті әдістерге сүйене отырып өлшеуге болады. Мұндай қатынасты зерттеу үшін топтағы адамдарға сұрақ-жауап анкетасы даярланады. Анкетадағы қалауға байланысты мазмұн екі түрге бөлінеді: біреуі — сол кісі өзге кісімен қаншалықты дос, оны шынайы ұната ма, ұнатпай ма, соған байланысты келеді. Екінші түрі — өзге адамның жеке басының қасиеттерін қалайды.

I тапсырмада социометриялық тәсілдің сәтті болуы -зерттеліп отырған адамдардың шынын айтуға байланысты. Сыналушы анкета ұсынарда зерттеуші біздің сырымызды біліп алғысы келеді — деп қаймығуы мүмкін. Бұл іске бөгет жасайды. Төменгі сыныптағыларда қаймығу деген болмайды, сондықтан зерттеу көбінесе солармен өткізілгенде сәтті болмақ. (5-7 сыныптарда).

Социометрия тәсілін қолдану мынадай кезеңдерден тұрады:

1) әдейі мақсат қойып, тәжірибеде қамтылған адамдардың өзара қатынасын зерттеу;

2) мақсатқа сәйкес анкета жасап, оларды сыналушыларға тарату;

3) зерттеуге катысушылардың шынын айттыру үшін олардың жауабын өзгелерге жария етпеуді ескерту;

4) тапсырма орындалғаннан кейін әркімнің қалағандары мен қалаудан тыс қалғандарды анық көрсететін кестемен диаграмма жасау;

5) диаграммада көрсетілген мәліметтер бойынша тәжірибеге қатысушылардың өзгелерді қалауы мен қаламауы туралы тиісті дәлелдер мен себептерін білу.

Үлгі ретінде кесте мен диаграмма құрастыру үшін мынадай анкета ұсынылады:

1 . Сыналушының аты

2. Құрбыларыңның қайсысын туған күніне шақырар едің?

3. Саяхатқа өз тобыңнан кіммен бірге барғын келеді?

Сұрақтардың саны оннан кем болмауы тиіс.

Социометрия арқылы жинақталған мағлұматтарды қорытып диаграма жасау жалпы психология оқулығында көрсетілген.

Пысықтау сұрақтары:

1. Адамдар арасындағы қатынастарды зерттеуде қандай әдіс қолданылады?

2. Қажеттіліктің кандай түрлері жалпы психологияда белгіленген?

3. Сапаға негізделген нәтижелі ме, дағды арқылы

орындалған іс нәтижелі ме?

4. Ойнау тек ерігуден пайда бола ма?

5. Оқу мен ойын арасындағы айырмашылық қандай?

6. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару үшін мұғалімнің дауысы қандай болғаны жөн?

Адамның психикалық қасиеттерін құрастыратын: 1) жеке тұлғаның бақыты; 2) темперамент; 3) мінез; 4) қабілет.

Әр адамның өзгешелігі көптеген себептерге байланысты — ең алдымен айналысқан іс-әрекетке, от басындағы тәрбиеге мектептегі тәрбиеге және басқа да өмірлік жағдайларға.

Ал психикалық процестерге жататын — түйсік, қабылдау, ес, қиял, ойлау, зейін.

Эмоциялық қасиеттер — сезімдер.

Жігерлік қасиеттер — ерік.

Нақты іс-әрекетте психикалық процестер тығыз байланысып жатады да оларға адамның психикалық қасиеттері нақты әсер етеді. Сол байланыстардың ішінде жеке тұлғаның бағыты ерекше маңызды орын алады.

Жеке тұлғаның бағыты — көзқарас, пікір, қажеттіліктер,

қызығулар, бейімділік, іс-әрекет пен тәртіптің негізін салатын себептер, әдет және дағдылардан құрастырылады да солардан көрінеді. Бұлар өмір бойы қалыптасатын болады.

Читайте также:

1 комментарий

  1. Анар:

    балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі туралы тренинг керек еді

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *