ЖАҢА ТИПТІ МЕКТЕПТЕРДІҢ ЖОҒАРЫ СЫНЫПТАРЫНДАҒЫ ТӘРБИЕ ЖҮМЫСТАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Мектеп оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытуды ізгілендіру мәселелері

Осы күнге дейін қалыптасқан тәрбие ісі қоғам қажеттілігіне құрылған болатын. Оқушыға қойылатын талаптар үнемі сырттай танылып, оның ішкі жан дүниесі, талпынысы ескерілмей келді. Ұстаз үнемі шәкіртті өзгертумен айналысып, ол дүниеге келгеннен бері дұрыс тәрбиеленбеген деген ой-пікірмен қарап келді. Сөйтіп тәрбие философиясы мен баланың табиғи даму зандылықтары қайшылықта болды.

Қазіргі ұстаздар тәрбие үрдісіне философиялық тұрғыдан қарап, түсінуге міндетті. Тәрбиедегі басты мәселе — оқушының тұлғалық қасиеттерін гуманистік бағытта дамытуды көздеу. Гуманизм (адамшылық) дүниетаным принципі, оның негізінде адамның мүмкіншілігінің шексіздігіне, өзін-өзі дамыту қабілетіне деген сенім мен ерік бостандығы, абыройын қорғау, адамның бақытқа жету жолындағы құқығы мен оның барлық сұраныстарын қамтамасыз ету қоғамның түпкілікті мақсаты деген идея жатады.

Педагогикалық және психологиялық тұрғыдан гуманизмге адамдар арасындағы қатынастардың сүйіспеншілікке негізделуі олардың ар намысын, абыройын, ожданын құрметтеу, жоғары адамгершілік, парасаттылық қасиетпен қамқорлық жасау, адамды сүйе білу, қадірлеу деп білеміз.

Түйіндей келе, гуманизмді адамға тән адамгершіліктің, парасаттылықтың және ой-шабытының ерекше жиынтығы ретінде қарастырып, адамды еркін ойлаудың, адамшьшықтың шынайы иесі деп қабылдаймыз.

Жаңа гуманистік тәрбие жүйесінің негізі-бала. Ол өзін-өзі дамытатын, өзін-өзі аңықтайтын, өзін-өзі іскерлікке баулитын тұлға. Бала өзі оқып үйреніп, өзі дамып, өзін-өзі тәрбиелейді. Өзі ғана өз өмірі мен тағдырына жауапты. Адам неғұрлым өз өмірі мен тағдырына жауапкершілігін ерте сезінсе, соғұрлым өмірін дұрыс құруға талпынады. Сөйтіп, өз ой-пікірімен әрекет ететін тұлғаны тәрбиелеу іске асады. Мұнан туындайтын мәселе, тәрбиені тәрбиенің тиімділігін арттыру үшін философиялық тұрғыдан ойлауы тиіс.

Тәрбие философиясындағы экзистенциализм бағытындағы басты ұстаным — қоғамның әлеуметгік-экономикалық және рухани тоқырау жағдайыңдағы адамның сабырлылығына аса мән береді. Оның өкілдері Ж.-П.Сартр, М.Хайдеггер, К.Ясперс, т.б. адамды біреудің жеке басының пайдасына объект ретінде қолдануына қарсы болды, олар адамды еркін субъект ретінде қарастырып, оның өмірлік ұстанымы үнемі белсенді болып, сыртқы ортаның әсеріне қарсы түра білуі тиіс деп қарастырады. Олардың пікірінше, адам еркі абсолютты болғандықтан, өз мақсатын іске асыра алатын мүмкіндігі мол, айналаға тәуелсіз тұлға. Адам бостандығы кез келген жағдайда сақталып, оның таңдау еркі түрлі жағдайда жүзеге асады.

Бұл философиядағы бостандықтың мәні адамдардың іс-әрекетінің сыртқы жағдайдың ықпалымен емес, ішкі талпынысты іске асыратын іс-әрекет құралын таңдай алуында.

Еркіндік тұлғаның жауапкершілігін арттырады, Тұлғаның материалды жөне рухани жағдайларға тәуелді болуы еркіндікті шектейді, соның салдарынан жауапкершілігін төмендетеді. Сонымен, экзистенциалистік философия адамгершілік-этикалық сипатта болып, белсенді өмірлік ұмтылысты қалыптастырады.

Қазіргі тәрбие теориясында түрлі өзгерістер байқалады. Мысалы, тәрбие мәселесіне мәдениет тұрғысынан қарау, мәдениет жетістіктерін тәрбиеде пайдалану, қазіргі мәдениетгің ауқымын ескеру, тәрбиенің құндылықтар жүйесіндегі орнын, маңызын айқындау көзделеді. Осыған орай тәрбиенің мақсаты, міңдеттері, мазмұны, әдістері, түрлері ұлттық және жалпы адамзаттық негізде қарастырылады (Н.Е.Щуркова, 1998).

Тәрбие мақсаттылықты нысанаға алып, ғылыми негізде құрылып, бала табиғатын бейнелейтін және тұлғаның дамуын ескеретін, ұстаздың ұйымдастыруымен баланың қоғамдық мәдениетке енуін қамтамасыз ететін, қазіргі қоғамда өмір сүре білуін дамытатын, өз өмірін, адамдык, өмірге лайықты етіп құра алатын қабілетін дамытуды көздейді.

Оқушыны мәдени құндылықтар арқылы тәрбиелегенде, оған қазіргі өмірді, ондағы адамдардың өмірін көрсетіп, өзінің өмірлік жолын таңдауға, оны саналы түрде іске асыру бағыттау қажет. Мүғалім оқушыға адамға лайықты өмір сүруді қайырымдылық, ақиқат, шындық негізінде көрсете білуі керек.

Мұғалім тәрбие жұмысының мақсатын саналы түсінуі тиіс. Тәрбиенің мақсаты мұғалімге үнемі бағдар береді және тәрбиенің жалпы бағытын аңықтайды. Ал міндеттер оқушьшармен атқарылатын жұмыстың мазмұнын, әдісін, түрін және өмірлік мәселелерді шешуді көздейді.

Мұғалімге мәдени тұрғыдан қойылатын талаптар мынадай: оның іс-әрекет, қимылы, тұла бойы мәдениетке үйлесімді, өмірі үлгілі-өнегелі, рухани сапасы жоғары болуы қажет.

Мектепте оқушының денсаулығын сақтауға, оның көніл-күйінің көтеріңкі болуына, жүріс-тұрыс, іс-қимылы еркін, мұғалімдер тарапынан психологиялық қысым көрсетілмеуіне жағдай жасап, олардың өзара қарым-қатынасын мейірімділік пен достыққа, өзара түсіністікке құру ескеріледі.

Тәрбиелік орта. Адамға лайықты өмір сүру үшін орта қажет. Орта тәрбие жағдайын жасаушы. Тәрбиелік орта ұстаздың ұйымдастыруына байланысты заттық, кеңістік, оқиғалық, информациялық болып ажыратылады. Осы орта өмірдің қандай екендігінің айғағы, осындай ортада оқушының өзгелермен қарым-қатынасы, жүріп-тұруы, өмір туралы түсінігі қалыптасады.

Ежелден тұлғаны тәрбиелеуге жеке адамдардың өмір жолы, тағдыры, еңбегі, ерлігі, т.с.с. пайдаланылған.

Заттық-кеңістік орта ұлттық және жалпы адамзаттық мәдениет негізінде жабдықталады: сынып, мектеп бөлмелері, оқу кабинеттері, асхана, коридор, баспалдақтар, оқушылардың киімі, киім ілетін жер, мектеп ауласы, бағы, гүлзары, т.б. оқушыға психологиялық тұрғыдан әсер етеді.

Кеңістік орта: оқушы, киімдері, киім үлгілері қарым-қатынасқа психологиялық нәр береді. Заттық кеңістік ортаға адамдық, жандық сипат берілген жағдайда тәрбие факторына айналады. Зат арқылы адамның талғамы, жүрек сезімі, еңбек нәтижесі көрініс беріп, затқа жанды объект ретінде қарауға баулиды. Әр заттың адамға көрсететін қызметі, пайдасы ескерілуі тиіс. Мектептің заттық әлемі тұлғаны рухани жағынан дамытуға ықпал етеді, айналаны шығармашылықпен түсінуге бейімдейді.

Мектептегі іс-әрекеттің тәрбиеге ықпалы зор. Мектепте әр сәт сайын түрлі іс-әрекеттер жүреді. Мектеп тәртібі

баланың жатымды, жатымсыз мінез-құлық, іс-әрекеті арқылы бейнеленеді. Іс-әрекет мұғалімдердің оқушымен өзара қарым-қатынасында көзге түседі. Оқушының мәдени деңгейі іс-әрекетте білінеді.

Іс-әрекет ортасы мектеппен ғана шектелмейді. Оқушьщы дұрыс іс-әрекетке үйрету, өз әрекетінің нәтижесін алдынала болжай білуге, тәртіпке мойын ұсынуға, өзгенің ескертуіне құлақ асуға тәрбиелеу, т.б. үнемі іске асырылуы керек. Оқушыларға айтылған ескертулерді олардың дұрыс түсініп, қабылдай білуі де, өз ойын ойланып айта білуі де көзделеді.

Оқиғалық орта арқылы оқушы ойланып өмірлік қорытынды жасауға мүмкіндік алады. Сондықтан тәрбиеші оқиғалық орта арқылы түрлі пікірлерді талдап, дұрыс шешім қабылдай білуге тәрбиелейді. Мұғалім оқушыны мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап, мектеп оның екінші үйі екенін сезінуге тәрбиелеп, мектеп өмірімен біте қайнасуын басты нысанаға алуы шарт. Оқиғалық ортада оқушы өз “Меніне” көп назар аударады. Оқиғалық ортадағы дұрыс қарым-қатынасты таңдау оқушының өз “Менін” аялау, оның өз қадыр-қасиетін сақтай білу мәселесі күрделі жағдайда көрініс береді.

Информациялық орта оқушының дамуына үлкен ықпалын тигізеді. Оқушы бүкіл әлем туралы хабарды тындап игеруге мүмкіндігі мол, оның алдында бүкіл әлемнің сыры ашылады. Информациялық ортаның тұлғаға ықпалы дұрыс болуы үшін мынадай жағдайлардың ескерілуі шарт:

Оқушы қабылдаған хабарды ақыл-ой елегінен өткізіп, оны талдап қабылдайтын интеллектік (зерделік) сапасы мен рухани күші жоғары болуы тиіс. Метептегі информациялық ортаны ұйымдастыру дегеніміз кітапхана, оқу залын мәдени деңгейде жабдықтау. Сыныптан тыс оқуды дұрыс ұйымдастыру, оқулықтармен қамтамасыз ету, оларды көпшілік алдында дұрыс сөйлей білуге баулу, көпшілік аддында дәріс ұйымдастыру, танымдық кештер ұйымдастыру, реферат түрінде сөйлей білуге үйрету, конференция өткізу т.б.

Егер де Ақиқат ең жоғары құндылық деп есептелсе, ойлау ең жоғары адамға төн сипат, сондықтан оқушының ақыл-ойы мен танымдық қабілетін дамыту маңызды рөл атқарады. Мектепте білімді, мәдениетті адам ең жоғары құрметке ие болуға тиіс.

Сонымен қатар жоғарыда аталған тәрбие ортасынан басқа мектепте психологиялық орта құру да ескеріледі. Мектептегі оқушылардың құқығын қорғау, демократиялық қарым-қатынас құру, оқушының ішкі қажетгілігін камтамасыз ету, психологиялық қысымнан қорғау, жалпы өзінің қорғана алу қажеттілігін іске асыру көзделеді.

Оқушынын іс-әрекеттін ұйымдастыру. Оқушы айналамен

қатынаста іс-әрекетті пайдаланып мәдени құндылықтарды

игереді. Ол үшін іс-әрекеттерді ұйымдастыруға қажетті жағдай жасалуы керек. Мәселен, еңбекке қатысу нәтижесінде материалдық өнім жасай білу. Танымдық істе заңдылықты көре білу. Өзге адаммен қарым-қатынас құрғанда өзінің менін көрсете білу, сонымен қатар өзгенің “Менін” қабыддай білу. Қоғамдық ойды ортаға салып,оны іске асыра білу. Бақытты өмір сүру сырын түсінудің құндылық бағытын анықтау. Спортта дене түзілісін,

сұлулығын, ептілігін қамтамасыз ету. Сонымен, мектепте түрлі істер ұйымдастырылса, онда оқушы өз қызығушылығымен әрекет етеді. Олардың белсенділік қабілеті артады, ішкі ұмтылысы іске асқандықтан оның сол істі жалғастыруға ынтасы артады.

Тәрбие әрекетін жоғары деңгейде ұйымдастыру үшін түрткі болуы тиіс. Түрткінің негізі алуан түрлі болады. Түрткілердің ең қажеттісі адамның рухани дамуын қамтамасыз ету, мәселен, адамгершілік түрткі (біреуге жақсылық жасау үшін), танымдық түрткі (сұлулықты сезіну үшін).

Қорыта келе, тәрбиеші белгілснген іс-әрекетгі тұлғаны қалыптасырудың құралы ретінде тануы тиіс, ал тәрбиеленуші өзі атқарған ісіне тұлғалық мән бере білуі қажет.

Іс-әрекетті ұйымдастыру жағдайында рефлексияның мәні зор. Рефлексия іс тынғаннан кейінгі оқушының көңіл-күйінің бағасы, өткенді өз менімен өлшеуі “Мен не сезіндім? Мені не таңқалдырды?” т.б. “Рефлексия өзінің “Менімен” өзгенің “Менінің” байланысы, өзгені бақылап, оның іс-әрекетінен нені қабылдадым? — деген сұраққа жауап беру. Рефлексияның міндеті өзі тандаған

іс-әрекеттегі ішкі қажеттілік пен шынайылықтың, өзі күткен нәтижемен атқарған ісінің сәйкестігін, өзге мен өзінің іс-әрекетін салыстыру. Рефлексия тудырудың ең қарапайым түрі оқушыға сұрақ беру: “Саған не керек?”, “Осы істі атқарғанда сен не ойладың?” т.с.с. түрткілер ұсыну.

Рефлексияны жазба немесе ойын түрінде де өткізуге болады. Рефлексия кезінде оқушыға ешқандай қысым жасауға болмайды. Кейбір оқушы рефлексия кезінде сөйлемеуі де мүмкін. Рефлексияның мәні өзін бақылауға, өзін-өзі бағалауға, жақсы әдетгің пайда болуына ықпал етеді. Рефлексия бірігіп әрекеттесудің соңғы кезеңін туғызады. Ол өте қысқа мерзімге созылады.

Түйіндей келе, мектеп оқушыны түрлі іс-әрекетке жұмылдырып, өмірге қажетті әлеуметтік құндылықтарға, яғни дағды, іскерлік, қарым-қатынасқа тәрбиелейді. Оқушы неғұрлым кең ауқымда іс-әрекет түрлерімен танысса, оның рухани өмірі жетіліп, оны өз сезімі арқылы игеріп, тұлғалық қасиеті жаңа сапамен толығады.

Тұлғаны дамыту мұғалімнің қызметімен іске асады. Тұлға өзінің іс-әрекетті жағынан субъективті, ақыл-ой, ерік-жігері өз бойында, өмірдің мәнін түсінетін, өзгелермен қарым-қатынас құра алатын, өз тағдырын өз қолымен жасаушы. Тұлғаның рухани дамуы үшін, ол басқалармен үнемі рухани іс-әрекетке түсуі тиіс: “Өмірдің мәні неде?”, “Менің қоғамдағы орным қандай?”, “Мен және өмір”, “Мен және өзге”, “Мен және қоғам”, “Мен және менің жақындарым”, т.б. сұрақтарға жауапты уақыт талабына сай іздестіріп және оларды үнемі жаңартып отырады. Мұғалім оқушының рухани өмірін қамтамасыз ету үшін оның ішкі еркіндігін ескеріп, іс-әрекетті таңдауға мүмкіндік жасауы тиіс. Рухани байлық — шынайы өмірдің кепілі. Тұлға қандай қиындыққа кездессе де, өмірден күдер үзсе де, өмірдің әр сәтін өз мәнінде, тұлғалық кейпінде қабылдап, өзін стратег сезініп, өзін іс-әрекеттін субъектісі деп тануы шарт. Білім беру танымның бір қыры ғана, ол өмірді толық мәнінде түсіндіре алмайды.

Рухани іс-әрекетте объектіні қабылдау, бағалау бір сәтте іске асады. Рухани іс-әрекетге субъект — адам, объект — өмір. “Субъект — объектілік” қатынас адам мен өмір арасында жүреді. Адамның рухани әрекеті — өз өміріні жалпы адамзаттық өмір тұрғысынан қарап тануға жетектейді. Менің өмірімнің мәні неде және оның өмірдегі орны қандай? деген сұрақтарға жауап қарастырады. Рухани ізденіс әр тұлғаның дамуымен бейнеленеді. Рухани іс-әрекет бұл құндылықты игеру бағдарындағы әрекет, әлемдік құбылыстардың әлеуметтік бағытының маңызын түсіну, сол құндылықтарды жеке тұлғаның өзінше сезініп түсінуі. Оқушы өмірдің негізі мен заңдылықтарын өз жанының күш-қуатымен қабылдап (интеллект, эмоция, ерік) түсінеді. Өзі іштей, өмір туралы толғанып сұрақ қойып толғанады, өз өміріне ой жүгіртеді. Міне, осындай әрекетті рухани әрекет деп санап, “рух” деген ұғымды, “материя” ұғымына қарсы қодданамыз. Рухани әрекеттің заттанған нәтижесі көзге көрінбейді. Мәселен, идея, білім, қағида, қатынас, сезім, түрткі. Олар сезінуге келмейтін, заттанбаған, бірақ белгілі субстанция деңгейінде басқаның қабылдауына негізделген түсінік. Идея айтылып, іс-әрекетте бейнеленеді, түрткі іс-әрекетке итермелейді, мақсат шығармашылық жұмыста іске асады, сезіну қабілеті іске асады.

Рухани даму дегеніміз адам өмірінің рухани ортада жүруі. Қажеттілік, қызығушылық, түрткі тұлғаның әлеммен рухани байланысын білдіреді. Төмен деңгейдегі қажеттілік, қызығушьшық, түрткі материалдық орта, сыртқы сфераның дамуын көрсетеді. Мысалы, бірдеңені танып, бірдеңені алу немесе биологиялық мәнде өсіп дамуға қажетті құндылықтар.

Адамдық келбет, кісілік туралы ұғымдар жас жеткіншектің түсінігінде орын алады. Адам — рух иесі. Егер де мұғалімдер оқушьшарды рухани әлемге ендіруді көздесе, онда олар адамзаттың рухани мәдениетінің қорына енген болар еді. Ең алғаш мораль — ата-ананың қарьш-қатынасы және қоғамдағы әлеуметтік адамгершілік қарым-қатынас. Рухани құндылықтарды оқушы мораль, өнер, ғылым арқылы өз бойына сіңіріп, ішкі жан дүниесінде тербеліс пайда болса, онда айналамен бірге қатынасқа іс-әрекет арқылы түсіп, оны өз бойынан өткізеді. Осы сәттегі ішкі дүниенің қозғалысы оның өмірінің мәніне айналады, ал заттық, материалдық мазмұн ішкі мазмұнның құрамына енеді. Ең маңыздысы адам бойында қандай өзгерістің пайда болып, қандай нәтижеге ие болғандығыңда. Бүкіл тәрбие жүйесі оқушыны өмірге философиялық көзбен қарауға тәрбиелеуі керек. Бұл оқушы философия пәнін игеруі тиіс деген сөз емес. Философиялық көзқарас әр істің мәнін, құбылыстың, оқиғаның мәнін іздеу арқылы жүреді. Адамның әр сәті, өмірі осы ізденістерден тұрады.

Философиялық тәрбие оқушының өмір сүру қабілетін дамытуға бағытталады, адам өмірінің заңдылығына бейімделу арқылы мәңгілік өмірлік құндылықтар мен өмір проблемаларын шешуді көздейді.

Мектептегі тәрбиеге философиялық көзқарас тұрғысынан қарау оқушының жас ерекшелігіне қарай

жүргізіледі, яғни оқушы іс-әрекетінің мазмұны, құбылысты қабылдауы, өмірлік төжірибесі жөне абстракциялау деңгейі ескеріледі.

Тәрбие үрдісінің құрылымы. Тәрбие үрдісі тәрбие ортасынан, тәрбиеленушінің іс-әрекеттерінен және оқушылардың өз өмірін қазіргі мәдениет аясында тәрбиелік ортамен және іс-әрекеттің субъектісі деп қарауынан тұрады. Тәрбие жұмысында ерекше индивидуальды орта, іс-әрекет, соған сәйкес индивидуальдық әдіс қолданылады. Осы үлгі отбасы, бақша, мектеп, жоғары оқу орнында сакталады. Тәрбиеде өзгеретін басты компонент — тәрбиенің мақсаты. Екінші мүғалімнің оқушыға деген педагогикалық ұстанымы. Үшінші — әдістеме.

Мұғалімнің қазіргі педагогикадағы жаңа ұстанымы оқушыны табиғи күйінде қабылдау. Бұл бұрынғы педагогтар үшін қиындық туғызады, өйткені олар адамды бір қалыпқа салып тәрбиеледі де, соны үлкен жетістік санады. Баланы табиғи қалпында қабылдау объективті шындық. Олардың өзіндік ерекшелігімен бірге, ортаның ықпалының сезілетіні де, объективті шындық. Баланың табиғи қалпы — барлық жағдайдың әлеуметтік-психологиялық жиынтығы. Баланың тұла бойында, келбетінде жоқ нәрсені талап ету өте қиын. Оқушының қазіргі тұр сипаты оның бұрынғы дамуының нәтижесі. Сондықтан біз тәрбиені оның табиғатына сай жүргізуге тиіспіз. Түлғаны табиғи қалпында, жеке бас ерекшелігін ескеріп, оның “Менін” өз даму деңгейінде көрсетуіне мүмкіндік беріп, баланы кінәламауымыз қажет, себебі ол қоғам мен ата-ана тәрбиесінің туындысы. Оқушыны табиғи қалпында қабылдаудың да шегі болуға тиіс, мәселен, біреуді басынып, оны құрал ретінде пайдалануға болмайды. Бала өзінің тұлғалық ерекшелігін білдіргенде өзгенің мүлдесіне нұқсан келтірмеуі, жанындағы адамның қадыр-қасиетін төмендетпеуі тиіс. Сондықтан біз тәрбиені оның табиғатына сай жүргізуге тиіспіз. Сөйтіп, кейбір балалардың тәртібін лезде түзету қолға алынады.

Мүғалімнің кәсіби икемділігі. Оқушыны табиғи қалпында қабылдауды іске асыру үшін төмендегідей икемділіктерді тәрбиеші іске асыруға міндетті.

— оқушының карым-қатынасыңдағы іс-әрекетіне баса назар аудару және оның қарым-қатынастағы жеке бас ерекшелігін жетілдіру;

— оқушы мен мұғалім пікірлескенде, әрқайсыеының құқығын сақтау, талғам, қабілеттерін ескеру, өз ойларын нақты көрсете білу;

— тәрбиеленушіге ашық баға беруден аулақ болу, көбіне болып жатқан іске өз қатынасын білдіру, қалыптасатын жетістіктер мен қалыптасқан кемшіліктерді көрсету арқылы, оқушының өзіне сенімін арттырады, өзіндік бағасы мен белсенділігі, көңіл-күйі көтеріледі;

— кез келген орындалатын іске сәттілік тілеу, оның жетістігі мен кемшілігін бөлісу, оң пікір білдіру;

— оқушының өзіңдік ерекшелігіне назар аударып, оның қайталанбас “Менін” көрсетуге жағдай жасалса, онда оқушының ұжымда өзін еркін ұстай алу қабілеті, өзін-өзі бақылау, қадыр-қасиетін сақтау іске асады.

Оқушыны табиғи қалпында қабылдап үйренген педагогтың бойында, өзгелерді табиғи қалпында қабылдауға бейімділік қасиет пайда болады. Сонымен, оқушы кез келген адамның қарым-қатынасына байыпты қарап, өзі үнемі үлгілі қатынасқа ұмтылады.

Адамды табиғи қалпында қабылдау үшін этикалық жаттығулар жүргізу қажет. Оны ойын түрінде ұйымдастырады. “Айна алдында” атты ойын. Оқушылар екі қатарға қарама-қарсы орналасады. Бір қатар айна, екінші қатар айнаға қараушы. Айнаға қараушы “Жарқын Айна, айтшы…” Жауап: “Мен… бейнелеймін” деп, отырған адам кейпін суреттейді. Айнаға қараушы “Жарқын Айна, саған рахмет” дейді немесе “Қисық Айна, сен маған әдейі өтірік айтасың” дейді,

Ойында сабырлылық сақталу үшін бірінші мұғалім “Айна” рөлін ойнап көрсетеді. Екі жағдайда да “Айна мен Айнаға қараушы” рөлі ізгілікті болуы тиіс. Мұғалім оқушыларды ойынға икемдеп даярлайды.

Айна рөлін атқарушы өзін сипаттайды: үлкен, кіші, домалақ, төртбұрышты… Бұл өте маңызды кезең, оқушыны ойынға бейімдейді, психологиялық еркіндік туғызады. Қатардағы ойын аяқталғанда, ойынның екінші бөлімі басталады, қатысушылардың орны мен рөлі өзгереді. Бұл ойын оқушыны бірден екі түрлі ұстанымға бағыттайды: өзі біреуге баға береді және оған біреу баға береді. Осыдан барып олар өз іс-әрекеттерін дұрыс құруға ден қояды. Ойыннан соң қысқа рефлексия болады: “Сен өзіңді қалай сезіндің?”, “Сен айнаға қарағанда қобалжыдың ба?”, “Шындықты бетке айту қиын ба?”, “Өз осерің қаңдай болды?”.

Ойынның қорытындысында әр адамның өзіндік ерекшелігі, бір-біріне ұқсамайтыны, адамгершілік қасиет пен кемшіліктерді ажырату ісі жүргізіледі.

Мұғалімнің кәсіби ұстанымы өте маңызды. Ол өз ұстанымын түсініп, рухани күшін шыңдауы тиіс. Соныме қатар, мұғалім өзі тәрбиелейтін ұжымның, тәрби үрдісінің субъектісі екенін түсінуі қажет.

Тәрбие әдісі де қойылған мақсатқа сай, мұғалімнің кәсіби ұстанымына сәйкес өзгереді.

Түйіндей келе, оқушымен карым-қатынастың жа технологиясы іске асады. Онда әлеуметтік құндылық талаптар және оқушының тұлға ретіндегі оны тандау еркі ескеріледі. Тәрбиеші оқушымен қарым-қатынас құрғанда маман деңгейінде өз тәжірибесіне сүйене отырып, оқушының мүмкіндігіне, санасына бой ұрады. Мұғалім оқушы-мен қарым-қатынас құрғанда оқушының қабілетін ашу оған көмек көрсету, оның тәртібін көтеру қазіргі мәдениет деңгейінде жүзеге асырылады. Осы үш мәселені іске асыру — мұғалімнің кәсіби деңгейіндегі икемділігін көрсетеді.

Мектеп бітіруші оқушының тұлғалық үлгісі. Тәрбиенің мақсаты — адамға лайықты өмір сүретін тұлға тәрбиелеу. Адамға лайықты өмір сүруді оқушының ішкі қажеттілігін қанағаттандыру арқылы Мейрімділік, Ақиқат, Сұлулық негізінде қалыптастыру.

Оқушы өз денсаулығын сақтап нығайтуда, салауатты өмір салтын өмірлік ұстанымның құрамдас бөлігі ретінде тануы тиіс.

Оқушы өзінің құқығын қорғай білуі, түрлі өмірлік қиындықтарды жеңе білуі қажет.

Мектеп бітірушінің санасында өмір сүру қағидасы және оның ұстанымдарын білуі шарт.

Оқушы өмірдің мәнін, өзінің өмірлік ұстанымын, “Мен және өмір” деген байланыста анықтауы тиіс.

Оқушы санасында “Мен және қоғам”, әр адамның қоғам алдындағы жауапкершілігі, өз сезімінің басқалардың өміріне ықпалын түсініп, белгілі қоғамдық тәжірибені игеруі қажет.

Адамға лайықты болу мұратын және Мейірімділік, Ақиқат, Сұлулық қағидаларын ұстану, олардың зерделік, парасаттылық, шығармашылық түрінде бейнеленуі.

Оқушы бойында рефлексия қабілетін дамыту.

Оқушы айналасындағы адамдарды табиғи қалпында қабылдай білуі тиіс.

Читайте также: