Жалпыадамзаттық құндылықтар — тұлғаны қалыптастырудың негізі

Мектептің басты міндеттерінің бірі — оқушыларды жалпыадамзат-тық қүндылыққа негіздей отырып тәрбиелеу.

Құндылық деген ұғым философиядағы, қоғамтанудағы жәнс педагогикддағы негізгі құбылыстардың бірі болып табылады. Мөселен, философияда құндылық қоршаған дүниедегі объектілердің әлеуметтік ерекшеліктерін, олардың адам мен қоғам үшін, қоғамдық өмір мен табиғаттағы құбылыстардың дұрыс немесе бұрыс мәнің (игілік, жақсылық пен жаманшылық, әсем және; көріксіздік) түсіндіру үшін қолданылады. Жалпыадамзаттық құндылықтардан философтар, прогресшіл ойшылдар мен педагогтар адамның құқығын, оның бостандығын және соған сәйкес келетін тәрбие мен білімді бөліп қарастырған. Кез келген халықтың өмірінде жалпыадамзаттық құндылықтардың орнығуы қоғамның тарихи дамуының занды нәтижесі болып табылады. Мамандар оқушылардың рухани-адамгершілік тұлғасын қалыптастыру ісі оларға адамзат баласының қолы жеткен қоғамдық-тарихи тәжірибесін игерту және тұтастай алғанда әлеуметтік-этикалық нормалар мен жалпыадамзаттық ізгіліктерді қатар игертуге болатынын дәлелдеп берді. Бұл өлшемдер халықтық дәстүрлерде, адамгершілік уағыздарда, діни мәдениетте нақты жазылып қойылған және әлеуметтік ойдың тәуір белгілері, тұлғаның қасиеттері, адамгершілік үлгілері шоғырландырылған күйде әдептіліктің қоғамда қабылданған үлгісі ретінде көрінеді.

Бүгінде біздің қоғамда дінге деген ынта-ықылас күшеюде. Алайда, оның ұрпақ тәрбиесіне байланысты тәрбиелік үлкен әсері бар құбылыс екенін мойындауға тура келеді. Елімізде жетпіс жыл бойы дін адамның санасын уландыратын апиын деп келген кеңестік дәуірде қалыптасқан көзқарасты бір күнде өзгертуге болмайтынын өмірдің өзі көрсетіп отыр.

Бүгінде дін жөніндегі көзқарас кіріктірушілік қызметімен бірге, қоғамды бұзушы да болып отыр. Мысалы, Косово мен Хорватиядағы, грузиндер мен абхаздар арасындағы ұлттық ала-көздік діни көзқарасқа байланысты туындауда.

Діннің әлеуметтік ақиқат, шындық фактор екенін есте сақтауға тура келеді. Ол адамзат қоғамында адам санасынан тысқары өмір сүрген емес, қоғамдық өмірдегі сананың бір бөлігі болып саналады. Сондықтан оны қоғамнан алшақтатуға болмайды. Ол әлеуметтік өмірдің мәніне кірігіп кеткен құбылыс.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 19-бабында “әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға хақылы” делінген.

Бұл адамдардың қай дінді қабылдаса да, немесе мүлде дінді мойыңдамаса да өз еркі өзінде деген бас бостандығын уағыздауды қолдайтын демократиялық құқық қорғаудан туындаған ұстаным. Конституцияның 14- бабында “тегіне, әлеуметгік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтыда дінге көзкарасына немесе тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды” деп Қазақстан азамат-тарының жеке басының құқығын қорғауды камтамасыз еткен.

Казақстан Республикасының білім беру заңында мемлекеттік саясатының басты бағыты ретінде “мемлекеттік оқу орындарында жастарға діни ұғымнан тысқары ғылыми көзқараста білім беріледі және ол діни бірлестіктерден бөлектелінген” деп мемлекеттің оқу-ағарту саласындағы дін жөніндегі саясаты ашық көрсетілген.

Ата-аналар немесе олардың орнын басушылар өз баласын от басында өз көзқарасынша тәрбиелеуге құқықты, бірақ бұл істе баланы зорлап дінді мойындатуға жол берілмейді.

Дінді оқытуда оны адамзат мәдениетінің бір бөлігі ретінде қарастыру керек. Барлық дінде де сүйііспеншілік, үміт, бейбітшілік, әділдік, ізгілік, қайырымлыдылық деген ұғымдарға бірыңғай көзқарас бар. Жастарды адмгершілік қасисттерге, құндылықтарға тәрбиелеудс дінің таза ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелейтін ұстанымдарына ден қоюға болады. Бүгінгі мектептерде діннің осы ұстанымдарын уағыздай отырып, оқудың ғылыми негізіне баса көңіл бөлуге тура келеді, яғни білім беру мен тәрбие ісінде ғылымилық, оның күнделікті өмірмен байланыстылығы, баланың жас және жеке ерекшеліктерін ескеру, еріктілік ұстанымдарын басты қағида етуді үнемі еске сақтау қажет.

Кез келген халықтың адамгершілік-рухани өмірінің барлық кезеңінде халықтық педагогика үлгілері бай және сан алуан, өйткені ол сан түрлі этникалық ұлыстардың мыңдаған жылғы тәжірибесімен жасалған педагогикалық мәдениеттің ажырамас бөлігі болып табылады. Дәстүрлердің ескісі де, жаңасы да бұрын болмаған өзгерістерге ұшырауда. Бірақ олардағы басты нәрсе — өтіп бара жатқан ұрпақ пен келер ұрпақтьщ арасындағы жанды байланыс сақталып келеді. Сондықтан осы заманғы тәрбиенің мәні халықтар-дың прогрессия ізгілікті дәстүрлерін қайта жандандыру арқылы ұрпақтардың адамгершілігін нығайту болып табылады.

Жоғарыда айтылғандарды еске ала отырнып, ғалым-педагогтар осы заманғы педагогиканың алдында екі басты

міндет тұр деп санайды. Бір жағынан, педагогиканы жалпыәлемдік құндылық деңгейіне көтеруге әрекет жасаған жөн; екінші жағынан барынша жетілген, адамзатгық идеалды құру, жоғары және тұтас екі мәнді мәдени мұраны кіріктіруден пайда болған адами мұрат жасау.

Бұл міндетгерді орындауға жету үшін үйлесімді даму баланың табиғатпен, мәдениетпен үйлесуін көрсете жалпыадамзаттық құндылықты — бостандық пен сүйіспеншілікті ескеру керек.

Осы күнге дейін адамды жоғары құндылық деп тануда, адамның тұлғасына, оның қасиетіне, жақсылық мұратына рухани күшіне құрмет көрсетумен қарау, оны қоғам дамуының елеулі қозғаушы күші деп санау халықтық педагогиканың жалпыадамзаттық мұратының негізгі мәні болып келді.

Халықтардың өмірінде түрлі тарихи дәуірде пайда болған жалпыадамзаттық құндылықтар белгілі бір ұлттың және интернационалдық құндылықтардың жиынтығы, олар бірін-бірі толықтырушы және дамытушы, бірақ олар адамзаттың жалпы мүлдесіне қайшы келмейді.

Жалпыәлемдік құндылықтар — түрлі халықтың, түрлі діннің, түрлі дәуірдің рухани мақсатгарын жақындастыратын, туыс ететін құбылыс. Сол себепті де ол жалпыадамзатгық деп аталады, өйткені олар біртіндеп жинақталды және XX ғасырдың соңында Халықаралық топ алғашқы рет дүниежүзілік тарихта адамның құқықтары туралы халықаралық негізге алынатын қүжаттар жасады (“Адам құқықтарының жалпыға бірдей-Декларациясы”, “Баланың құқықтары туралы конвенция» және т. б.), оларда тәрбиенің методологиясы мен теориясы, оның жаңартылған мақсат, мүлделері қарастырылған.

Мәдени-тарихи тәжірибе дәлелдегендей, жалпыәлемдік құн-дылық болып саналатын: қайырымдылық, сүйіспеншілік, еркінділік дегендерді педагогикада адамгершілік өлшемдердің көрсеткіші деп санайды. Олар, біріншіден, өз бетімен болушылық-пен, ойына келгенді істеушілікпен, адамгершілік тұрғыдан ауа жайылушылықпен, екінші жағынан, қаталдықпен, немқұрайдылық-пен, озбырлықпен, волюнтаризммен сыйыспайды. Сондықтан педагогтар мен тәрбиешілер мәдениет қана негізінен

Пидкасистый П.И. Педагргика. М.: 1996

6адамдардын рухани бейнесін қалыптастыратынын берік есте ұстауы керек. Олай болса, педагогикалық халықтық мәдениет сияқты, педагогикалық дәстүрлік-тұрмыстық мәдениет те ең алдымен жасөспірімнің тұлғасын қалыптастырады. “Халықтық педагогика” деген терминнің мәнін бұқара халықтың педагогикалық санасы, ал “дәстүрлі педагогика” деген терминнің мәні белгілі бір ұлтқа ортақ, этникалық педагогикалық санасы деп қараған жөн1.

Бүгінгі заманғы тарихи жағдайларда осы мәдениеттен педагогикаға “жалпыадамзаттық мақсаттар” деген ұғым енді. Ол қай елде, қандай да болмасын ұлттық мектепте жүзеге асырылмасын, біртұтас әлеуметтік қызметті, мақсатты, тәрбиенің мазмұны мен бағыттылығын көрсетсді. “Жалпыәлемдік мақсаттар” деген ұғымның өзін танымдық, әсерленгіштік және мінез-құлықты қалыптастырушылық сипаттарын қамтитын әлеуметтік мақсат ретінде қарастыру керек. Осы заманғы өркениет жалпыадамзаттық құндылықты бірінші орынға қоя отырып, демократияны, адам құқығын оның маңызды бөліктері деп қарайды.

Тәрбиенің негізі болып саналатын жалпыәлемдік құндылық-тардың бірі — тәрбиенің басқа адамға деген қажеттілігі, басқа адамдарды сүйе білу қажеттілігі болып табылады. Әр адамның тағдыры әрқашан өлемдік дүниемен, адамдармен, ұжыммен байланысты. Сондықтан демократияландыру, адамның құқығы мен бостандығын сақтау жағдайларында ұжымдағы қарым-қатынас мәселелері бұл күнде ерекше маңызға ие болуда.

Ондаған жылдар бойына оқушының жеке басын ұжымдық ықпал ету арқылы қалыптастыру туралы мәселе отандық педагогикалық әдебиетте қарастырылмай келді десе де болады. Тұлға ұжымға сөзсіз бағынуы керек деп саналды. Қазіргі кезде уақыт шешімінің рухына сөйкес адамның терең филососриялық тұжырымдары мен дүниежүзілік педагогикалық ойдың тәжірибесіне сүйене отырып жаңалық іздестіру қажет болып отыр.

Оқушыны ұжымдық қатынастар жүйесіне ендіру аса күрделі, бір мәнді емес, көп жағдайда қарама-қарсы мәнді болып келетін үрдіс. Оқушылар, ұжымның болашақ мүшелері, бір-бірінен денсаулығы, сыртқы пішіні, мінез

1 Христова Е.П. Об уточнении понятийного аппарата этнопедагогики. Советская хроника, 1989, №7, с. 105.

ерекшелігі, көпшілдігі, білімі және басқа көптеген қасиет терімен ерекшеленеді. Сондықтан олар қарым-қатынастар жүйесіне әр түрлі болып енеді. Жолдастары тарапынан түрліше жағдайға тап болады, ал ол ұжымға керісінше әсер етеді.

Ұжымдық қатынастар жүйесіңде жеке бастың жағдайын шын мәнінде дербес, әлеуметгік тәжірибеге байланыс болып келеді.

Мамандардың тұжырымдауынша, ұжымдағы қарым қатынас-тардың әлеуметтік-психологиялық негізін, онда қабылданған құндылықтар құрайды, яғни, ұжым балан өмірі мен қызметіне, оқушының жеке басы мен мінез құлқына аса маңызды және мәнді саналатын қасиеттерд ендіреді.

Бұл — ұжымдағы адамдардың көпшілігі жоғары бағалайтын жеке сапалар мен қылықтар. Сыныпта, мәселені адалдық, қайырым-дылық, ізгілік, батылдық қасиетгер ерекше бағалануы, тіпті тұлғалық сапалар басқалардың еліктеуіне тұратын үлгі ретінде қарастырылуы мүмкін. Осы арада оның күрделі құбылыс болып табылатыньп-ескерген жөн. Оны үш топқа бөлуге болады:

1) ұжымшылдық — тиімді бірлескен қызмет ынтымақ-тастық және ұйьшшылдық орта;

2) ұжымшылдық — топтың, ұжымның мүдделеріне адалдық;

3) ұжымшылдық — көңілдестік, өздігінен түсінушілі басқаларға қамқорлық.

Бұл орайда әрбір оқушыны өзіндік пікірі бар сирек кездесетін тұлға ретінде қарастыру керек. Тәрбиеші кез келген баланы, тіпті ол оның көзқарасымен келіспеген жағдайда да құрметтей білуі керек. Құрмет адамдар көтеріңкі көңіл күй сыйлайды, оған жеке басының құндылығын сезінуге мүмкіңдік туғызады. Басқаларды құрметтей білетін адамның бойында нақты қасиет болады, себебі ол өз бойындағы жылылықты басқаларға ұсына алады. Маңайындағы-ларды құрметтей білмейтін адамның басқаларға ұсынар ештеңесі болмайды.

Құрмет — бұл кейде оның бойында кемшіліктері бола тұрса да, біз бағалайтын қарым-қатынастық қасиет. Басқаша айтқанда, құрмет оның қателеріне қарамастан, адамға деген онды қарьш-қатынас болып табылады. Өз бойында адамдарға деген осындай құрметті тәрбиелеу, ол кез келген адамнан ең алдымен оңды қасиетгерін көре білуді үйренген кезде ғана пайда болатын қасиет.

Читайте также: