Жайық сазы

«Жайық сазы» — Ақжайық ауданындағы халықтық фольклорлық ансамбль. 1987 ж. бұрынғы Тайпақ ауданының Мәдениет үйі жанынан құрылды. 1989 ж. оған «халықтық ансамбль» атағы берілді. Жетекшісі — Құрманғазы атындағы Орал музыкалық училищесінің түлегі С. Зинетов. Ансамбль мүшелері әр түрлі көне ұлттық аспаптарда ойнады. «Жайық сазы» көптеген байқауларға қатысып, өнер көрсетті. 1987 ж. обл. «Ата-баба жолымен» атты театрландырылған көрініске қатысып, 1988 ж. «Одағым үшін ән салам» атты фольклорлық мерекеде, 1991 ж. Ақмола қаласында өткен фольклорлық ансамбльдер байқауында дипломант атанды. Фольклорлық ансамбль репертуарында халықтың «Әгугай», «Арман-ай», Біржан салдың «Көкек», Ақан серінің «Қараторғай» әндері, халық күйлері, билері бар.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *