Етістіктің райлары

Етістіктің райлары
Сөйлемде етістік кимылды, іс-әрекетті, жай-күйді білдіріп қана қоймайды, сонымен бірге сол кимылдың, іс-әрекеттің, жай-күйдін өтуі, бір жағынан, айтушының я сөйлеушінің пкірімен екінші жағынан, ол пікірдің ақикат шындыққа қатысын білдірумен байланысты болып отырады. Мысалы: Ағаш кессең, ұзын кес, қысқартуың оңай, темір кессең, қыска кес, ұзартуың онай (мақал). Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін (А). Жүзі жылы жандарды құшақтағым келеді (Қ. Б.).

Бұл мысалдағы кессең және кес, жазбаймын, құшақтағым келеді деген етістіктер кесу, жазбау, құшақтау кимылын, іс-әрекетін білдіріп қана тұрған жоқ, сонымен бірге сол қимыл, іс әрекеттің орындалу шартын (кессең), орындалуын талап етуін (кес), белгілі бір мезгілде, шақта іске асуын, орындалуын хабарлауды (жазбаймын), орындалу ниетін, жүзеге асуда ықыласын (кұшақтағым келеді) білдіріп, сөйлеушінің шындыққа, болмысқа деген пікірін, көзқарасын айқындап тұр. Бұл мағыналар белгілі грамматикалық тұлғалар аркылы берілген. Мысалдағы кессең де-гендегі шарттылық — се жұрнағы арқылы, кес дегендегі талап ету, бұйрық мәні 2-жақ бұйрықтық тұлға (формасыз тұлға немесе нольдік форма) арқылы, жазбаймын дегеңдегі қимылдың белгілі шақта орындалуы көсемшенің -й жұрнағы арқылы, құшақтағым келеді дегендегі қимылдың болу ниеті, ықыласы етістік түбіріне -ғы жұрнағы және одан кейін тәуелдік жалғауы жалғанып, оған кел көмекші етістігі тіркесу арқылы жасалған.
Сөйтіп, сөйлеушінің сөзі арқылы қимылдың шындыққа катысын, айтушының пікірін, көзқарасын білдіріп, белгілі грамматикалық тұлғалар арқылы жасалатын етістіктің түрі рай категориясы деп аталады.

Етістіктің райлары кимылдың, іс-әрекеттің жүзеге асу, орындалу мүмкіндігіне қарай төрт түрге бөлінеді: ашық рай, бұйрық рай, шартты рай және қалау рай.

1) Сөздің түбірі білдіретін грамматикалық мағынадан өзгеше басқа грамматикалық мағынаның арнайы грамматикалық формасыз, сырттай түбір мен немесе басқа тұлғамен сәйкес түрде берілуін формасыз тұлға немесе нольдік форма деп атайды. Оған мысалы, жіктік жалғаудың 3-жағы (мен келсе-м, ол келсе-), бұйрық райдың 2-жағы (сен кел-,) жатады. Бала, келді, келген деген сөздерді жіктесек (жекеше: мен бала-мын, келді-м, келген-мін 2-ж. сен бала-сың, келді-ң, келген-сің, 3-ж. ол бала-, келді-, келген-,) III жақта жалғанған жалғау жоқ, сен кел, сен оқы дегендегі бұйрықтық мағына арнайы формасыз (жалғаусыз) сырттай етістік түбірімен сәйкес тұлға арқылы беріліп тұр. Ал шынында етістіктің түбірінде бұйрықтык мағына болмайды: келген, келіпті дегенде түбірі — кел, онда ешқандай бұйрықтық мағына жоқ.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *