Европа қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ)

Европа қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) 1990 жылы 29 мамырда болған келісім бойынша халықаралық қаржы мекемесі ретінде құрылған.

Оның құрылтайшыларына барлық Еуропа елдерімен қоса, Албания, АҚШ, Канада, Марокко, Мексика, Египет, Израиль, Жаңа Зеландия, Австралия, Жапония, Оңтүстік Корея, сондай-ақ ЕЭО және Еуропалық инвестиция банкісі жатады. Сонымен қатар, бұл банктің құрылтайшыларына КСРО, Чехославакия және Югославия ыдырағаннан кейін құрылған жаңа мемлекеттер енді. Банк жарғысы бойынша барлық ХВҚ мүшелері ЕҚДБ-нің мүшесі бола алады. ЕКДБ-нің штаб-пәтері Лондонда. Өз жұмысын бұл банк 1991 жылы сәуір айынан бастады.
Банктің жарғысында белгіленгендей ЕҚДБ-нің мақсаты несие және ғылыми-техникалық көмек беру арқылы бұрынғы социалистік елдерге нарықтық экономикаға өтуіне, жеке және кәсіпкерлік бастамаларды дамытуға қолдау көрсетеді.
ЕҚДБ-нің басты міндеті — бұрынғы социалистік елдерге саяси жүйенің өзгеру кезеңінде жаңадан экономикалық және әлеуметтік жағдай жасау үшін инвестиция беру, жекешелендіруге, құрылымдық қайта құру (көлік және байланыс, жол, энергия және коммуникациялармен қамтамасыз ету, тұрғын үй шаруашылығы), табиғатты қорғау, т.б. салаларды қолдау болып табылады.
ЕҚДБ-нің негізгі несие беретін объектілеріне — жеке фирмалар, жаңадан құрылған нарықтық құрылымдар, жекешелендірілген объектілер, бірлескен кәсіпорындар жатады.
ЕҚДБ несиелеу қызметін жүзеге асыра отырып, өз жұмысында дамыған елдердің банкі ісіндегі жалпыға ортақ стандарттарды пайдаланады, экономиканың нақты салала- рына, инфрақұрылымға және экология саласының дамуын-дағы ұзақ мерзімді жоспарларды жүзеге асыруда жеке инвесторлармен, коммерциялық, орталық банктермен, Үкіметтермен серіктесіп жұмыс жасайды.
ЕҚДБ-нің жұмысындағы маңызды аспекті — басқаратын кадрларды дайындау, әр саладағы нарық кадрларының біліктілігін арттыру. ЕҚЦБ бастамасымен ХВҚ, Дүниежүзілік банк, ЕО және басқалармен бірігіп бұрынғы социалистік елдердің нарықтық экономика үшін банктік және шаруашылық кадрларды дайындауға байланысты міндеттерді шешуге көмек беретін Біріккен Венск институ-ты кұрылды. ЕҚЦБ-нің жарғылық капиталында ЕО елдері квотасы 51%, Орта және Шығыс Еуропа елдері, ЕО-нің мүшесі емес елдері — 13%, қалған Еуропалық емес елдердікі — 24%, олардың ішінде АҚШ үлесі (10%) құрайды. Еуропа елдерінің ішінде Италия, Германия, Ұлыбритания, Франция елдері әр қайсысы — 8,5% иеленеді. Сол сияқты Жапония да ЕҚДБ-ның жарғылық капиталының 8,5% үлесін иемденеді.
ЕКДБ жарғысы бойынша оған 10 млрд. ЭКЮ-ге акция шығаруға рұқсат етілген. Мұндағы 1 акция 10 мың ЭКЮ номиналына бөлінген.
ЕҚЦБ-нің несие қоры жай ресурстар мен арнайы қор-лардың қаражаттарынан тұрады. Жай ресурстар құрамы-на: а) шығаруға рұқсат берілген акционерлік капитал; ә) әлемдік капиталдар нарығынан алған заемдық қаражат; б) заемдарды қайтарудан түскен каражат пен кепілдіктен түс-кен қаражат, сондай-ақ акционерлік капиталға инвестиция-лаудан түскен түсім; в) арнайы қорға жатпайтын ЕҚДБ-нің басқа қаражаты мен табыстары.
Арнайы қорға, арнайы жіберілген қаражаттар, инвести-циялардан алған табыстар кіреді. Арнайы қорлардың қара-жаты көбінесе тиімділігі төмен әлеуметтік салаларға, несие беруге техникалық көмек көрсетуге жұмсалады.
Өз қызметінде ЕКДБ операцияның әр түрлі формаларын қолданады: жекешелендірілген сектордың кәсіпорындарына несие беру, капиталға инвестициялау, бағалы қағаздарды орналастыру, кәсіпорындарға несие нарығына жету үшін кепілдік беру, ғылыми-техникалық көмек көрсету және займдар беру.
ЕКДБ экспорттық несиеге кепілдеме бермейді және сақтандыру жұмысымен айналыспайды.
Жоғарыдағы операцияларды орындау үшін ЕҚДБ мына бағыттарға қаражат жұмсайды, олар: энергетика, инфрақұ-рылым, көлік, телекоммуникация, экология, агробизенс, қаржы секторы мен жекешелендіру.
ЕҚДБ ұйымдық құрылымы бойынша өзге халықаралық қаржы институттарынан айырмашылығы жоқ. ЕКДБ-нің
басқару жұмысын басқару кеңесі, директорлар кеңесі және президент атқарады. Басқару кеңесіне — әр қатысушы банк-тен 2 өкіл кіреді. Әр жыл сайын болатын жиналыста кеңес өз басшысын төраға ретінде сайлайды.
Басқару кеңесі өкілетілігінің бір бөлігін директорлар кеңесіне жіктеуі мүмкін. Директорлар кеңесі — басты атқа-рушы орган болып табылады. Ол 23 мүшеден құралады: директордың 11-і ЕО және ЕИБ-ге мүше болған елдерден сайланады, 4-і Орталық және Шығыс елдерінен; 4-і қалған Еуропа елдерінен; 4-і Еуропалық емес елдерден сайланады. Мүше болған директорлар 3 жылға сайланады.
Басқару кеңесі 4 жылға ЕҚДБ Президентін сайлайды. Ол директорлар кеңесінің басқаруымен ЕКДБ ағымдағы қыз-метін басқарады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *