Дөңгелек ауыздылар

Дөңгелек ауыздылар (Сусlоstоmаtа) Жалпы сипаттама. Дөңгелек ауыздылар осы кезде тіршілік омыртқалылардың ішіндегі өте қарапайым құрылысты жануарлар. Осыған сәйкес олардың жартылай немесе толық паразиттік тіршілік жағдайына бейімделген өзіндік белгілері бар.

Сырт пішіні мен,тіршілік әрекетіне қарағанда, олар балықтарға ұқсас, ал кейбір ерекше белгілері, оларды омыртқалылардың ерекше тармағына жатқызады.
Дөңгелек ауыздылардың аяктары мен жактары болмайды. Мұның өзі олардың құрылысының қарапайым екенін көрсетеді. Иіс капсуласы біреу, ол бір ғана танау тесігі арқылы сыртқа ашылады. Желбезек аппараты эндодермадан пайда болған жапырақшалары бар желбезек қапшықтарынан тұрады. Сондықтан бұл класты қапшық желбезектілер деп атайды. Паразиттік тіршілік етуіне байланысты, сорғыш воронка-ларының түп жағында ауыз тесігі болады. Дөңгелек ауыздылар деп аталуы да осыған байланысты. Олардың мүйізді тістері болады, терісі жалаңаш, бірақ оның бездері соншалықты көп болады.
ДЕНЕ ҚҰРЫЛЫСЫ
Сыртқы көрінісі. Денесі балықтардың денесі сияқты ұзын және үш бөлімнен: бас, көкірек және құйрық бөлімдерінен тұрады, аяқтары болмайды. Құйрық қанаттары сыртқы және ішкі құрылысына сәйкес симметриялы орналасқан, оларды протоцеркальды деп атайды. Жиектері өскіншектерімен шашақталған басының алдыңғы жағында сорғыш воронкасы бар. Мүйізді тістері воронканьщ ішіндегі етті тілдің ұш жағына орналасқан. Эпидермисті, жалаңаш терісінде безді клеткалары көп болады және олар тері үстіне көп шырын шығарып тұрады. Миногаларда дара танау тесігі екі көзінің аралығына, басының үстіне таман, ал миксиндерде басынын, алдыңғы жағына орналасады. Аналь және зәр — жыныстық тесіктер кеуде мен кұйрық бөлімінің шекарасында орналасады да сыртқа ашылатын әрқайсысының жеке жолдары болады.
Денесінің арқа және құйрық жағындағы еттері карапайым құрылысты болады. Олар қабат-қабат болып жатқан миомер-лерден құралады, ал миомерлер өз ара жабын дәнекер миосепталар арқылы жіктеліп тұрады. Желбезек қапшықтары, ауыз воронкасы мен тіл сақиналы еттерден құралады. Ет системасының көпшілігі жақсы жетіліп жіктелмеген, бұл олардың құрылысының аса күрделі
Тұлға мен құйрық бөлімдерінің скелеті негізінен хордадаи тұрады. Хорданың сыртын және оның үстінде орналасқан нерв түтігін дәнекер тканьнен тұратын қалың кабық қаптап тұрады. Бұл дәнекер тканьдерінде омыртқаның, жоғарғы доғасының алғашқы нұсқасы болатын көптеген жұп шеміршектер орналасқан. Осы шеміршектердің хорданың жоғарғы жиегіне жалғасуы нәтижесінде қуыс пайда болады, осы қуыста жұлын жатады.
Бұларда ми сауытының құрылысы да қарапайым болады. Ол мидың астыңғы жағында төселіп жататын шеміршек плас-тинкасынан ғана тұрады. Осы пластинканың ортасындағы тесі-гінен гипофиздік өсінді өтеді. Бұл пластинканың бүйіріне шеміршекті есту капсуласы жалғасады, ал алдыңғы жағында шеміршекті иіс капсуласы жатады. Демек, дөңгелек ауыздыларда ми сауыты әлі жоқ, мидың үстіңгі беті жарғақпен қапталып тұрады.
Миногалардың висцеральдық скелеті жіктелмеген тоғыз желбезек доғасынан тұрады, олар өз ара төрт шеміршек тяжімен байланысады. Осы айтылған шеміршектер системасына арт жағынан шеміршекті жүрек қалтасы жалғасады. Желбезек коробкасының алдыңғы жағынан екі ұлтарақ тәрізді шеміршектер мен көз асты шеміршектері жалғасады, олар түрі езгерген желбезек доғалары болып саналады. Миксиндердің желбезек коробкасы жетілмеген, ол тек қана алғашқы нұсқасы түрінде ғана болады.
Ми сауыты мен висцеральдық скелеттің негізгі ерекшелікте-рі: жақтың, ми сауытының болмауы, желбезек доғасының жік-телмеуі және ауыз воронкасында күрделі шеміршекті система-сының болуы т. б. жатады.
Ас қорыту органдары — воронкадан, тілден, жұтқыншақтан және ішектен құралады. Ауыздың алдыңғы жағында ішінде мүйізді тістері бар воронка орналасқан. Етті тілінде де тістері болады. Воронканың түбінде жатқан ауыз қуысы жұтқыншақ-пен жалғасады. Жұтқыншақ екі тарамға бөлінеді: жоғарғы тарамымен қоректік заттар ішке қарай кетеді де, ал төменгі тарамы тұйықталып, желбезек қапшықтарымен байланысады. Қарыны дамымағандықтан өңеш бірден ішекке келіп жалғасады, олардың түйіскен жерінде клапаны болады. Ішек-тер бөлімдерге бөлінбегендіктен құрышталмайды. Ішектердің ішінде винт тәрізді қатпарларының, спираль тәрізді клапанда-рының болуы ішектің сіңіру бетін ұлғайтады да, тамақтың ішек қуысынан өтуін баяулатып, оның толық корытылуына себепші болады.
Ішектің алдыңғы бөлімінен бауыр дамиды, ал ұйқы безі же-тілмеген.
Желбезек аппараты. Денесінің ұзына бойына бас бөлімінің екі жағынан 7 пар желбезек тесіктері ашылады. Осы тесіктерді қуалай желбезекті ішіне қарай жарып қарағанда, онда көптеген желбезек пластинкаларынын. болатынын байқауға болады. Осы пластинкаларда қан тамырының торы құралады. Желбезек қапшығынық екінші жағындағы ішкі желбезек жол-дары жұтқыншаққа барып жалғасады. Дөңгелек ауыздыларда ғана желбезек аппараты энтодермальдық қабаттан пайда бо-лады, ал басқа желбезекпен тыныс алатын омыртқалылардың желбезек аппараты эктодермадан дамиды.
Тыныс алғанда су желбезек тесіктерінен желбезек қапшық-тарына еніп, ал тыныс шығарганда осы жолмен қайта шығарылады.
Желбезек қапшықтары 5-тен 15-ке дейін болады.
Қан айналу органдары. Дөңгелек ауыздылардың қан жүретін органдарының құрылысы ланцетниктікіндей болады. Бірақ олардың екі камерадан (жүрекшеге, қарынша) тұратын жүрегі болады. Жүрекшеге жұқа қабырғалы веноздық синус (вена қолтығы) жалғасады, оған барлық вена тамырлары қосылады. Құрсақ қолқасынан 8 пар қан алып келгіш желбезек артериясы кетеді. Олар желбезек аралықтарына барады. Әрбір артерия бүтін желбезек қапшығын қанмен қамтамасыз етпейді, ол екі желбезек аралық қатпарға қан алып келеді, анығырақ айтканда, алдыңғы желбезек қапшығының артқы жартысына және одан кейінгі желбезектің алдықғы жарты-сына қан жеткізеді.
Қанды алып кететін желбезек артериялары қолқаның дара түбіріне келіп құйылады, одан алға карай ұйқы артериялары кетеді де ал қолқа түбірі артқа созылып, негізгі арқа қолқасы болып есептеледі. Арқа қолқасы хорданың астымен қуалай отырып, дененің артқы бөлімдеріне артерия қанын таратады. Вена қаны бастан шықшыттың қос веналарымен келіп вена қуысына құйылады. Дененің артқы бөліміндегі вена қаны артқы қос кардиналдық веналарымен келіп, осы вена қуысына құйылады. Ішектерден жиналған вена қаны ішек асты вена мен бауырға келіп, мұнда қан айналуының қақпалық системасы пайда болады. Бауырдағы қан бауыр венасымен келіп вена қуысына құйылады. Бүйректе қан тамырларының қақпалық системасы болмайды.
Нерв системасы. Дөңгелек ауыздылардың миы бес бөлімнен:алдыңғы (tеlепсерһаlоп), аралық (dіепсерһаlоп), ортаңғы (mеsепсерһаlоп), мишық (mеtепсерһаlоп), сопақша мидан (mуеlепсерһаlоп) тұрады. Әсіресе алдыңғы ми және мишық басқа омыртқалылардың миынан кішірек. Көрсетілген ми бөлімдері бір тегістікте орналасқан, ал жоғарғы дамыған омыртқалылардікі секілді олардың иректері болмайды. Ми қақпағында нервтік заттар болмайды, ол дерлік эпителиядан тұрады. Аралық мидың үстіңгі жағында көру төбешіктері мен эпифиз, ал оның төменгі жағында ми воронкасымен гипофиз орналасқан.
Мидан 10 пар нерв тарайды. Жұлын нервтері екі түбірлі бо-лып (арқа және құрсақ) кеткенімен, бұлар басқа омыртқалы-лардың нервтері сияқты бір-бірімен косылмайды, сондыктан ондай нерв аралас нерв болмайды.
Сезім органдары — өте қарапайым. Есіту органы ішкі құлақтан ғана тұрады. Көздері де нашар жетілген. Миногала-рының қасаң қабығы жетілмеген, ал миксиндердің паразиттік тіршілігіне байланысты көздері өте нашар жетілген. Иіс орга-ны дара болғанымен иіс нервтері жұп болады. Иіс қапшықша-сының түп жағынан іші қуыс өсінді шығып, мидын, астынан хорданың бастамасына дейін созылады. Бұл өсіндінің атқаратын қызметі толық анықталмаған. Шамалы ғана ойыстанған бүйір сызығының түбінде кезеген нервтің ұштары жатады.
Зәр шығару органдары — мезонефрикалық (теsоперһгоs) бүйректерден құралады. Бұлардың алдыңғы бөліміне пронефростың (ргоперһгоs) қалдықтары жалғасады. Зәр заттарын шығару түтігінің қызметін вольфов каналдары атқарады. Бұл каналдар зәр-жыныс қуысына барып ұштасады.
Жыныс бездері — дара, олардың арнаулы түтіктері болмайды. Жыныстық клеткалар — гонаданың қабырғасын жарып, денесінің ішіне құйылады. Одан арнаулы тесіктер арқылы зәр-жыныс қуысына құйылып, зәр-түтік өзегі арқылы сыртқа шығарылады. Миксиндер қос жынысты болады (гермафродит).

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *