Дүниетаным құрылымы

Дүниетаным құрылымы. Тұтас-психикалық білім ретінде дүниетаным — күрделі де көп аспектілі құрылым. Оның өзегі -теоретикалық ойлау, жоғары интеллектуалды сезімдерді білдіру, саналы мақсатты ерік-жігердің дамытан қабілеттілігімен үйлесімді көзқарастар мен сенімдер.

Көзқарастар — адамның қол жеткізген идеялары, білімдері, теориялық тұжырымдар мен болжамдар ретінде қабылдаулары. Олар табиғат пен қоғам құбылыстарын түсіндіріп, адамның мінез-құлық, іс-әрекет пен қатынастардың бағыт-бағдары қызметін атқарады.
И.Ф.Харламов айтқандай әр адамның дүниетанымдық көзқарастары ұзақ, күрделі интеллектуальдық іс-әрекет нәтижесінде қалыптасады. Ал көзқарастар болса өз кезегінде оның рухани мәдениетінің, оның «Мен» деген сезімінің мәнісін ашып, оның өмірлік ұстанымдарының, ар-ожданының негізін құрайды. Сенім — көзқарастардың сапа жағынан мейлінше жоғары күйі. Сенім білім сияқты объективті дүниенің субъективті көрінісі, адамдардың ұжымды жеке тәжірибесін меңгергенінің нәтижесі. Сенім әлде бір «білетін» немесе «түсінетін» емес, ол — жеке тұлғаның ішкі ұстанымдарына айналған білім.
Қазіргі уақытта сенім дүниетанымның өзегі «бастапқы», «элементарлық кереге көзі» болып табылады деген ережені терең негіздеу деп санауға болады.
Сенім дүнетанымның ұйтқысы дегенді әлеуметтік және педагогикалық маңызы жағынан бағалау қиын. Олардың адамның өмір жолын анықтаудағы, мінез-құлқын қалыптастырудағы рөлі әрбір педагогқа, әрбір оқушыға түсінікті болуы керек. Тек меңгерілген білім ғана емес, ал сол сенімнін өзі адамды белсендіретін шынайы күш, оны жетілдіретін анық қылықтар, қолжеткізген білімі және солар үшін күресу болып табылады (Волков К.Н.).
Сол білім мен ойлар сенімге айналады, ол адамның өзін және әлемді қайта өзгертетін материалдық күшке еніп, әлем мен адамнын өзін құрады.
Егер білім дүниетаным жүйесінің басым мазмұндық компоненттері болып саналса, онда сенім білімге және шынайы ақиқатқа деген эмоциональдық-психологиялық қарым-қатынас және адамгершілік маңыздылыққа ие болады.
Дүниетанымның маңызды рөлі психологиялық, әлеуметтік-психологиялық және эмоциональдық кездері болып табылады және олар адамның мінез-құлқы мен көңіл күйін анықтайды, соңында іс-әрекетке дайындайды. Тек сенім білім арқылы өсетін жеке тұлға белсенділігінің негізгі көзі болып табылады.
Реттеуші қызмет атқара отырып сенім жеке тұлғаның тұтас рухани, құндылық бағыттарын, мақсат-мүдделерін, тілек-қажеттілігін, сезім мен қылықтарын анықтайды. Олар қоғамдық мақсат-мүдделердің объективті’ талаптарынан, адамның танып білген қажеттілігіне сәйкес әрекеттен туындайды. Сенім жеке тұлғаның қазіргі уақытта іс-әрекетін басшылыққа алып, оның болашақ өмір жолын анықтайды. Сенім — жеке тұлғаның өз құндылық бағыттары мен көзқарастарына сәйкес қызмет-әрекет етуге итермелейтін саналы қажеттілігі. Адамның сенім жүйесі -оның дүниетаным көрінісі. Сезім — сенімнің үйлесімді қасиеті. Сенімді өмірде басшылыққа алу таным қуанышы мен ақиқат шындығының, сұлулыққа эстетикалық сүйсіну мен оған берілгендік, әлеуметтік оптимизм мен мақсаттылық сияқты интеллектуалды сезімдермен байланысты.
Қажымас ерік-жігер — дүниетанымның маңызды элементі. Сенім адамды іс-әрекетке итермелейді. Ғылыми дүниетаным теориялық санамен шектеліп қана қоймай, тәжірибеде сана мен жігерді іс-әрекетпен біріктіреді. Дүниетаным элементі ретінде теориялық ойлау дегеніміз — адамның білімдерді, болмыстың құбылыстарын шығармашылық түрде түсініп-ұғыну, дүниетанымды мейлінше жетілдіру, ерік-жігерді сенімді іске асыруға бағыттаудың қабілетті.
Сенім мен идеал адамның өмірлік мақсаттары ретінде дүниетанымның ең маңызды құрамды бөлігі болып табылады.
Сананың мазмұны сенім сипатына ие болған жағдайда дүниетанымға айналады.
Осыған байланысты тұлғаның дүниетаным феномені -тұлғаның интеллектуальды және эмоциональды- ерік сипатын өзіне жинақтаған, әлеуметгік мәдениеттің сол бөлігіне назар аударған, іс-әрекеттің жалпы бейнесін жоғары деңгейде ерекшелеген іс-әрекетке дайындық.
Л.И.Божович ұсынысы бойынша жеке тұлғаның дүниетанымы — салыстырмалы түрде кеш келетін құбылыс, ол жеткіншек шақта пайда болатын, жалпы тәрбиелік бағыттылық, дүниетаным мен дүниені сезіну жүйесі болып табылады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *