Дүниетанымды калыптастырудын жолдары мен құралдары

Дүниетанымды калыптастырудын жолдары мен құралдары. Дүниетанымнын қалыптасуы педагогикалық процесс ретінде, объективті түрде әдіснамалық идеялардың реттелген жиынтығын оқушылар игілігіне айналдыруды талап етеді.

Оқушылар материалистік диалектиканың мынадай зандары мен категорияларын игерулері қажет: дүниенің материалдығы мен танымдылығы; қозғалыс — материяның өмір сүру формасы ретінде; материяның бірінші, сананың екінші болуы; қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресі; себепті байланыс -болмыстың жалпы заңы; сандық өзгерістердің мөлшерден шығып кетуі мен олардың сапалық өзгерістерге айналуы; дамудың үздіксіздігі мен үздіктігі; себеп пен салдар диалектикасы; құбылыс — мәнділіктін көрінісі ретінде; мүмкіндік пен шындық; практика -таным негізі, ақиқат өлшемі.
Дүниетаным қалыптасуының біртұтас процесі білім берудегі сабақтастық, оқу пәндері арасындағы өзара байланыс арқылы жүзеге асады. Оқыту — оқытушы мен оқушының бірлескен іс-әрекетімен сипатталады, іс-әрекеттің мақсаты — оқушыларды дамыту, олардың бойында білім, білік, дағдыларды, яғни нақты бір іс-әрекеттің жалпы бағыттық негізін қалыптастыру.
Кез келген аналитикалық-жүйелік іс-әрекеттің нәтижесінде (түсінікте, идеалдарда, теорияларда) білім де, іс-әрекет әдіс-тәсілдері де бар. Бұл танымның әр түрлі жақтары, бірақ бұл процесте ең басты орында білім тұрады. Осының барлығы оқушы бойында білім мен білікке қоса ойлау мен әрекет ете алуды дамытуды талап етеді. Ғылыми білім құрылымында екі деңгей бар: эмпирикалық және теориялық. Олар объективті болмысты көлемірек, тереңірек және толығырақ суреттеуі бойынша ажыратылады. Дүниетаным жекелеген білімдерден емес, заманның талабына сай білімдердің құрылымын қамтитын, әдіснамалық идеялар, теориялар мен принциптер негізінде ұйымдастырылатын жүйе. Оқушылардың меңгерген білімдер жүйесі әрдайым қозғалыста болады, басқа жүйелермен қатынасқа түсіп, оларды пайдалану міндеттеріне сәйкес жалғасады.
Оқыту — оқушылардың ғылыми білімдерді, білік пен дағдыларды меңгерудегі, шығармашылық қабілеттілігінің, дүниетанымы мен адамгершілік-эстетикалық көзқарастарының дамуындағы белсенді оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру мен ынталандырудың мақсатты педагогикалық процесі. Оқыту, адамның іс-әрекетін белгілі бір білімдерді, білік пен дағдыларды меңгерудің саналы мақсаты билеген кезде қызмет-әрекет ретінде жүзеге асады. «Түсініктерді, ұғымдарды, заңдарды оқушылардың басына жаттанды түрде сіңіруге болмайды. Оларды оқушының өзі, мұғалімнің басшылығымен, көмегімен қалыптастыруы қажет. Білім түсініктердің пайда болуы, заңдарды жете түсіну — оқушының ойлау мен іс-әрекетінің белсенді процесі» (М. Н. Скаткин).
Оқу оқушылардың іс-әрекетінің басты нәтижесі олардың бойында теориялық сана мен ойлаудың қалыптасуы болып табылады. Оқу іс-әрекетінің психологиялық мазмұны іс-әрекеттің жалпы тәсілдерін, білімдерді меңгеру болып табылады.
Білімдер сенімге айналу үшін, жеке тұлғаның қажеттіліктерінен, әлеуметтік үміт пен құндылық бағыттарынан биік болып түрған көзқарастарының жалпы жүйесіне және оның сезіміне айналуы қажет. Оқушылардың жағымды эмоционалдық күйі, олардың жеке тәжірибесіне, әлеуметтік-психологиялык жағдайына сүйенеді.
Оқу мен еңбек, қоғамдық іс-әрекет оқушыларды әлеуметтік, жан-жақты ақпаратпен, саяси қарым-қатынас тәжірибесімен қаруландырады. Ол оқушының ішкі жан-дүниесіне, жеке тұлғаның белсенді жасампаздық қажеттілігін дамытады.
Өзін-өзі бақылауга арналган сұрақтар
1) «Дүниетаным» ұғымының мазмұны қандай?.
2) Дүниетаным құрылымы қандай?
3) Оқушының жеке тұлғалық дүниетанымының қалыптасу ерекшеліктерін сипаттаңыз.
4) Дүниетаным құрылымындағы сенімнің орнын анықтаңыз.
5) Дүниетанымның қальштасуының негізгі заңдьшықтарын сипаттаңыз.
6) Оқыту процесіндегі дүниетаным мен оқушылардың іс-әрекеті арасында қандай байланыс бар?
7) Адамның сенімі мен оның өмір салты арасында қандай байланыс бар?

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *