Дыбыс үндестігі

Дыбыс үндестігі
Түбір мен қосымшаның жігіндегі, сөз бен сөздің арасындағы дауысты және дауыссыз дыбыстардың көршілес дауыссыз дыбыстарға ілгерінді-кейінді ыкпал етіп өзгертуін дыбыс үндестігі (ассимиляция) дейді.
Қазақ тілінде дыбыс үндестігінін үш түрі бар: ілгерінді ықпал, кейінді ықпал және тоғыспалы ықпал.

ІЛГЕРІНДІ ЫҚПАЛ
Сөз ішінде немесе сөздер аралығында алғашқы дыбыстың өзінен кейінгі дыбысқа әсерін тигізіп тұруын ілгерінді ықпал дейміз.
а) Сөздің соңғы дыбысы дауысты, я үнді, я ұяң дауыссыз дыбыстардың бірі болса, дауыссыздан басталатын қосымшаның бірінші дыбысы не үнді, не ұяң болады.
Мысалы: бала-лар (бала-дар не бала-тар емес), күздік (күз-тік емес), қар-лы (қар-ды, қар-ты емес).
ә) Сөздің соңғы дыбысы қатаң болса, не сөз б, в, г, д дыбыстарының біріне аяқталса, оған қатаң дыбыстан басталатын қосымша жалғанады.
Мысалы: от-пен (от-бен я от-мен емес), космос-қа (космос-ға я космос-да емес), Ленинград-қа (Ленинград-ға емес).
б) Біріккен сөздердің, сөз тіркесінің алғашқы сыңары қатаң болып, соңғы сыңары ұяңнан басталса да ол қатаңға айналады, бірақ жазғанда түбірі сақталады.
Мысалы:
айтылуы: жазылуы:
Қоныспек Қонысбек
Тыныспек Тынысбек
тас пер тас бер

в) Біріккен сөздердін, сөз тіркесінің алғашқы сыңары дауыстыға, я үндіге, я ұяңға аяқталып, екінші сыңары қатаң дыбыстан басталса, айтылуда қатаң дыбыс ұяңданып естіледі, бірақ жазғанда түбірі сақталады.
Мысалы:
айтылуы: жазылуы:
Жанағорған Жаңакорған
кім гелді? кім келді?

КЕЙІНДІ ЫҚПАЛ
Сөз ішінде немесе сөздер аралығында кейінгі дыбыстың өзінен бұрынғы дыбысқа әсер етіп өзгертуін кейінді ықпал дейміз.
Сөздің соңғы дыбысы қатаң п, қ, к болып, жалғанатын қосымша дауыстыдан басталса, олар ұяң сыңарларына (п-б, к-г, қ-ғ болып) айналады, кейде п дыбысы у-ға айналады.
Мысалы:- күрек — күрегі, доп — добы, тарақ — тарағы, тап — таба, тауып — (тапып емес).
Кейінді ықпалдың жазуда ескерілмейтін түрі де бар:
а) Сөздің соңғы дыбысы н болса, жалғанатын қосымшалар қ, ғ, г, б, п дыбыстарынан басталғанда, н өзгеріп ң не м болып айтылады, бірақ жазғанда түбірі сақталады. Осылайша дауыссыздардың үндесуі біріккен сөздер мен сөз тіркестерінің арасыңца да болады.
Мысалы:
айтылуы: жазылуы:
Жампейіс Жанпейіс
Ермағамбет Ермағанбет

ә) Түбірдің соңғы с, з дыбыстарының бірі ш дыбысының алдынан келсе, олар айтылуда ш дыбысы болып естіледі.
Мысалы: айтылуы: жазылуы:
ашшы асшы
колхошшы колхозшы

б) Түбірдің соңгы дыбысы з болып, одан кейін с, ж дыбыстарының бірі келсе, з дыбысы с дыбысына не ж дыбысына айналады.

Мысалы: айтылуы: жазылуы
түс сал тұз сал
жасса жазса
божжігіт бозжігіт

ТОҒЫСПАЛЫ ЫҚПАЛ.
Сөз тіркестерінің, біріккен сөз сыңарларының аралығындагы көршілес дыбыстардың бір-біріне қатар ілгерінді де, кейінді де әсер етіп, екеуінің де басқа дыбысқа ауысуын тоғыспалы ықпал дейміз. Бірақ жазуда бұл дыбыстық өзгеріс ескерілмейді.
Мысалы: айтылуы: жазылуы:
Дошшан Досжан
Жаңгожа Жанқожа

Читайте также:

комментариев 6

  1. hadisha:

    спс всем

  2. надя:

    коп рахмет

  3. эльвира турганова:

    00

  4. Дарига Ашмакын:

    спс

  5. Аружан:

    Рахмет мен де жазып алған едім

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *