ДЕСТЕЛЕУІШ ЖАТКАЛАР МЕН ЖИНАУЫШТАР

ЖВН-6, ЖБА-3,5А, ЖРС-4.9А, ЖНТ-2,1  және ЖШН-6 дестелеуіш жаткалары. ЖВН-6 жаткасы. ЖВН-6 дестелеуіш жаткасы туралы кейбір мәліметтер 4-параграфта берілген болатын. Енді оған жан-жақты тоқтала кетейік.

 

Жатканың эксцентрикті немесе кәдімгі (радиалды) қалбағаймен қамтамасыз етілуі мүмкін.

Жатканың алым ені 6 м. Алайда түсімі өте жоғары егінді жинау кезінде десте үлкен болғанда алым енін 5 метрге дейін шектеген дұрыс. Ол үшін сыртка шығаратын терезенің жанына қырку аппаратының үстіне шектеуіш қондырылады. Шектеуіш ретінде, алым ені 4,1 м комбайндық жатканың қырқу аппаратының ол жағына жинауыш орнатқан кезде қойылатын қалақша пайдала-нылады. Қалақшаны орнату үшін қырқу аппаратының саусақтарын бекітуге арналған екі болтты пайдаланады.

Жатка егістін, бетін көлденең бағытта оң жағымен +- 170 мил-лиметрге, ал сол жағымен +- 265 миллиметрге көшірмелейді. Бой-лық көшірмелеуі басқа комбайн жаткаларынікі сияқты +- 150 мм.

 

Қалбағайдың айналыс жиілігін 22—58 айналыс/минут шегінде вариатормен реттеуге болады. Қалбағайдың сақтандырғыш муф-тасын 10 кгс. м (100 Н. м) айналыс моментіне реттейді.

 

Жаткаға универсалды немесе кәдімгі (радиалды) қалбағайды орнатуға болады. Егер қалбағай универсалды болса, онда гидро-цилиндрді таяныштарға алдыңғы қалпында жалғастырады. Кәдімгі қалбағай болса оларды артқы қалпында жалғастырады.

 

Қалбағайдың қырқу аппаратының, аспа және теңестіру меха-низмдерінің қызметі мен реттелуі комбайн жаткаларынікі сияқты. ЖВН-6 дестелеуіш жаткасын молотилкаға қосу комбайн жаткасын қосқанға ұқсас.

 

Алғашқы шығарылған ЖВН-6 жаткалары кенепті- тақтайшалы транспортермен жабдықталған. 1969 ж . бастап оларға белдікті- тақтайшалы транспортерлер орнатыла бастады.

 

Эксцентрикті қалбағайы бар ЖВН-6 жаткасының массасы; 1170кг (+-3%).

Жатканың жұмыс органдарына қозғалыс мынандай ретпен бе-ріледі. Корпус аспасының жоғарғы білігінің оң жақ ұшындағы; шкив молотилканың алдыңғы қарсы жетегінің білігі арқылы қозғалысқа түседі. Бұл біліктің сол жақ ұшында қос кертікті щкив, бекітілген. Одан төмендегі білікке орнатылған шкивке айналыс’ екі белдік (корпус аспасының төменгі жағынан өтетін) арқылы жеткізіледі.

 

Топсалы телескоптық білік төменгі білікті конус тәрізді бері-лістер қорабына қосады. Қораптың бойлық білігіне жұлдызша мен шалғы шатунының эксцентригі кигізілген, ал көлденең білік тран- спортердің жетекші білікшесін қозғалысқа түсіреді. Қозғалыс жұлдызшадан вариаторға, ал соңғысынан қалбағай білігіне беріледі.

 

Көшірмелеумен жұмыс істеген кезде қырқу биіктігі башмак-тардың қалпына байланысты болады, башмактарды косынка мен рычаг арқылы өзгертуге болады (18-сурет). 1-таблицада ЖВН-6 жаткасының қырқу биіктігінің рычаг пен косынканың өзара орна-ласуына байланысты екендігі көрсетілген.

Белдікті-тақтайшалы транспортер ағаш тақтайшалар жапсырылған, ені 125 мм резиналанған лентадан тұрады. Осы лентанын, астындағы жатка төсеміне өзектер ойып жасалған. Транспортердің екі білігіне де, яғни жетектеуіш және жетектелуші біліктеріне лентаның екі жағына ауысуын болдырмайтын дискі пісіріліп орнатылған. Дискілер сабақтардың транспортер астына түспеуі үшін қалқаншамен     жабылған лентаны   жатка  төсеміні ортасынан 200—250 мм кө терілетіндей етіп тарту керек.

Транспортердің    лента сында әр түрлі монтаждауғ, арналған тесіктер бар: бір ұшында бір қосары, екіншісінде — бірнеше қосары бар Бұл тесіктер лентаның ұштарын жалғастыруға пайдаланылады.  Лентаны   керу  үшін33-суретте көрсетілген әдіс  пайдаланады. Жаткаға белдікті тақтайшалы транспортерді мынадай тәртіппен монтаждайды:  жатканы

 

33- сурет.Дестелеуіш жатканың резиналанған белдікті тақтайшасы лентасын қосуға  арналран тетік:

1-көптеген жұп тесіктері  бар лентаның  ұшы;  2-  бекіткіш,3-бар ұстағыш;   4 — ұстағыштың, 5- белдігі, 6-бір қатарлы жұп тесігі бар лентанын ұшін.

34-сурет. Дестелеуіш жатканың резинкаланған белдікті-тақтайшалы лентасын қосу:

1 — жетектеуіш білік; 2 — бір қатарлы жұп тесіктері бар лентаның ұшы; 3 — көп қатарлы жұп тесіктері бар лентаның ұшы; 4 — М6Х20 болты; 5 — дөңгелек тесікті тақтайша; 6 — тазартқыш пышақ; 7 — квадрат тесікті тақтайша.

Кесіп тастау ^         керек

 

 

каны тегіс алақға горизонталь қалыпта орналастырады (оның комбайнға асулы тұруы немесе өзінің екі тірегінде және төсеніште орналасуы мүмкін); жатка платформасының алдыңғы жағы мен мен тұрған алаңның аралық қашықтығы 300 миллиметрден кем болмауын қадағалау керек, ең бірінші (алдьщғы) лентаны мон-таждайды, содан кейін екіншісін және сол сияқты ретпен жалғаса-ды; әрбір лентаны монтаждау алдында планканы төмен қарай бұ-рып, жатканыд сол жағына (жетекші білік орналасқан сыртқа шығару терезе жағына) орналастырады; осы терезеге қосар саны көп тесігі бар лентаның ұш 1 жағы қарап тұруға тиіс (33-сурет); лентаның үшын 1 төсеніштер арасындағы саңылау арқылы жетек-теуіш білік жағына шығарады. Лентаның бұл ұшын жетектеуіш бі-лікті орап өткеннен кейін жоғарғы төсеніштің қуысы арқылы сыртқа шығару терезесіне 300—400 мм жетпейтіндей етіп тартады.

 

Лентаны орналастырып болғаннан кейін олардың екі ұшын қосып тартып тастайды. Жаткаға лентаны орнатар алдында жақсылап кептіру керек. Егер қосылғаннан кейін лентанын, ұшы 34-суретте көрсетілген шамадан ұзын болса, онда артық бөлігі кесіліп тасталынады. Лентаны тарту және олардың ұштарын қосу төмен-дегідей жолмен жүргізіледі: ленталардың тиісті ұштарын қарма-ғыштар мен 2, 5 қосады (33-сурет); білікті 4 қармағыш 5 арқылы қигізіп, осы белдік арқылы лентаны тартады, тартылған белдікті 4 үстап тұрып, осы қалыпта бекіткішпен 3 бекітеді; сәйкес келетін қос тесіктер арқылы лентаның ұштарын екі болтпен 4 (34-сурет) және тақтайшалармен 5, 7 қосады. Квадратты тесіктері бар тақтайшаны 7 болт бастарынын, астына, ал дөңгелек тесіктері бар тақтайшаны 5 гайканың астына салады. 33-суретте көрсетілген тетік белдік-тақтайшалы транспортерлер орнатылған дестелеуіш жаткалардың (ЖНС-6-12, ЖРС-4.9А ж. т. б.) бәрідце қолданылады.

Жатканы  комбайнға асып орнату.  Комбайн молотилкасына жатканы асып орнатқан кезде операциялардын. төменгі тәртібін сақтайды.

1. Корпустың жоғарғы білік корпусы подшипниктерінің фла-нецтерінің бекітілу беріктігін тексереді.

2. Тексеру рычагтары екі жағынан да кронштейнге болттар арқылы 9-суреттегі 11-позицияда көрсетілгендей бекітілгендігіне көз жеткізу керек.

3. Текестіруші серіппе блогының екі жағын да 670 мм шамасында тартады.

4. Жатканың тірек бүрандаларын реттеу арқылы оның корпу-сының асылып тұруын былай реттейді. Оның жоғарғы білігінің подшипниктері корпусының- фланецтері молотилканың алдыңғы тіреулері кронштейндерінің 49 (2-сурет) деңгейінде түруға тиіс. Тіректің винтін бұрандадағы бақылау тесігіне дейін ғана бұрап шығару керек.

5. Жаткаға молотилканы  жақындатып, фланецтерді крон-штейндерге 49 кіргізіп, орындарына қойып, қамыттар арқылы бе-кітеді.

6. Жатканы көтеретін гидроцилнндрді қосып, оны қозғалысқа түсіретін белдікті кигізеді.

7. Жатканы көтеріп транспорттық жағдайға келтіреді, гидро-цилиндрге май беретін вентильді жабады, корпус блогының астна домкрат қояды, содан кейін башмактарды орнатады.

8. Теңестіру рычагтарын кронштейнге бекітетін екі жақта болттарды алып тастайды, ал жатканың тіректерін транспорттық жағдайға ауыстырады.

9. Домкратты алады, гидроцилиндрге май беретін вентильді ашады, содан кейін серіппе тартпасын жатканын. саусақты білеуі-нің екі жағындағы түсіретін қысымы 23—30 кгс (250—300 Н) болатындай етіп реттейді.

 

ЖВА-3.5А жаткасы. 1969 жылға дейін бұл жатка ЖВА-3,5 мар-калы атанып және тракторға (Т-28, МТЗ-5М. және т. б.) асылып орнатылатын. Содан кейін ол өзгертіліп, комбайндарға (СК-4 және т. б.) асып орнатуға болатындай етіліп қайта жасалынған. Негізгі қызметі — бұршақ және жарма дақылдарды, тұқымдық шөптерді, көк бұршақты орьш және дестеге салу. Бұл жаткамен кұлап қалған дәнді дақылдарды да жинауға болады.

ЖВА-3,5 жаткасын асып орнататын тракторға өзгерістер ен-гізіледі; қосымша орындық, тежеуіш пен іліністі басқаратын пе-дальдар қойылып, қосымша алақша және т. б. жасалынды. Себебі трактор артқы жүріспен жұмыс істеуге тиіс, сондықтан жетектеуіш доңғалақтарды алып, оның покрышкаларын кейін қаратып ауыстыру керек, Оң жақтағы доңғалақты (трактордын. жүріс бағыты бойынша) 450 мм, ал сол жақтағы доқғалақты — 340 мм кейін жылжытады,

ЖВА-3.5А жаткасын комбайнра асып орнату үшін ЖВН-б жатсының көлбеу корпусын теңестіруші механизмімен қоса пайда-ианады. Осының арқасында ЖВА-3.5А комбайнға топсалы жалға-сып егістіктің бетін көшірмелеуіш доңғалақтармен көшірмелейді.

ЖВА-3.5А жаткасының басқа жаткалардан ең басты ерекшелі-гі қырқу аппаратынын конструкциясында. Қырқу аппараты жатка рамасына топсалы ілінген және егіс бетін сүйретпемен 3 (35-сурет) көшірмелейді. Саусақты білеудің көлбеулігін реттеуге болады.

Егінді аласа шапқан (60 мм) кезде өте ауыр жағдайда жұмыс істелінетін болғандықтан саусақтар саны көбейтіледі. Олар 65Г полосты болаттан жасалған серпімді саусақтық білуге бекітілген.

 

Жиналған күйінде қырқу аппараты төрт сүйретпеге 2, 3 крон-штейндер 7 арқылы қосылған. Сүйретпелер алдыңғы жағымен ра-маға шынжырлар 9 арқылы асылған, ал артқы жағымен топсалы реттеуіш бұрыштама 5 арқылы қосылған. Сонымен қатар қырқу аппараты төрт рессор 12 арқылы асылып орнатылған, бұл сүйрет-пелердің топыраққа түсіретін қысымын азайтады. Қамыттарды ауыстыра отырып, сүйретпелердің жерге түсіретін қысым мөлшерін реттеуге болады. Сабақ көтергіштер  8 олардың қозғалмалы бөлшектері ұстағыштарға серіппенің көмегімен жалғасатындай етіп жасалған. Сондықтан кедергілі жерге келгенде жоғары көтеріліп, содан кейін бастапқы қалпына қайта түседі. Дәнді-бұршақ

 

35-сурет. ЖВА-3,5А жаткасының қырқу аппараты:

1-аспа; 2 — сол жақтары (жүріс бағытымен) қос рессорлы табанша; 3 — оң жақтағы шеткі (жүріс бағытымен) табанша; 4- кішкене қамыт; 5 — реттеу   бұрышы;   6- тарақ планкасы; 7 — табаншаның кронштейні; 8 — сабақ көтергіш; 9-— шынжыр; 10-— қырқу аппаратының көлбеулігін реттейтін сопақша тесік   11-саусақты білеу; 12-  рессор.

тұқымдас және жарма дауылдарды (қарақұмық, соя, чечевиці және т. б.) жинаған уақытта сабақ көтергіштерді алып тастайды да, олардың орнына саусақтарды қояды. Егер жиналатын дақыл ұзын сабақты болса, сабақ көтергіштердің жартысын — 14-тің 7-ін алады да, оның орнына саусақтар қояды.

 

Планкалар 6 қырқу аппаратынан транспортерге ауысып тұратын тор жасайды. Оның үстімен орылған масса жылжыған кезде әр түрлі топырақ қалдықтарынан арылады.

 

Сүйретпеге 2 аспа 1 қысылған. Осы арқылы шалғы сегментте- рінің дұрыс қалпын саусақтарға сәйкес реттеуге болады. Сонымен қатар ол саусақты білеудің екі жағына ауысуына кедергі жасайды.

ІІІалғы жетектеме арқылы қозғалысқа түседі. Шалғының орта тұсында басы болады, соған жетектеменің алдыңғы шеті еркін енгізілген. Осы бастың екі жағында жұдырықшалар және астарлар (резиналы және металдан жасалған)  орналасқан. Жетектеменің алдыңғы шеті мен жұдырықшалардың арасында 0,3—0,5 мм бүйілік  саңылау болуға тиіс.

 

Қырқу аппаратының шеттерінде арнаулы саусақтар болады Оларра доға тәріздес бөлгіштер бекітілген. Бөлгіштердің жоғарғы ұштары қалбағай тіректеріне рычагтардың көмегімен топса арқылы қосылған. Бөлгіштердің жүру бағытындары өсімдіктерді бөлгіштер жерге қарай сығады. Ал бұл өсімдіктер қырқу аймағын келгенде бөлгішпен қатар орналасқан лифтерлермен жоғары көтеріліп, шалғыға беріледі. Қырқу биіктігі тазартқыштары бар тірек дөңгелектерді алмастыру арқылы реттеледі. Кейде тірек дөңгелексіз жұмыс істейтін жинау жағдайы да кездеседі. Бұл реттеп қырқу биіктігін гидравликалық цилиндрдің көмегімен жаткамен төмен түсіру яки жоғары көтеру арқылы реттеуге болады.

 

Жаткаға эксцентрикті қалбағай орнатылған, оны төмендегіде шамамен реттеуге болады: айналу жиілігі 28—34—43 айналыс/

минут, биіктігі мен ұмсыныңқылығы 450 мм. Қалбағай тісті редуктор арқылы қозғалады. Қалбағайдың айналу жиілігін белдікті шкивті басқа жырашырына ауыстыру немесе шкивті алмастыру арқылі өзгертуге болады. Жаткара кенепті-тақтайшалы транспортер қондырылран. Оның жетектеуіш білігі шалрыны қозралысқа келтір- генде пайдаланылады.

ЖРС-4,9А жаткасы. Жатка төмендегідей негізгі бөліктерден құралады: екі жүріс доңғалары мен жел қалқаны бар платформ, қырқу аппараты, қалбағай, үлкен және кіші белдікті-тақтайшалы транспортерлер, тіркеу құрылғысы, транспорттық құрылғы, дравликалық жүйе, берілістер механизмдері.

 

Гидравликалық жүйеге екі цилиндр және май түтіктері кіреді.Бір цилиндрмен қырқу биіктігін, ал екіншісімен қалбағайдың қалпын реттейді. Бұл екі реттеуді де агрегат жүріп келе жатқанда тракторшы орындайды.

 

Жатка «Беларусь» және Т-40 тракторымен агрегатталынады. ЖРС- 4,9А жаткасының массасы— 1215 кг. Жаткаға мынадай кө-лемдегі доңғалақтар қойылады. оң жағына 150—406 (5,5X16); сол жағына 170—406 (6,0X16). Шиналардағы қалыпты қысым (кгк/см2) мынадай: оң жақтағысында 1,7, сол жақтағысында 2,1 (тиісінше 170 және210 кПа).

 

Үлкен транспортер үш немесе төрт лентадан, кіші транспортер үш лентадан тұрады. Қалыпты жағдайда үлкен транспортер үш лентамен комплектіленеді. Төртінші лента жатып қалған немесе биік сабақты астықты жинағанда пайдаланылады.

 

Қалбағай — әдеттегідей. Екі тіректе де оның ұмсыныңқылығын реттеуге арналған тесіктер бар.

 

Жатка платформасының оң жақтағы тірегінің астында қалба-райдың биіктігін реттейтін гидроцилиндр орналасқан. Гидроци-линдр сол жақтағы тірекке беретін ауыстыру оң жақтағы тірекке сым арқанды тартпа арқылы жеткізіледі,

Бастапқы қырқу биіктігін доңғалақтардың қалпын жатка плат-формасына сәйкес өзгерту арқылы реттейді. Жұмыс уақыттарында қырқу биіктігін платформаны 5—8 шегінде (бірақ 15 градустан артық емес), еңкейту арқылы қосымша реттеуге болады. Ол үшін білеуге (сница) орнатылған екінші цилиндр пайдаланылады. Бұл цилиндр рычаг пен тартпа арқылы жатканың беріліс механизмінің каңқасымен жалғасқан.

 

Тіркеу құрылғысы білеу мен компенсатордан тұрады. Компен-сатор жатканың «айналуын» сақтау үшін жасалған (оң жақ шетінің сол жағынан қалып қоюы). Жатканы алысқа жеткізу үшін оны транспорттық қалпына ауыстырады. Ол үшін жаткаға бірнеше құрылғылар жасалынған: ұзартқыш, транспорттық ось, сыртқа шығару терезесін жабатын көлденен, құрылғы. Тасымалдау уақы-тында терте ретінде компенсатор түтігін пайдаланады.

ЖРС-4.9А жаткасына жұмыс жағдайында мынадай бұрылу радиустары рұқсат етіледі: жатканың сол жақ доңғалағының сыртқы жағымен есептегенде оңға қарай кемінде 5,5 м, сол жақ доңғалақтың ішкі жағымен есептегенде солға қарай кемінде 6—8 м.

ЖРС-4.9А жаткасы шапшаң жүрісті болады, оның ең жоғарғы жұмыстық жылдамдығы 18 км/сағ. Көбіне ол 10 км/сағ жылдам-дықпен айналады. Бұл жылдамдықта (егіннің шығу жағдайына байланысты) қалбағаймен және қалбағайсыз жұмыс істеуге болады. Егер оның-жылдамдығы 10 км/сағаттан асатын болса қалбағайды міндетті түрде алып тастау керек, себебі ору процесіне кедергі жасайды. Жылдамдығы сағатына 8 километрден артатын ЖРС-4.9А жаткасына арналып екі тақтайшалы қалбағай жасалған.

ЖНТ-2,1 жаткасы. Бұл жаткада қалбағай болмайды. Ол

көшірмелеуіш доңғалағы бар рамадан, теңестіруші серіппеден, қырқу аппаратынан, жинауыш барабаннан, транспортер мен жетек механизмнен тұрады. Жатка дәнді-бұршақты (бұршақ, чина) жән жарма дақылдарды, сонымен қатар тұқымдық шөптер дәнін жи науға пайдаланылады. ДТ-20 және Т-25 тракторымен агрегатта лады.

 

Жинауыш барабанның механизмі комбайн жаткасындағы шнектің саусақты механизмі сияқты жұмыс істейді. Барабан қырқу аппаратының үстінде орналасқан, ол орылған массаны көтері транспортерге жеткізеді.

Жатка шөлмекті әдіспен жұмыс істей отырып, екі рет жүрі өткенде қос десте салады.

ЖШН-6 жаткасы. Бұл жатка масақтарының басым бөлігі бекі жағында жатқан жұқа қабатты енді дестелерді салуға бейімдлінген. Ол айналып ору және загондық ору тәсілдерімен жұмыс істей алады.

 

Жатка СК-4, СК-5 және СКД-5 комбайндарына асып орнатылады. ЖШН-6 жаткасының массасы — 1350 кг (±3%).

 

Жатканың платформасы әзірленгенде оның шығару жиегі мен жел қалқаны қырқу аппаратына үшкір бұрыш жасайды. Транспотер төрт секцияға біріккен ұзындығы әр түрлі сегіз лентадан құралады. Әр секцияға арналған жетектеуіш білік болады.

Осы құрылыстын, арқасында десте салу процесі өзгеріске түсіп отырады. Транспортерлық лента сабақты шалғыға параллель жылжытпайды, оған бұрыш жасай отырып береді. Бұдан кейінгі әрбір сабақ бөлшектері платформада бүрынғыларына сәйкес жыл- жып отырады. Осы себептен де масақтардың көпшілігі келесі сабақ бөлшектерінің астында қалып қоймайды. Осының арқасында ақ сабаққа енді дестелер жайлап қалыпты түседі де, ал олардың масақтары беткі жағына орналасады.

Жатка егіс бетін доңғалақтарымен және реттелмейтін башмак-тарымен көшірмелейді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *