Демеулік шылау

Демеулік шылау. Бұл Демеулік шылау демеуліктер деп те аталады. Олар өзі шылауында тұрған сөзге я сөйлемге күшейту, тежеу, шектеу, сұрау, болжалдык, күмән сияқты қосымша мағына үстейді, бірақ септеулік пен жалғаулықтар сияқты сөздерді де, сөйлемдерді де байланыстыра алмайды.

Мысалы: Алдымда толған мақсат, толған тандау, Алайын мынасын ба, анасын ба? (С. Т.). Ертең емес, бүгін-ақ қазір-ақ жүрсек етті (М. Ә.). Үлкен үйге кірген соң бәрі де кішірейіп кеткендей, отырғанда құмандай ғана болып қалыпты (Ғ. М.).
Бірінші сөйлемде ба демеулігі сөйлемге сұрау мағынасын үстеп, мынасын және анасын сөздерімен ғана тіркесіп тұр. Екінші сөйлемде –ақ демеулігі бүгін, қазір сөздерінің шылауында қолданылып, ол сөздерге күшейткіш мән үстеген. Үшінші сөйлемде ғана демеулігі құмандай сөзінің шылауында жұмсалып, оған шектік мән үстеп тұр. Бірақ олардың бірде бірі сөз байланыстыру қызметін атқармайды. Демеуліктер орыс тіліндегі «частицы» деген көмекші сөздерге сәйкес келеді.
Демеуліктер негізгі сөзге (сөйлемге) үстейтін мағынасына карай бірнеше түрге бөлінеді.
1. Сұраулық демеуліктер: ма (ме, ба, бе, па, пе), ше.
2. Күшейткіш демеуліктер: -ақ, -ау, -ай, әсіресе, да (де, та, те). Да, (де, та, те) шылауы күшейткіш мәнді білдіріп бірде демеулік болса, енді бірде бірыңғай мүшелереді, сөйлемдерді ыңғайластыра байланыстырып, жалғаулық шылау болып қызмет атқарады. Мысалы: сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар, қалан (А). Бұл сөйлемде де шылауы — демеулік, ол сен сөзіне күшейту мәнін үстеп тұр, бірақ оны басқа сөзбен байланыстырып тұрған жоқ. Ал, та шылауы — жалғаулық, ол тап және бар деген бірыңғай баяндауыштарды ыңғайластық мәнде байланыстырып тұр.
3. Шектік (тежеу) демеуліктері: ғана (қана), тек, кейде-ақ.
4. Болжалдық демеуліктер: -мыс (-міс) және кейде-ау.
5. Болымсыздық, немесе қарсы мәнді, салыстыру демеуліктері: түгіл, тұрсын, тұрмақ.
6. Нақтылау мәнді демеуліктер: қой (ғой), -ды, (ді, ты, ті).

Читайте также:

1 комментарий

  1. добрый ангел из ада:

    маган керек демеулік жалгаулык жатыс септіктерге сойлем….

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *