Дауыссыз дыбыстар

Дауыссыз дыбыстар
Айтқанда ауа кедергіге ұшырап шығатын дыбыстар дауыссыз дыбыстар деп аталады. Сөйтіп, дауыссыз дыбыстарда дауыс болмайды, олар үн мен салдырдан немесе тек салдырдан тұрады. Қазақ тілінде 36 дауыссыз дыбыс бар. Олар: б, в, г, ғ, д, ж, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ.

Дауысты дыбыстан кейін айтылғанда, у дыбысы дауыссыз болып келеді: бауыр, ауыр, жауын, әуре т. б. Дауысты дыбыстар буын кұрайды да, дауыссыз дыбыстар өз беттерімен буын құрай алмайды. Сондықтан сөзде қанша дауысты болса, сонша буын болады. Берілген сөздер буынға былай бөлінеді: ба-уыр, а-уыр, жа-уын, әу-ре. Бұл| сөздердегі у буын кұрай алмай тұр.
Дауыссыз дыбыстар үш жақты жіктеледі.
1. Дауыс (үн) қатысына карай дауыссыздар қатан, ұяң және үнді (сонор) болып үшке бөлінеді. Кейде қатаң және ұяң дауысыздар үнсіз
12
дыбыстар деп те аталады. Үнді дауыссыздар ауыз жолды (р, л, й, у) және мұрын жолды (м, н, ң) болып та бөлінеді.
Қатаң дауыссыздар: п, ф, с, ш, к, қ, т, ч, щ, ц, х. Қатаң дауыссыздарда ешбір үн болмайды тек салдырдан тұрады.
Ұяң дауыссыз: б, в, г, ғ, д, ж, з. Ұяң дауыссыздарда үн аз болады да, салдыр басым болады.
Үнді (сонор) дауыссыздар: р, л, й, у (ауыз жолды, және м, н, ң (мұрын жолды). Үнді дауыстыларда үн басым болса да, салдыр аз болып келеді.
Дауыссыз дыбыстардың дауыс (үн) қатысына қарай қатаң, ұяң, үнді болып жіктелуі дыбыс жүйесіндегі дыбыс үндестігі (ассимиляция) деп аталатын, көрші дыбыстардың бір-біріне әсер ететін ықпал заңына негіз болады.
2. Айтылуына (жасалу тәсіліне) карай дауыссыздар шұғыл және ызың болып екіге бөлінеді.
Шүғыл дауыссыздар: б, п, д, т, ц, г, к, қ, ч.
Ызық дауыссыздар: в,ф, з, с, ж, ш, щ, ғ, х, һ.
3. Жасалу орнына (дыбыстау мүшелерінің қатысына) қарай дауыссыздар төмендегіше жіктеледі:
Ерін дауыссыздары: б, п, м, у.
Тіс пен ерін дауыссыздары: в, ф.
Тіс дауыссыздары: з, с, д, ж, л, ц.
Тіл алды дауыссыздары: ж, ш, щ, ч, н, р, л, й.
Тіл ортасы дауыссыздары: к, г.
Тіл арты дауыссыздары: қ, ғ, ң, х.
Көмей дауыссызы: һ.
Сөйтіп, дауыссыз дыбыстардын жіктелуін мына кестеден көруге болады.

Жасалу орнына

карай

 

 

 

Ерін

 

 

 

Тіс пен ерін

 

 

 

Тіс

 

 

Тіл алды

 

 

Тіл ортасы

 

 

Тіл арты

 

 

 

 

 

Көмей

 

 

Айтылуына карай

Үн қатысына карай

Ызың

 

қатаң п   т, ц ч    к   қ  
ұяң б  

д

     г    

Шұ -ғыл

қатаң   ф

с

ш, щ     х  
ұяң   в

3

 ж     е    һ
Үнді (сонор) м, у     н, р,

л, й

    ң  

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *