Дара етістік

Дара етістік
Бір ғана сөзден тұратын негізгі етістік дара етістік деп аталады. Мысалы: Өнер-білім бар жұрттар тастан сарай салғызды (Ы. А.). Қозының жамырағанын Байторының сақ құлағы бағана сезген (М. Ә). Бұл сөйлемдегі салғызды, жамырағанын, сезген деген етістіктер дара етістіктер болып табылады. Өйткені бұлар — бір ғана сөзден тұратын етістіктер.

Әрқайсысының өз алдына мағынасы бар, сұраққа жауап беріп, сөйлем мүшесі қызметін атқарады: Жұрттар не істеді?— салғызды (баяндауыш), нені сезген?— жамырағанын (толықтауыш), құлағы қайткен?— сезген (баяндауыш).

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *