География ғылым ретінде

География – жаратылыстану және қоғамдық циклдар оқу пәндеріне кіретін жеке дара мектеп пәні болып табылады. Географиядан берілетін білімнің маңыздылығы қоршаған ортаға қатысты оқушылырдың көзқарастары, ұстанымдары, тәртіп нормалары, өмірлік біліктіліктері жүйесін және алған білімдері негізінде табиғи, шаруашылық, әлеуметтік және әр түрлі аумақтардың экологиялық жағдайларын бағалауға қатысты біліктерін қалыптастыруға бағытталумен ерекшелененеді.

ГЕОГРАФИЯ — (гео – жер, графия – жазамын, сызамын) – табиғи және өндірістік территориялық кешендерді, олардың компонентерін зерттейтін жаратылыстану және қоғамдық ғылымдар жүйесі.

География ғылым ретінде ежелгі Грекияда туған. Біздің заманымыздан бұрын өмір сүрген грек ғалымы Эратосфен өзінің Жерді сипаттауға арналған еңбегін «география» деп атаған. Ұзақ уақыт бойы география жаңа жерлерді ашып сипаттаумен ғана айналысатын ғылым деп есептелініп келді. ХІХ ғасырдың басында бүкіл Жер шарында ашылмаған жер қалған жоқ. Осыған орай географияның міндеті де өзгерді. Ендігі жерде ол Жер бетіндегі денелер мен құбылыстардың таралуын сипаттап қана қоймай, олардың себебін түсіндіретін гылымға айналды.

Читайте также: