Вулканизм

Вулканизм. Вулканизм туралы толық реферат. Эффузивтік (латын тілінде “эффузио” — тасып төгілу деген мағынада) магматизм немесе вулканизм

(латын тілінде “вулканус” — от құдайы деген мағынада) магманын, жер бетіне тасып төгілуімен байланысты процестерді түгел қамтиды.

Магманың алғашқы құрамындағы ұшпалы компоненттер жердің терең қабаттарында (өте жоғары.қысым
күштеріне байланысты) ерітінді түрінде кездеседі. Олар магманың жорары қабаттарға көтерілу барысында (тектоникалық жарықтарды бойлап) біртіндеп газға айналып ауа қабатына ұшьш кетеді. Сондықтан да жер бетіне тасъш төгілген магманың құрамында (алғашқы магмамен салыстырғанда) ұшпалы компоненттер өте аз мөлшерде ғана кездеседі. Мұндай магма лава (грек тілінде “лава” — су басу деген мағынада) деп, ал вулкан атқылау процесі эруптивтік (латын тілінде “эруптиус”— лақтырып тастау деген мағынада) әрекетте деп аталады.

Лавалар жер бетіне орталық ірі жарықтар немесе тектоникалық жарықшақтар арқылы ақтарылады (VI. 35-сурет). Бұл процестердін, нәтижесінде жанартаулар пайда болады.

Вулкандық лава орталық өзек арқылы атқылайтын жағдайда конус пішінді жанартаулар (күмбездер, тасқындар), ал тектоника-лық жарықшақтар арқылы тасып төгілгенде лава жамылғылары (жабын) түрінде түзіледі. Вулканнын, құрылымдық элементтері мына төмендегідей (VI. 36-сурет): 1) әрбір вулканның өзіндік кана-лы (өзегі) болады; 2) вулкандық өзектің жер бетіне шығып жатқан аузын (сағасын) кратер деп атайды; 3)
кейбір ірі вулкандардың орталық өзегіне қосымша кейде бүйірлік каналдар кездесіп отырады, олар паразиттік вулкандар деп аталады; 4) вулкандық қопарылыс кезінде вулкан кратерінің опырылып құлауына байланысты, оның орнында кең көлемді (диаметрі 15 км-ге дейін), дөңгелек пішінді апан-шұңқырлар пайда болады. Олар кальдера (италья тілінде қазан шұңқыр деген мағынада) деп аталады (VI. 37-сурет).

Қазіргі кезде орталық (вулкандық) аппараттар түрінде түзілген жанартаулар жер бетінде кең таралған. Ал тектоникалық жарықшақтар арқылы тасып төгілетін вулкандар саны өте аз (Исландияда Лаки вулканы, Камчаткада Толбачик вулканы және т. б.). Олар зор аймақты алып жатады. Мысалы, Исландияда (1873 ж.) ұзындығы 32 км-лік жарықшақ арқылы тасып төгілу нәтижесінде құралған базальт жамылғысының аумағы 557 шаршы километр екендігі белгілі.

Вулкандық заттар сұйық, қатты және газ күйінде кездеседі.

Сұйық күйдегі вулкандык, заттар (лавалар) температураға және химиялық құрамының ерекшеліктеріне (ең алдымен кремний тотығыньщ мөлшеріне) қарай қышқыл, орта, негізді және өте негізді (ультранегізді) болып ажыратылады. Олардың қоюлығы мен тұтқырлығы, жылжымалылығы және т. б. физикалық қасиеттері вулкан атқылау процестерінің маңызды көрсеткіштері болып есептеледі. Мысалы, негізгі құрамы темірлі-магнийлі қосындыларға бай болып келетін, ал кремний тотығы аз мөлшерде кездесетін, температурасы жоғары (1200°С) ультранегізді және негізді лавалардың (ба-зальттық және пикриттік) тұтқырлығы аз болғандықтан, олар тез қозғалғыштық қасиетімен сипатталады.

Соған байланысты мұндай лавалар ағыны қатты тасқындар мен жамылғылар құрап, кең аймақты алып жатады. Құрамы қышқыл және орта (липариттік, андезиттік), температур§сы 750—1000°С лавалардың тұтқырлығы жоғары болғандықтан (базальттық лавалармен салыстырғанда), олар баяу қозралады. Сондықтан мұн-дай лавалар (кратерден шығысымен-ақ) тез қатайып ұзындығы өте қысқа тасқындар түрінде немесе конус пішінді күмбездер мен мұнаралар құрайды. Вулкандық лавалар қатая келе эффузивтік тау жыныстарын түзеді.

Қатты күйдегі вулкандық заттар пирокластикалық заттар (грек тілінде “пир” — от, “кластикос” — бөл-шектенген деген мағынада) деп аталады. Олар вулкандық қопарылыс кезінде атмосфера қабатына лақтырылған ыстық лаваның кесек бөлшектері мен (ірілі-ұсақты) шаң-тозаңдардан немесе күл-топырақтардан және кратерді құрайтын тау жыныстарының сынық бөлшектерінен құралады. Осындай жолмен пайда болған заттар қабатталып, жинала келе пирокластикалық (отты кесек бөлшектерден құралған) жыныстар түзіледі.

Вулкандық заттар ірілі-ұсақтығына қарай төртке бөлінеді:

1. Вулкандық күлдер ( Н3, Н2ВОз және басқа газдар қоса кездеседі. Олардьщ құрамы температураның шамасына қарай өзгеріп отырады. Мысалы, 180°С-тан жорары температурада фумаролды газдар (латын тілінде “фума” — түтін деген мағынада) бөлінеді. Олардың кұрамы күрделі (хлорлы-күкіртті-көмірқышқыл-ды) болып келеді. Әсіресе, хлорлы қосындылар басымырақ кездеседі. Фумаролды газдар температураға қарай құрғақ, қышқыл және сілтілі болып ажыратылады

Құрғақ фумаролдар жоғары температурада (500°С) бөлініп натрий, калий, темір және басқа элементтердің хлорлы қосындыларының көптігімен сипатталады. Әдетте, олардың құрамында су болмайды.

Қышқыл фумаролдардық қүрамында (құрғақ фума-ролдармен салыстырғанда) су буы болады, сонымен қа-

тар хлорлы сутек және күкіртті ангидрид бірге кездеседі. Олар 300—400°С шамасында бөлінеді.

Сілтілі фумаролдар 180°С шамасында хлорльь аммонийден бөлініп шығып бұзыла келе бос аммиак бөліп шығарады. Кейінірек фумаролды газдар (180—100°С шамасында) сольфатарлы газдармен (италья тілінде “сольфатара” — күкіртті ыс деген мағынада) алмасады. Олардың негізгі құрамы су буынан және күкіртті сутек-тен (күкіртті фумаролдар) тұрады.

Төменгі температурада (

Сізге ұнау мүмкін...

1 отклик

  1. Моника:

    рахмет

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *