Бірімжанов Ахмет

Бірімжанов Ахмет — Алаш­орда үкіметінің мү­ше­сі, 1-2 мемлекеттік Дума мүшесі, заңгер.
1871 жылы 7 желтоқсанда Тор­ғай уезінің Тосын болысының № 1 ауылында дүниеге келген. Арғы аталары атақты Арғын-Шақшақ Қошқарұлы Жәнібек батыр және Шеген би. Өз әкесі — Қор­ғанбек. Шешесі — Қыпшақ Наурыз­бай би­дің қызы Ханша. Ал арғы атасы — Шеген бидің қызы Айман Ыбырай Алтын­сариннің шешесі.

Жастайынан зерек Ахмет Орын­бор ерлер гимназиясын 1891 жылы күміс медальмен бітірсе, ал Қазан университетінің заң фа­куль­­тетін 1895 жылы алтын медаль­мен бі­тірген. ЖОО бітірісімен Орынбор округтық соттың канди­даты, онан кейін Торғай уезінің бітімші соты болып істеп жүргенде, 1906-1907 жылдары Ресейдің 1-2 мемле­кеттік Думасының мүшелі­гі­не қатарынан екі рет Торғай об­лысы қазақтары атынан сайлана­ды.

1906 жылы 2 шілдеде дума отырысында сөз сөйлеп, аграрлық комиссияға қазақ депутаттарын енгізуді ұсынады. Депутат А.Қалменев екеуі қазақ жерінде қоныс аударушы­лар­ды жерге орналастыру комис­сияларының заңсыздықтары тура­лы жоғарғы үкімет билігіне сұрау салады.

А.Бірімжанов 2-Думада әскери дала соттарын жою туралы заң жобасын жасау комиссиясының құрамына енеді. Бұдан басқа өзге де 53 депутатпен бірлесіп, Ми­нистрлер Кеңесіне 1906 жылы 4 мау­сымда қазақ даласында қо­ныс аударушылар учас­келері мен ормандағы саяжайлардың орна­ласу заңсыздығы жөнінде сұрау салады.

Қазақ даласына ішкі Ресейден қоныста­ну­шылардың жаппай шұбыруына байла­нысты жер, қоныс мәселесі қатты ушығып, қазақ халқының тағдырына тіке­лей әсер еткендіктен, қазақ зиялы­ларын қатты тол­ғандырып, оны Дума мінбері арқылы же­ңілдетіп шешуге әрекеттенген іс-қимыл­дары еді. Алайда Дума таратылып, бұл іс-әре­кеттер нәтижесіз болып, Дума мүшесі ретінде А.Бірімжанов қазақ өлкесінде қызмет істеуіне рұқсат етілмей, 1917 жылға шейін Бузулук қаласында сот тергеушісі болған.

Ақпан төңкерісінен соң алға­шында Уа­қытша өкіметтің Торғай уезінің комиссары, онан кейін Қостанай уезінің комиссары бол­ған. Сол жылдары елде белең алған қоғамдық-саяси және Алаш қозға­лы­сы­на араласа бастайды.

1917 жылы 2-8 сәуірде Орын­бор­да және сол жылғы 20-25 тамызда Ақтөбеде өткен Торғай облысы қазақтарының сиезіне қатысып, соңғысында жаңа сот жүйесінің жобасын әзірлеу жөнін­дегі комиссияның құрамына кіре­ді. Торғай облыстық біріккен мұ­жық-қазақ сиезіне де қатысады.

Шілдеде өткен Жалпықазақ­тық сиезде Торғай облысынан Құ­рылтай жиналысына депутаттыққа ұсынылады да, желтоқсандағы сиезде Торғай облысынан Алаш­ор­да үкіметінің мүшелігіне өтеді.

Кеңес өкіметі кезінде заң орындарында жауапты қызметтер атқарған. Қазақ АКСР-дің заң комиссариатының алқа мүшесі және өмірінің соңына шейін Қазақстанның Жоғарғы сотының мүшесі болған.

1927 жылы 5 қаңтарда Ленин­градта қайтыс болған. Ақтық сапарға Ә.Бөкейханов, Ә.Сейда­лин, Ленинградта оқып жүрген қазақ студенттері М.Әуезов, Ә.Марғұлан, ұлы Батырбек және татар зиялылары шығарып салған.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *