Буын үндестігі

Буын үндестігі
Әдетте қазақ тілінің сөздері бірыңғай жуан буынды я жінішке буынды болып келеді. Қосымша ол сөзге соған үндесіп жалғанады.

Сөздің соңғы буынының жуан, жіңішке болуына карай қосымшалардың да бірыңғай жуан не жіңішке түрде жалғануын буын үндестігі немесе сингармонизм дейміз. Яғни буын үндестігі дауысты дыбыстың дауысты дыбысқа әсері болып табылады.
Мысалы: қой, ән сөздеріне қосымшалар жалғап көрейік:
Бұл екі сөздің біріншісі (қой)— жуан буынды сөз, оған жалғанған қосымшалар да жуан буынды -шы, -лар, -ы, -мыз, -дың, -ға, -шы; ал екінші (ән)— жіңішке буынды сөз, оған жалғанған қосымшалар да жіңішке буынды: -ші, -лер, -ге, -дер, -ім, -ді т. б.
Түбір мен косымша арасында буын үндестігінін мынадай заңдары бар:
а) Қазақтың байырғы түбір сөздерінің соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымша да жуан, ал тубірдің соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанатын қосымшалар да жіңішке болады.
Мысалы: жазу-шы-лар-ға, (жазы-ші-лер-ге емес), іні-лер-ім (іні-лар-ым емес).
ә) Соңында жіңішкелік белгісі бар бір буынды сөздер мен -брь, -ль дыбыстарына аяқталған сөздерге қосымша жіңішке түрде жалғанады.
Мысалы: роль-ден, циркуль-ді, сентябрь-де.
Тіліміздегі осындай заңдылықтармен бірге буын үндестігіне бағынбайтын мынадай қосымшалар бар:
-мен, -бен, -пен көмектес септігі: арба-мен, жас-пен, қыз-бен.
-қор: пәле-қор, бейнет-қор.
-паз: әсем-паз, өнер-паз.
-қой: сән-қой, әзіл-қой.
-нікі: (-дікі, -тікі): Алматы-нікі, Жамбыл-дікі;
-тай, -тал, -еке: Ер-тай, өсім-тал, Ас-еке;
-кер, -гер: талап-кер, мұра-гер;
-хана: ем-хана;
-күнем: пайда-күнем;
-ов, -ев, -ова, -ева, -ин, -ист, -изм: Сәбитов, Жылкелдиев, Сүлейменова, Балғабаева, Салғарин, машинист, коммунизм.
Басқа тілден енген термин сөздер кейде қазак тілінің буын үндестігіне бағынбайды да, косымшалар сөздің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарай жалғанады. Мысалы: депутат-тар-ға, са-мо-лет-тер-і т. б.
Қазақ тілінде айтылуда ерін үндестігі де байқалады. Мысалы, өрік, ұзын, құлын сияқты сөздердегі бірінші буындағы еріндік дауыстылардың (ө, ұ) әсерінен екінші буындағы і, ы дыбыстары еріндік болып (ү, ұ болып) айтылады. Бірақ жазуда бұндай үндестік (әсер) есептелінбейді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *