БЕЙНГЛІ СӨЗДЕР

Тіліміздің сөздер табиғатына қарай алуан түрлі болады.Белгілі бір сөздің тобы нені болса да атаса екінші біреулерінің сондай қызметінің үстіне сан алуан стильдік мәні мен бейнелі мағынасы болады. Осындай сезімге түрлі –түрлі әсер ететін сөздердің тобын бейнелі сөздер немесеэмоционалды-экспрессивті сөздер деп атайды. Бейнелі сөздер экспрессивті сөздер және эмоционалды сөздер болып екі топқа бөлінеді.

Экспрессивті сөздер бір нәрсені жай атап қоймайды, сонымен бірге сезімге айқын әсер етеді. Мысалы: абажадай, абдырау, адырандау, шатпақ, шайнама, шимай, текірек, үздігу, лекер, жырынды, былшыл, әңгүдік, болбыр, шоқынды, борбас, бұртаң-дау, бұртию, бүрсендеу, быртию, далақтау, есірік, жарбию, жем-‘тіктес, жетімек, жымысқы, нтарқа, итаршы, кекжию, кеще, шоң-қию, шоқай, шошандау, деліқұлы, маубас, жортақы, жылпос, жаңғалақ, анқылдақ, былықбай, сандырақ, саңғу, состию, тазша, тажал, мықшию, сықсима, тымыраю, тырандау, ілмию, жырбию, жыртақтау, қаңсық, ноқай, малғұн, сұмпайы т. б. Экспрессивті сөздер стнль біткеннін, бәріне бірдей қолданылмайды. Бұлар негізінсн көркем әдебнетте көркем образ жасау үшін жұмсатады.

Эмоционалды сөздер де экспрессивті сөздердіқ бір түрі. Бұ-лардың арасына шек қойып ажырату кейде қиынға түседі. Эмо-ционалды сөздер адамның бір нәрсеге қатысьш көрсетеді. Эмо-ция бар жерде экспрессивтік те болады. Эмоционалды сөздер білдіретін өздеріне тән ұғымның үстіне адамның көңіл-күй, көз-карасын, жақсылы-жаманды қарым-қатынасын білдіреді. Қо-сымша ренктер жамайды. Бұларды мынадай түрге жіктеуге бо-ады: сүйіспеншілік, ұнатушылық, масаттанушылық, есіркеуші-лік, еркелік, сенімділік, мақтанушылық, таңырқаушылық, жа-ғымпаздык, сенімсіздік, айыптаушылык, өшпенділік, үрейлен-дірушілік, сес көрсетушілік т. б. Мысалы: бауырмал, қаншыл,діл- мар, жүректі, мысқылшыл, қалжыңбас, шошақай, сөзуар, сүйкімді, сорлы, ғажап, керсмст, есіл, сабаз, марқұм, лағнет, рақмет, жарықтық, пысыкай, қаһарлы, сойдиған, мыстан, сайкал , айналайын, көкетай, әкежан, балақай, т. б.

Бсйнелі сөздррдің кайнар көзі — еліктеуіш сөздер. Тіліміздегі бейнелік псн әсерліліктің, басым көпшілігі, әсірссе қайталама сліктеуіш сөздер арқылн жасалады. Мәселен, “Басасың аяғынды ырған-ырғаң, Сылдырлап шашбауың мен алтын сырған,” дегендегі бір гана “ыргаң-ыр^ан” дсген сөзден қаншама сурет ^ салуға болар еді. Бұл сияқты бейнелі сөздер қазақ тілінле мын,-.дап саналады. Мысальг былшбылш, быр-быр, кірш-кірш, қарқ-қарақ, сексн-секең, ырбан-ырбан, калш-қалш, жапақ-жапақ, зу-зу корс қорс, сар сар, ман-мац, сылқ-сылк, торсаң-торсан, қопақ-қопақ, жырп-жыра, шыр-шыр, былп-былп т. б.

Эмоционалды-экспрессивті сөздер түбір сөзден де, сөз тудыру тәсілдері ярқылы да, сондай-ақ, сөздерді ауыспалы мағынада қолдану жолымен де пайда бола береді, Сөздер негізгі заттық мағынасынан ажыраса болғаны сөзге әр түрлі стильдік мән жамалып, сезімге әсер етеді. Тілдегі экспрессивтік мағына тек лексикалық сөз қорында ғана емес, фонетикалық жолмен дауыс ырғағы аркылы, паузамси де жасалады. Тіл даму мен күрестің. құралы болғандықтан, ол жалпыға түсінікті болып қана қоймай, әсерлі де тартымды болуы керек. Бұл салада эмоционалды- экспрессивті сөздердіи тілдегі атқаратын мәнді қызмеп айрықша көзге түседі.

Читайте также: