Бағалы қағаздардың нарығын реттеу

Бағалы қағаздардың нарығын реттеу. Бағалы қағаздар нарығын құру және дамыту шаруашылықты бір орталықтан қаржыландырудың тиімсіз жүйесін және салааралық қайта бөлуді өзгертуге, нарықтық құрылымдардың инвестицияға деген сұраныстарын қанағаттандыруға және бұл нарыққа салааралық капиталдың қайта құйылуын реттеуші болуға, ірі кәсіпорындар мен банктер жұмысының барометрі болуға мүмкіндік береді.

Бағалы қағаздар нарығының дамуы экономканы көтеруге мынадай шараларды іске асырғанда ғана ықпал етеді: тауар нарығын қалыптастыру, монополиялсыздандыру, шағын кәсіпорынды қолдау, ақша айналысын нығайту.
Тауарлар мен қор құндылықтарының биржалық саудасы таяу арадағы ресурстарды қорландыру жүйесінен және бір орталықтан капитал жұмсалымдарын үлестіруден тауарлар және қаржы тасқындарының нарықтық реттеу әдісіне өтуге мүмкіндік жасайды. Акцияларды шығару мемлекеттік құрылымдары мемлекет иелегінен алудың ең басты құралдарының біріне және өнеркәсіпті жандандыру мен қайта құруда жеке және занды тұлғалардың ақшалай табыстарын жұмылдырудың тиімді құралдарына айналуда. Сондықтан да бағалы қағаздар нарығына қатынасушылардың барлығының алдында бағалы қағаздармен жасалатын операциялардың теориясы мен техникасын игеру; биржалық істі регламенттеуді үйрену; мемлектік кәсіпорындарды акционерлеу және жекешелен-діруге байланысты іс-тәжірибелерді игеру міндеттері тұрады.
Бағалы қағаздар нарығының міндеті — бағалы қағаздарды сатушылар мен сатып алушылардың көңілінен шығатын бағада инвестицияға толық қаражат жұмсауды қамтамасыз ету болып табылады.
Бұл міндеттерді шешу бағалы қағаздар нарығында қызмет етуші делдалдардың — брокерлер мен инвестициялық дилерлердің қатынасуынсыз мүмкін емес. Тек қана солар бағалы кағаздар нарығын қандай жағдайда да, қашан, кандай шартпен және қандай бағалды қағаздар шығару қажет екендігін біледі. Бұл жерде брокер бағалы қағаздарды сатушыларды сатып алушылармен кездестіріп, ол үшін комиссиондық ақы алса, ал инвестициялық дилер өз есебінен және өз атынан бағалы қағаздарды сатып ала отырып, кейіннен қайта сатады. Қайта сатудан түскен түсім, оның пайдасын құрайды. Өз жұмысында брокерлік және дилерлік операцияларды жүзеге асырушы ірі инвестициялық компаниялар ішкі бағалы қағаздар нарығының басты тұлғалары болып саналады.
Қазақстан Республикасының заңында көрсетілетін бағалы қағаздар нарығының негізгі идеологиясы келесідей қағида-лардан тұрады:
• әрбір потенциялды инвестор үшін бағалы қағаздарды
эмиссиялаудың барлық түрлері бойынша толық және
тура ақпараттардың болуы;
• бағалы қағаздар нарығының қатынасушыларының (ин-
вестициялық фирмалардың, қор биржалары және
тауар биржаларының қор бөлімдері, брокерлік фир-
малар және т.б.) біліктілігі.
Бұл аталған мекемелердің жұмысындағы кәсіби сапасы туралы қойылатын талаптардың маңызы арта түседі. Инвес-тициялық қор ретінде құрылатын кез келген заңды тұлғаның штабында бағалы қағаздармен жұмыс жасай алатын маманның болуы міндетті. Ол алғашқы және қайталама бағалы қағаздар нарығының дамуы туралы хабардар болуға тиіс.
Қазақстанда нарықты объективті түрде реттеу үшін мыналар қажет: біріншіден, оның мемлекеттік сектордың кәсіпорындарымен қатар, жеке кәсіпкерлер және қалыптасып келе жатқан шағын және орта бизнесті, сол сияқты үкіметтің бюджетінің тапшылығын қаржыландыру үшін қажетті ресурстарды іздестірумен тікелей байланысты болуы; екіншіден, республика азаматтарына бағалы қағаздар сатып алуға және, сатуға мүмкіндік беретін үкіметтің жекешелендіру стратегиясымен байланысты болуы; үшіншіден, ақша массасына Ұлттық банк жағынан бақылау жасауда жаңа жанама механизмдерді қалыптастыру үшін, мемлекет жағынан нарықты реттеудегі біліктілік республикамыздағы нарыққа өтудегі жаңа көптеген мәселелерді шешуге көмектеседі.
Біздің экономикалық жағдайымызда немесе әлемдік на-рыққа енуіміздегі ең өзектісі, бұл әлемдегі бағалы қағаздар нарығына байланысты жинақталған барлық құндылықтар-ды оқып үйрену және хабарлау болып табылады.
Қор нарығын мемлекеттік реттеудің қажеттігін әлемдік тәжірибе көрсетіп берді. Ол әр елдегі өзіндік ерекшелік-терге қарай ескерілетін жағдайда, мемлекеттік реттеудің формалары мен әдістерінің ортақ үлгісін жасайды.
Қазақстанда енді қалыптасқан қор нарығы әзірге жет-кіліксіз жағдайда реттелуде. Оған қол жеткізу үшін инвес-торлардың мүддесін қорғайтын және бағалы қағаздар нары-ғының тұрақтылығын қамтамасыз ететін заңдылықтарды тез арада дайындау қажет.
Бағалы қағаздар нарығына қатысты мемлекеттік саясат-тың негізін жасауда өзін-өзі реттеу қағидасына көңіл аударуға тиіс. Осыған байланысты мемлекеттік саясат бұл сферадағы жеке кәсіпкерлікті марапаттауға бағытталуы тиіс.
Бағалы қағаздар айналысы сферасындағы жеке бастаманы қолдауға байланысты шаралармен қатар, қор нарығы субъектілерінің қызметіне мемлекеттік, әкімшілік және жанама (экономикалық) бақылау қою шараларының жүйесін жасау, сол сияқты экономикалық қор секторындағы нарықтық ортаға толық мемлекеттік араласу жүйесін дайындау қажет. Экономикалық бақылау шаралары мемлекеттік қызмет арқылы дербес нарық агенті ретінде жүзеге асуы тиіс.
Бағалы қағаздар нарығына мемлекеттік ықпал етудің мақсаты мынадай:
— макроэкономикалық теп-теңцікті қамтамасыз ету;
• нарықтық ортаның бәсекелестік қабілетін қамтамасыз
ету;
• бағалы қағаздар нарығы агенттерінің мүдделерін құ-
қықтық және экономикалық қорғау;
Құқықтық қорғау. бағалы қағаздарды әкімшілік-мемле-кеттік тіркеу; бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатынасу-шылардың қызметтеріне лицензиялар және сертификаттар беру, бағалы қағаздар нарығына жіберу ережелері, шетел инвесторларын бағалы қағаздар нарығына жіберу ережелері.
Экономикалық қорғау. бағалы қағаздармен жасалатын операциялар бойынша салықтық жеңілдіктер жүйесін жасау және қолдану; мемлекеттік бағалы қағаздармен жасалатын операциялар жолымен нарықтағы сұраныс пен ұсынысты реттеу.
Нарық экономикасы дамыған елдерде инвестициялық бизнесті бақылауға және реттеуге мүмкіндік беретін, яғни зандар мен арнайы органдардан басқа да сол саланың өзде-рінде өзін-өзі бақылау және өзін-өзі реттеуді қамтамасыз ететін «зандар» мен «ведомостволар» бар.
Өзін-өзі реттеу екі негізгі элемент арқылы анықталады:
— стратегияны анықтаумен айналысатын ұйымдардың
өздері мәміле жасасу тәжірибесіне қатынасады;
• өзін-өзі реттеуші ұйымдар қоғамдық органдар есебінен
емес, негізінен нарықтың есебінен қаржылан-
дырылады.
Өзін-өзі реттеу жүз жыл бойы қалыптасып өзінің тиім-ділігін сақтап келеді, себебі, бұл бағалы қағаздар нарығына қатынасушылардың экономикалық мүддесінде болады. Қазіргі өзін-өзі реттеу, мемлекеттік реттеумен қатар, бағалы қағаздар облысындағы бизнес үшін тиімді реттеу құралы болып қала беруде.
Өзін-өзі реттеу өзінің көп жылдық іс-тәжірибесінде нақты нарықтардың талабын және жергілікті сұраныстарды, жергілікті бизнес тәжірибелерінің ерекшеліктерін, жұмсалымдарды қорғау, кедендік, құқықтық және саяси талаптарды ескеру қажеттігін басынан кешті.
Соның нәтиіжесінде әр түрлі дәрежеде өзін-өзі реттеу қалыптасты. Мемлекттік және өзін-өзі реттеуші ұйымдардың арасындағы ынтымақтастық, жүйенің өміршеңдігінің маңызды шарты.
Өзін-өзі реттеудің 4 ұйымдастыру құрылымы болады: өзін-өзі реттеудің үлестік құрылымы; бағалы қағаздар нары-ғының комиссиясы; қызметтері жеке көздерден қаржылан-дырылатын тәжірибелі бизнесмендер кеңесі; өзін-өзі реттеуші жүйемен ынтымақтастықты жұмыс жасайтын мемлекеттік департамент.
Үйымдарға заң бойынша немесе үкіметтің тарапынан өзін-өзі реттеуге байланысты өкілеттік берілген. Бұл өкі-леттік диапазоны елдің типіне байланысты ажыратылады. Негізінен өзін-өзі реттеу үш сфераны қамтиды: нарықта жа-салатын мәмілелерді реттеу; нарыққа қатынасушылар облы-сында реттеу; сұраныстарды орналастыру тәртібі және атқаратын қызметтері.
Бұл өзін-өзі реттеу сфералары: екінші реттегі нарықтағы бағалы қағаздарды анықтауды; нарықтык ақпараттарды сауда-саттық ережелерін; мәмілелерді тексеру және орналастыруды; брокерлерді және өкілдері лицензиялауды; брокерлерге қойылатын басты талаптарды, коммерциялық этикалар кодексін; атқару және тәртіп процедураларын қамтиды.
Ведмостволармен өзін-өзі бақылау және өзін-өзі реітеуді қамтамысыз етушілерге қор биржалары жатады. Оның жұмысының қағидасының негізі — нарықтың өтімділігі. Өтімді нарық жеке мәмілелерімен, мәміледен мәмілеге өтудегі аз ғана ауытқу және сатып алушылар бағалары арасындағы аз ғана алшақтықтың болуымен сипатталады. Мұндай нормалардан ауытқу қолайсыз жағдайларды туғызып, инвесторлар арасында дүрбелеңге жол береді. Биржадан басқа реттелген нарықты кездестіру киын. Мұндағы брокерлік фирмалардың әр басқан қадамы, яғни биржадан орын сатып алуға өтініш беріп, биржалық мәміле жасағанға дейінгі қадамдарында биржаның әкімшілігінен комитеттерімен дайындалған көптеген нормалармен реттеліп отырады.
Инвестициялық бизнес жүмысшыларының кәсіби бірлес-тіктері де биржалар сияқты, бағалы қағаздар туралы заңды-лықтарды өздерінің мүшелерінің орындауына толық жауап береді және инвесторлардың мүдделеріне сай, шыншыл, тепе-тең, этикалық мықты бизнесті қамтамасыз ету мақ-сатында олардың қызметтерін реттеуге құзіретті болып келеді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *