Батыс Сібір Генерал-Губернаторлығы

Батыс Сібір Генерал-Губернаторлығы — Ресей империясының 1822 — 91 жылдардағы әкімшілік-территориялық бөлігі. Оның құрамына Тобыл, Томск губерниялары мен Омбы облысы енді. Орталығы алғашқыда Тобыл, 1839 жылдан Омбы қаласы болды. Батыс Сібір генерал-губернаторлығының құрамына енген Омбы облысы қазақтарының Ақмола, Ақсуат, Аягөз, Баянауыл, Қарқаралы, Құсмұрын, [[Көкпекті], Көкшетау округтері “Сібір қырғыздары туралы жарғыға” (1822) сәйкес басқарылады. Округтер болыстарға, болыстар ауылдарға бөлінді. 1868 жылы 21 қазанда бекітілген “Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлықтарының далалық облыстарын басқару туралы уақытша ереже” бойынша құрылған қазақ облыстарының ішінде Ақмола облысы мен Семей облысы Батыс Сібір генерал-губернаторлығына қарады. Ақмола облысына — Ақмола, Көкшетау, Омбы және Петропавл уездері, ал Семей облысына — Семей, Көкпекті, Зайсан, Баянауыл, Қарқаралы және Өскемен уездері енді. Түркістан генерал-губернаторлығы құрамында болған Жетісу облысы 1883 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторлығы қарамағына берілді. 1891 жылы 21 наурызда қабылданған “Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы ережеге” сәйкес Орынбор губернаторлығы мен Батыс Сібір генерал-губернаторлығының орнына орталығы Омбы болған Дала генерал-губернаторлығы құрылды. Батыс-Сібір генерал-губернаторлығы — аумақтық-әкімшілік бірлік, оған Қазақстанның Орта және Ұлы жүздерінің едәуір аумағы енді. 1822 жылы Сібірді Шығыс Сібір және Батыс Сібір генерал-губернаторлығы әкімшілік жағынан бөлуге байланысты пайда болды. Оның соңғысы Тобыл мен Томск губерниясы құрамына кірді, орталық 1824 жылдан Тобыл қаласы, Омбы облысы, 1839 жылдан Омбыда орналасты. 1822-1844 ж. «Сібір қазақтарының жарғысы» бойынша қазақтарындың аумағы 8 сыртқы округ бөлінді: Ақмола, Қарқаралы, Баянауыл, Көкшетау, Құсмұрын, Аманқарағай, Атбасар, Аягөз, бұл аумағы Омбы облысын құрады, ол «Сібір қырғыздарының облысы» деп аталды. Сонымен бірге оған Омбы, Петропавл, Семей және Өскемен сыртқы округ жатқызылды. 1838 ж. Омбы облысы қысқартылды. 1867-1868 ж. Ереже бойынша Батыс-Сібір генерал-губернаторлығы құрамында Ақмола (Омбы), Семей (Семей), Жетысу (Верный) облыстары болды. Олар уездерге, болыстарға, ауылдарға, станицаға бөлінді. Шекаралары үнемі ауысып тұрды. 1891 ж. Ереже бойынша Батыс-Сібір генерал-губернаторлығы бұрынғы әкімшілік шекараны сақтай отырып, Дала генерал-губернаторлығы болып қайта құрылды, ол XX ғасырдың бас кезіне дейін болды. Осындай әкімшілік-аумақтық қайта құрулар қазақтардың этникалық және мәдени тұтастығын бұзуға бағытталған отарлық жүйені басқаруды жеңілдету мақсатында жүргізілді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *