Бастауыш

Бастауыш. Сөйлемде атау септігінде тұрып, ойдың кім, не жайында екенін білдіріп, баяндауышпен қиыса байланысатын тұрлаулы мүшені бастауыш дейміз.

Бастауыш кім? не? кімдер? нелер? кімім? нем? кімі? несі? және баска сөз топтарының заттанып, атау септігіндегі сұрақтарына (қаншасы? нешесі, нешіншісі? қайсы? қандайы? т. б.) жауап береді. Бастауыш баяндауышпен жақ арқылы, кейде жекеше-көпше (1—2 жақта) түрде де қиыса байланысады.
Шеткі үйлерден бір-екі адам шығып айқайлады. Сендер де атты қарасуға шықтыңдар ма? Қызыл күн бұрынғысынан да қызарды. Тымақтылар да көрінеді. (С. Сейфуллин) Бұл төрт сөйлемде адам, сендер, күн, тымақтылар атау септігінде тұрып, баяндауышпен қиыса байланысып (адам айқайлады — екеуі де 3-жақта, сендер шықтыңдар ма —2 жақ, көпше, күн қызарды — 3-жақ, тымақтылар көрінеді — 3-жақ), негізгі ойдың қазығы болып бастауыш қызметін атқарып тұр.
Бастауыш құрамына қарай дара және күрделі болып бөлінеді. Олжабек не болғанын білмеді. Егіс даласы ирек-ирек бел болып калған (Мұст.) деген екі сөйлемнің біріншісінде бастауыш — Олжабек дара бір ғана сөзден болып тұрса, екіншісінде бастауыш — егіс даласы екі сөзден құралып күрделі болып тұр. Бұл жерде даласы дегенді егіс сөзінен бөліп алуға болмайды. Бастауыш атау септігінде зат есім мен есімдіктен болады: Бәйге бригадаға беріледі. Сіз өз басыңызды ғана ойламаңыз (Мұстафин).
Атау септігінде тұрып заттанған басқа сөз таптары да (СЫН есім, сан есім, етістіктің есімше, тұйық етістік түрлері т. б.) бастауыш қызметін атқарады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *