Банктік қызметті бақылау мен қадағалау

Банктік қызметті бақылау мен қадағалау. Банктік жүйенің елдің экономикасында алатын ролі мен орны ауқымды.

Сондықтан несие банктік сфера мемлекеттік органдар жағынан мұқият бақылау мен талдаудың объектісі болып табылады. Әрбір елде банктік қызметті әр түрлі аспектілерде реттеп отыратын, өзіндік бақылау мен құқықтық актілер жүйесі жұмыс істейді. Республикамызда банктерді бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының банктік және басқа да заңдарының сақталуын қамтамасыз етуге, шаруашылық-қаржылық қызметгі және банктегі оның мекелерінде жұмысты ұйымдастыруды кезендік
тексеруге бағытгалған кешенді шаралар жиынтығы ұсынылады.
Банктер үстінен жасалатын бақылау мен қадағалауды: халықаралық, мемлекеттік, аудиториялык және кұрыл-тайшылык деп бөлуге болады.
Республикада банктер үстінен халықаралык. бақылауды Дүниежүзілік банк, Халықаралық валюталық қор, т.б. жүзеге асырады. Олар республикаға өз несиелері мен экономикасын нарыққа көшіру барысында қаржылық және ғылыми-техникалық көмек көрсете отырып, белгілі бір талаптар мен шарттар қояды. Мысалы, елде инфляцияны белгілі бір шекке төмендету, банктік реформа бойынша олардың ұсыныстарын есепке алу, т.б. Сонымен қатар, елдегі экономикалық жағдайдың дамуымен бірге — банктік жүйенің жұмысы мен жеке банктердің қызметін де бақылап отырады.
Мемлекеттік бакылау ведомствадан тыс және ішкі ведомоствалық болады.
Банктер үстінен ведомоствадан тыс бақылауды Президент жанындағы Қаржылық бақылау Комитегі, Жоғары Кеңестік бақылау палатасы, бас салықтық инспекция, құқық қорғаушы органдар жүзеге асырады.
Олар банктік қызметі әр түрлі бағыттар бойышпа тексереді: шаруашылық және операциялық, бухгалтерлік есеп пен есеп берудің жағдайын, заңдық және нормативтік талаптардың сақталуы, клиенттер мүдделерінің қорғалуы, ақша-несие саясатының дұрыс жүргізілуі және т.б.
Банктер қызметіне қадағалау және ішкі ведмоствалык бақылауды банк жүйесінің жоғары буыны — Ұлттық банк өзінің Қадағалау департаменті арқылы жүзеге асырады. Бақылау қызметі туралы VI тарауда толығырақ берілген.
Аудиторлық бакылауды арнайы және тәуелсіз аудиторлық мекемелер, бақылау палаталары, ассоциациялар жүзеге асырады. Аудит өз алдына банктердің қызметіне бақылаудың тәуелсіз нысаны болып табыла отырып, ол ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Банк қызметінің сыртқы аудиті лицензиясы бар арнайы тәуелсіз аудиторлық ұйымдармен немесе лицензиясы бар тәуелсіз жеке аудитормен ақы төлеу келісім-шарты негізінде жүргізіледі.
Аудиторлық ұйымдар және аудиторлар бухгалтерлік есеп пен есеп берудің нақтылығын тексере отырып, қаржы-шаруашылық операциялардың заңдарға сәйкестігі мен олардын мәліметінің растығын бекітеді; іс жүргізу дұрыстығын, құжат айналымының ұйымдастыруылуын келісім-шарт жасау шарттары мен несиенің қамтамасыз етілуін бақылайды; төлемдердің уақтылы төленуін, кассалық тәртіптің сақталуын, т.б. жағдайларды тексереді.
Өз қорытындысында аудиторлар жіберілген қателер мен кемшіліктер бойынша кеңестер мен ұсыныстар береді.
Ішкі аудит жетекші бақылау формасын білдіреді және оны жұзеге аеыруы үшін банкте арнайы ішкі бақылау бөлімі құрылады. Оның негізгі міндеті: бөлімшелерге берген банк жетекшілерінің нұсқауларын дүрыс орындалғанына, банктік қызмет және оның жеке қызмет пен бөлімдердің әлсіз жерлерін анықтау, материалдық және қаржылық құндылықтарының сакталу қауіпсіздігін тексеру және қамтамасыз ету, т.б. жатады.
Банк қызметіне құрылтайшылық бақылау бірнеше формада жұргізіледі: басқарма қызметіне бақылау кеңесінің жүргізетін; ревизиялық комиссия; акционерлерінің бақылауы.
Акционерлер банк жетекшісімен өткен қаржылық жылдағы, оның қызметінің нәтижелері жайлы қажетті мәліметтерді алуға, қорытындыланатын банк қызметіне тікелей бақылау жасауға құқылы және олар бақылау қорытындысын акционерлердің жиналысында жариялайды.
Бакылауды жүргізу үшін акционерлер сараптамашыларды, аудиторларды, т.б. шақыра алады.
Шет елдерде әрбір жеке елде, тарихи даму мен әр түрлі саяси экономикалық факторлар әсерінен қалыптасқан банктердің қызметіне бақылау мен қадағалаудың өзіндік жүйесі бар.
Мысалы, Аңглияда соңғы кезге дейін банктің жұмысын реттейтін арнайы заңдар болған жоқ, ал оларға жасалатын бақылау жасырын және қағаз жүзіндегі сипатта болды.
Бұл елдегі банктер акционерлік компаниялар туралы жалпы Заңмен реттеліп отырды. 1979 ж. заң бойынша банктік қызметгі міндетті түрде лицензиялау және жалпы ұлттық сақтаңдыру қоры құрылды. 1987 ж. банктік заң ірі қарызды беру ережесін, банктердің бірігу тәртібін, аудиторлық тексерілулерді анықтады. Дегенмен де Ұлыбританиядағы банктік қызметке жасалатын бақылау бүгінгі танда да басқа елдерге қарағанда формалды және онша қатаң емес.
АҚШ-та банктік қызметті реттеу басты екі мақсатты көздеді: банктердің тұрақтылығын қамтамасыз ету және олардың күйреуіне жол бермеу; азғана несиелік мекемелердің қолында капиталдың шоғырлануын шектеу және ақша нарығында монополиялық бақылауды болдырмау.
АҚШ-та банктердің күйреуін алдын алуда реттеудің келесідей екі түрі қолданылады: жоғары тәуекелге әкелетін және өтімділікті төмендететін банк операцияларын зандық шектеу және банктік депозитгерді сақтандыру жүйесі.
АҚШ-та заң негізінде филиалдарды ашуды аумақтық бойынша шектейді және ақша нарығында бәсекелестік қатынастарды қолдайды.
Осы саясаттың нәтижесінде Батыс Еуропа және Азия елдеріне қарағанда АҚШ-та көптеген ұсақ филиалсыз банктер сақталған. Барлық банктердің жартысының өз филиалдары жоқ.
АҚІІІ-та банкердің жұмысын қадағалау үшін бақылау органының ең жақсы тармақталған жүйелерінің бірі құрылған. Ұлттық банктер жүйесін бақылауды — ақша айналысының бақылаушылары (ААБ), ал штаттардың банкттер жүйесіне бақылауды — штаттардың банктік департаменттері (ШБД) жүзеге асырады.
Одан басқа бақылауды федералды резервтік жүйе (ФРЖ) және депозиттерді сақтандыру бойынша федералды корпорация (ДСФК) жүргізеді. Енді осы органдарға қысқаша тоқтайлық.
ААБ — бұл казынашылық орган. Оның қол астында 4,9 мың ұлттық банктер бар. Ол ұлттық банктерді құруға рұқсат береді, бақылау мен ревизияны мезгілінде жүргізіп отырады, банктердің бөлімшелерінің ашылуы мен бірігуі туралы өтініштерді қарастырады.
ФРЖ-ның тікелей бағынысында 1056 штаттық банк-мүшелері бар. Сонымен қатар, ФРЖ заң бойынша банктік холдинг-компаниялар (олар 88 мың еншілес банктермен қосқанда, 5,6 мың) үстінен қадағалауды жүргізеді.
Қазақстанның банк 217
ДСФК — тәуелсіз федералдық ведомство. Ол ФРЖ-ның мүше болып табылмайтын (олар 8,4 мың) сақтандырылған штаттық банктерді бақылайды. ДСФК негізінен сақтандырумен айналысады, бірақ ол кез келген банкті тексере алады.
Штаттардың банктік департаментіне (ШБД) 9,5 мың штаттық банктер бағынады. ШБД оларға банктік операцияларға рұқсат береді, тексерулер жүргізеді.
Жекелеген несиелік құрылтайшылар тобының жұмысын бақылайтын үкіметтік емес бақылау органдары да бар, мысалы: банктердің Американдық бірлестігі, клиринттік палаталар комиттетері, тәуелсіз банктер бірлестігі.
Германияда банктерді, банктер үстінен бақылауды Федералдық ведомство сияқты арнайы орган жүргізеді.
Бақылаудың негізгі себебі осы ведомствоның арнайы декретімен, Орталық банктің келісімі бойынша анықталады.
Францияда банктерді қадағалау қызметі Франция банкінің басқарушысы жетекшілік ететін бірнеше комитеттердің қолында шоғыраландырылған.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *