Банктер және олардың клиенттері арасындағы қарым қатынастар

Банктер және олардың клиенттері арасындағы қарым қатынастар. Банктер арасында клиетттерді тарту жөнінде бәсекенің күшеюі банктердің клиенттермен өзара қарым-қатынасты ұйымдастыру сұрақтарына ерекше көңіл бөлуді талап етеді.

«Қазақстан Республикасының банктер және банктік қызмет туралы» заңның ЗЗ-бабы бойынша банктер тең құқылы әріптестер ретінде шыгып, бос несие ресурстары нарығында өз операцияларын жұргізеді.
Олар өз қызметінде, өз клиенттеріне қаражаттарды орналастыру, несие аяу үшін жақсы жағдайлар, банктік қызметтердің әлде қайда кең спектрін көрсете отырып бір-бірімен бәсекеге түседі. Банктер өз клиенттері алдында жауапты.
Банктіңі клиентпен экөномикалық жұмысы — банкке клиентті тартудан бастап, оның шоты бойынша әр турлі банктік операцияларды жүргізуге дейінгі банктік қызметтің барлық жақтарын қамтиды.
Клиенттерді тарту банктен жарнама жаңа қызмет түрлерін ендіруді жетілдіру бойынша, келіссөздер жүргізу, қаржылық, жағдайды алдын ала талдау, әр түрлі келісім шоттарды дайындау, және т.б. бойынша белгілі бір жұмыстарды жүргізуді талап етеді. Осы аталған жұмыстардың барлығы банктің активтері мен пассивтерін басқару қызметімен тығыз байланысты.
Клиентпен жұмыс: есеп айырысу, кассалық және несиелік қызмет көрсету, бірлескен қызмет, депозиттік шоттарды ашу және жүргізу, т.б. әр түрлі келісім-шарттар жасасу негізінде құрылады.
Клиенттердің ағымдағы және есеп айырысу шоттарын ашу, олар бойынша операцияларды жүргізу, есеп айырысу және есеп айырысу-кассалык кызмет көрсету туралы келісім шарт негізінде жасалады.
Есеп айырысу қызметін көрсету туралы келісім-шарттарында, есеп, айырысу немесе ағымдағы шотты ашу және олар бойынша операция жұргізу шарттары көрсетіледі. Есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету туралы келісім-шартта бұдан басқа, тағы да кассалық операцияларды жүргізу тәртібі реттеледі.
Есеп айырысу тәртібі кұжаттардың белгіленген мерзімде
өтуі кепілдемесін қамтамасыз ету керек.
Банктік операциялардың орындалуына жатпайтын кезіндегі банктің материалдық жауапкершілігі осы келісім шартта қарастырылады.
Банктік операцияларға жатпайтындарды орындаған жағ-
дайында банк пен клиенттер Қазақстан Республи-касының Парламентімен бекітілген Қазақстан Респуб-ликасында қолма-қолсыз есеп айырысуды жүргізу тәртібін бұзғаны үшін экономикалық санкциялар туралы ережеге сай жауапкершілікке тартылады.
Банк пен клиенттін, бірлескен қызметін жүзеге асырғанда, екі жақтың құқығы мен міндеттемелері және қаржыландыру тәртібі мен олардың арасында табысты үлестіруі қарастырылған бірлескен қызмет туралы келісім-шарт жасалады.
Клиентті несиелендіру банк пен клиент арасындағы жасалған несиелік келісім-шарт негізінде жүргізіледі және де ол қарыздың мерзімі, шарты мен беру тәртібін және оны өтеуін, сондай-ақ екі жақтың құқтары мен міндеттемелерін қарыз бойынша кепілдеме мен пайыздық өлшерлемелерді реттейді.
Кейбір банктерде несиелік келісім-шартпен (ол бірнеше жылға жасалады) бірге, несиелік хаттамада қолданылады. Соңғысы- ағымдағы жылға жасалады. Оларда жеке сәттер нақтыланады, мысалға, несиенің жеке түрлерін берудің шарттары мен тиімділіктің жалпы және өзіне тән белгілері.
Депозиттік шоттарды ашу және жүргізу туралы келісім-шартта депозиттің ашылу мерзімі, ол бойынша пайыз төлеу тәртібі, осы депозиттік шоттан қаражаттарды алу тәртібі жайлы мәліметтер қарастырылады.
Барлық айтылған келісім-шарттар банктің клиентпен қарым-қатынасының сипатын анықтап, олардың арасындағы келіссөз бір-бірінің қызметін алдын ала, жан- жакты танып білудің нәтижесінде жасалады. Банк әріптесінің қаржылық жағдайы мен несиелік қабілеттілігін белгілеген әдістеме арқылы талдайды, көбінесе көрсеткіштердің төрт тобына негізделеді: өтімділік, айналымдылық, қаражаттары тарту және табыстылық.
Жоғарыда айтылған келісім-шарттардың барлығы банк шешімі сияқты, клиенттің шешімі негізінде де бұзылуы мүмкін. Келісім-шарттың жүргізілу тәртібі мен шарттары алдын ала қарастырылады. Келісім-шарттың бұзылу себебі мынада болуы мүмкін: екі жақтың біреуінің міндеттерін орындамауы, өз міндеттерін орындау кезінде екі жактың біреуінің зиян келтіруі.
Депозиттермен жүргізілетін ағымды экономикалық жұмыс — бұл пассивтерді басқару бойынша банк қызметінің маңызды бағыттарының бірі. Ол банк клиенттерінің шоттары бойынша қаражаттар қозғалысын және депозиттердің неғұрлым өтімдірек топтарынан соғұрлым азырақ өтімді топтарына қатысты өткізгіштік мүмкіндіктерін талдайды. Мұндай талдау банкке сенімсіз клиенттер мен төлем тәртібін бұзушыларды аныктауға көмектеседі. Ондай мәліметтер банкке осындай клиенттерге несие керек болған жағдайда, оларға несие беру туралы шешім қабылдауға қажет болады.
Депозиттермен жүргізілетін ағымды жұмыстың басқа бағыты болып — клиенттердің банк қызметтерінің жаңа түрлеріне деген мұқтаждығын анықтау мен есеп айырысудың формаларын жетілдірілуі жатады.
Банк клиентпен келісуі бойынша несиелік бөлімге қарыз алушының балансы мен басқа да есеп беру формаларын берудің тәртібі мен мерзімін, қаржылық жағдайы мен оның несиелік қабілеттілігін талдайды.
Банк несиенің өз уақытында қайтарылуын қамтамасыз етуі ретінде кепіл, кепілдеме және банктік тәжірибеде қабылданған формадағы міндеттемелерді қабылдайды.
«Қазақстан Республикасы банктер және банктік қызмет туралы» заңның 36-бабына сәйкес банктің несиені өз уақытында қайтару бойынша міндеттемелері мен басқа да төлемдерді орындамайтын клиенттеріне қатысты келесідей шараларды қолдануға құқығы бар:
— қарызды мерзімінен бұрын қайтаруды талап ету;
• осы клиенттердің шоттарында бар кез келген
қаражаттар есебінен қарыз мөлшерін өтеу;
— кепілге алынған мүлікті сату;
Қазақстан Республикасының заңдарына сай, мұндай жағдайда олар төлем қабілеті жоқ қарыз алушылар деп жариялануы мүмкін.
Банктің өз клиенттеріне берген несиелер мен пайыздар бойынша кінәлары ескерусіз қалмайды.
Банктер өз клиенттері мен корреспонденттердің операциялары, шоттары және салымдары бойынша құпияны сақтауға кепілдеме береді. Банктің барлық қызметкерлері банк клиенттері мен корреспондеттерінің операциялары, шоттары мен салымдары бойынша құпияны сақтауға міндетті.
Банктің заңды тұлғаларының шоттары мен салымдары, операциялары бойышиа анықтамаларды соттарға, арбитражды соттарға, тергеу жүргізу және прокуратура органдарына және салық салу сұрақтары бойынша салық органдарына береді.
Жеке тұлғалардың шоты мен салымдары бойынша анықтамалар өз клиенттері мен олардын, басқа соттар мен тергеуші органдарға да беріледі.
Салым салушылардың мүдделерін қорғау мақсатында банктер банктік депозиттерді ұжымдық сақтандыруды жүзеге асыра алады.
Салымдарды сақтандыру жүйесі банктің банқротқа ұшыраған немеее төлем қабілетсіз болған жағдайда барлық салым иелеріне белгіленген соммаға дейін зиянның орнын толтыруын кепілдейді.
Банктер мен олардың құрылтайшылары, басқадай клиенттері арасындағы барлық келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес соттың тәртібімен шешіледі.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *