Ақыл-ой тәрбиесінің мақсаты

Ақыл-ой тәрбиесінің мақсаты — балалардың ақыл-он күштерін және интеллектуалдық қабілеттерін дамьпу. Жеке тұлғаның адамзат мәдениетіне ену процессінде білімнің ролі, ақыл-ой мәдениетінің құрамды бөлігі ретінде қарастырылатын тұлғаның ғылыми көзқарасы өте өзекті. Ақыл-ой тәрбиесі барысында балалардың танымдық қызығушылықтары, логикалық ойлау, есте сақтау, зейін қою, елестету қабілеттері, икевділіктері мен дарындылықтары дамиды.

Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері:
— танымдық қызығушьшықты дамьпу;
— танымдық белсенділікті қалыптастыру;
— белгілі білім көлемін меңгеру;
— ғылыми көзқарасты қалыптастыру;
— ақыл-ой күштерін, қабілеттерін дамыту;
— ғьшыми ақпараттар ағысында өз бетінше білім алуға ынталандыру.
Ақыл-ой тәрбиесі ғылымдар негіздерін, өндірістің ғылыми принциптерін зерттеуді қарастырады. Ақыл-ой тәрбиесі білімді тереңдетуге, бекітуге, оның тәжірибелік мәнін түсінуге септігін тигізеді.
136
Ақыл-ой тәрбиесін жүргізу барысында мұғалімдер оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеріп отырулары тиіс. Кейбір балаларда дарындылықтары бір салада жақсы байқалса, басқаларыныкі — басқа салада байқалады. Жас ерекшеліктері бірдей болсада балалар арасында тез немесе өте баяу жұмыс жасайтын, ойлау, есте сақтау мүмкіндіктері және меңгерген теориялық материалды қайта айтып беру кабілеттері әр-түрлі оқушылар кездеседі.
Адамгершілік тәрбиесі — тұлғаның әлеуметтік ортада тіршілік етуіне қажетгі қоғам талабына сай балалар бойында тұрақты моральдык касиетгерді, нормалар мен адамгершілік идеалдарды, жалпыадамзаттық құндылықтарды, адамгершілік қасиеттерді үйрету және қалыптастыру.
Адамгершілік тәрбиенің мақсаты — жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделген тұтас адамгершілік тұлғаны қалыптастыру.
Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері мен мазмұны мораль, этика, адамгершілік, адамгершілік ұғымдар, түсініктер, сезім, әдептілік, өзін-өзі ұстау мәдениеті деген ұғымдармен тығыз байланысты болады. Адамгершілік тәрбиесінің бір ерекшелігі оның оқушылардың іс-әрекеттерінің кез келген түрімен байланысты болуында.
Адамгершілік тәрбиенің міндеттері:
— адамгершілік сана-сезімді қалыптастыру;
— адамгершілік сезімдерді тәрбиелеу және дамьпу;
— адамгершілік мінез-құлықтың әдеттері мен іскерліктерін қалыптастыру;
— адам санасында оның қоғаммен байланыстылығын, қоғамға тәуелділігін, қоғам мүддесіне өзінің мінез-құлқын сай болу қажеттілігін қалыптастыру;
— қоғамның адамгершілік идеалдарымен, талаптарымен таныстыру, олардың заңдылығы мен парасаттылығын дәлелдеу;
— өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі жетілдіруге талпынуды қалыптастыру.
Адамгершілік адамның тұлғалық сипаты болып саналады да, мейірімділік, ұжымдылық деген қасиеттерді біріктіреді. Ұлы Абай шығармашылығының негізгі өзегі — адамның адамгершілігі, ар-ұяты, ақылдылығы болып келеді, мысалы «Адам бол», «Өзіңдегі адамгершілікті сақта»- деген өсиеттері осыны айғақтайды.
Сонымен қатар, адамгершілік тұлғанын басқа «Мен»- дермен әрекеттесу процесін қамтитын қарым-қатынастар жүйесі болып табылады. Осы қарым-қатынастар адамгершілік нормалар мен мінез-құлық механизмдерін игеруге әкеледі (Хмель Н.Д.).Тұлғаның адамгершілік нормалары мен талаптарын меңгеру механизмдерінің ерекшеліктері адамгершілік тәрбиеге жағымды психологиялық жағдай тудырумен, адам іс-әрекеттерінің адамгершілік жақтарын және нәтижелерін бағалаумен тығыз байланысты болады.
Бірақ қоғам өмірінің нормаларын қадағалап қорғайтын заңдардың маңыздылығын қарастырмай адамгершілік тәрбиесінің мазмұны толық ашылмайды.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *