Ақша несие саясатының құралдары

Ақша несие саясатының құралдары. Пайыздық саясат ақша-несие саясатының құралдарының бірі болып табылады.

Ұлттық банк ақша нарығының сұраныс пен несие бойынша ұсыныстың инфляция деңгейінің жалпы жағдайларына және инфляциялық күтімдеріне байланысты анықталатын ортақ қайта қаржыландыру мөлшерлемесін бекітеді. Ұлттық банк өзінің пайыздық саясатын мемлекеттің ақша-несие саясатын іске асыру мақсатында, нарықтың пайыздық мөлшерлемесіне әсер ету үшін қолданады. Қайта қаржыландыру мөлшерлемесін анықтау кезінде Ұлттық банк пайыздық мөлшерлемесін оң және нақты түрде ұстап тұру мүдделігін ескереді.
Теңгені айналысқа енгізгеннен кейінгі пайыздық саясаттың негізгі мақсаты — теңгені несиеге деген сұранысын азайтатын, ал оның артынан ақша массасының өсім қарқынын азайтатын, сәйкесінше инфляцияны төмендетуді қамтамасыз ететін деңгейге дейін көтеру. Жоғары пайыздық мөлшерлемелер, дәлірек айтқанда, пайыздар үшін төлемдер шығындарды құрайтындардың бірі. Яғни жаңа пайыздық саясат өзінің нәтижесін қандай да бір анықталмаған болашақта емес, қысқа уақыт аралығында беруі керек.
Қазақстандағы жоғары қарқынды инфляцияға қарсы күресте пайдалануға мүмкіндік беретін келесі бір факторға -шетел валютасына деген шектен тыс сұранысты азайту шаралары жатады. Теңгені енгізгеннен кейін жарты жыл ішінде валютаның бағамдық айырмасы есебінен алыпсатарлық жолмен табыс алу мүмкіндігінің болуы ірі банктердің қысқа мерзімді капиталының қарыздық нарықтан еліміздің валюта нарығына ағылуына жол берді. Айырбас бағамымен анықталатын теңгенің сыртқы құнының көрсеткіштері мен қарыздар бойынша пайыздық мөлшерлемелер және бағалы қағаздар бойынша табыстылық арқылы анықталатын теңгенің ішкі құнының көрсеткіштері арасындағы қатынастың бұзылуы ұлттық валютаның тұрақтылығына кері әсерін тигізеді.
Ұлттық банкінің қайта қаржыландыруының ресми мөл-шерлемесінің өзгеру динамикасы — 1994 жылы қаңтар-ақпан айларында 270%, ал наурыз-тамыз айларында 300% құрады. Теңгенің айырбас бағамының тұрақтануы мен инфляцияның төмендеуіне байланысты 1994 жылдың ортасынан бастап пайыздық мөлшерлемесінің деңгейі қыркүйекте 280%-ға дейін төмендеп, ай сайын азайып отырды. 1994 жылдың аяғында ол 230%, 1995 жылы — 52,5%, 1996 жылдың қыркүйегінде — 30%, 1997 жылы — 24% құрады.
Қаржы операцияларының барлық түрлері бойынша пайыздық мөлшерлемесінің деңгейі Ұлттық банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бойынша индикативті анықталады. Сауданың түрлері бойынша төленетін пайыздық мөлшерлемелер өзара кейбір негізгі себептермен ерекшеленеді. Олардың арасынан мыналарды бөліп көрсетуге болады: қарыз мерзімінің әр түрлілігі, пайызды төлемеуімен байланысты тәуекелдің деңгейі және пайыздық мөлшерлемесінің өзгеру мүмкіндігімен байланысты тәуекелдің деңгейі.
Мемлекеттік қазыналық міндеттемелер, банкаралық несие, Ұлттық банкінің ноталары бойынша пайыздық мөлшерлемелер сауда мәніне сай келеді. Жалпы барлық нақты нарық пайыздық мөлшерлемелер 1994 жылдың тамызынан бастап оң көрініске ие болды.
Ұлттық банкінің ноталы және қазыналық вексельдер бойынша табысы Ұлттық банкінің банкаралык несие бойынша табысынан төмен болды. Бүл мемлекеттік қазыналық міндеттемелер және Ұлттық банкінің ноталарынын пайызды және қарызды төлеу жағынан несиелерге қарағанда үлкен сенімділігімен түсіндіріледі.
Резервтік талаптар. Банктерге берілетін несиенің көлемін реттеу үшін, банктің өз міндеттемелері бойынша төлей алмау тәуекелін төмендету және банктердің акционерлері мен салымшыларының мүдделерін қорғау мақсатында Ұлттық банк резервтік талаптар механизмін қолданады.
1993 жылы 1 қаңтарда енгізілген «Қазақстан Республикасының коммерциялық, кооперативтік және жеке банктердің қызметтерін реттеу туралы» Ережесіне сәйкес міндетті резерв бойынша норматив 18-20% көлемі қарастырылған. Бұл ереже 1994 жылы мамыр айына дейін қызмет етті, осы жылдан бастап норматив банктердің теңге және шетел валютасындағы жалпы депозиттік міндеттемелерінен 30% мөлшеріне дейін өсті. 1994 жылдың 1 тамызында шетел валютасындағы депозиттік міндеттемелер бойынша норматив 15%-ға дейін төмендеді.
Банктердің міндетті резерв нормативінің көбеюі, 1994 жылдың бірінші жартысында ақша мультипликаторының тез өсуімен түсіндіріледі. Егер 1994 жылы 1 каңтарда ақша массасының көлемі ақша базасынан 1,61 еседен асса, 1994 жылдың 1 көкегінде бұл мөлшер 2,21, ал 1 шілдеде — 3,1 есеге жетті. Ақша-несие саясатының осы құралын пайдалану арқылы және банктер қарыз алушылардың несие қабілеттілігің бағалауына қатаң көзкарас орнату нәтижесінде 1994 жылдың 1 қазаныңда ақша мультипликаторының мөлшері
1,66 деңгейге азайтылды. 1995-1996 жылдар арасында ақша мультипликаторы 1,8-1,9 деңгейге дейін сақталынды.
Банк резервтерінің шамадан тыс өсуіне байланысты (Ұлттық банкідегі корреспонденттік шоттағы қаражаттар) резервтік талаптардың мөлшерін азайтып қана қоймай, сонымен қатар, резервтеудің баламалы тәртібіне ауысу мүмкіндігі пайда болды. Яғни экономикалық нормативтерді орындайтын банктердің корреспонденттік шоттағы қаражаттарының мөлшері резервті талаптардан кем болмау керек еді. Ал 1995 жылы резервтік талаптардың нормативі 20%-ға, 1996 жылы -15%-ға дейін төмендеңді.
Ұлттық банк орташа айлық қалдыққа байланысты пайызды баңктің корреспонденттік шоты брйыңша төлейді (резервтік талаптан аспайтын). Резервтер бойынша пайызды төлеу резервтік талаптардың жоғары болу жағдайында несиелер және тартылған депозиттер бойынша банктердің пайыздық мөлшерлемесі арасындағы айырманы азайту қажеттілігінен туындайды.
1995 жылдың басында жалпы банктер арасында баламалы резервтерден құрылған банктердің үлес салмағы 32,6%-ын құрады, ал жыл аяғында — 48,4 %.
1995 жылы баңктердің 13,5%-ы резервтік талаптардың орындалуын бұзды. Мұндай банктерге айып-пұл (түрінде) санкциялары қолданылды.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей міндетті резервтер деңгейіңің тым жоғары болуы қаржы делдал түріндегі банкі жүйесінің тиімділігін әлсіретеді, өйткені резервтердің минималды нормасының үлкеюі несие ресурстарының экономикаға құйылуына кедергі жасайды. Бұдан жоғары міндетгі резервтер нормасы АҚШ-та және Германияда қолданылады.
АҚШ-та міндетті резервтер сомасы банктің категориясына, депозиттің мөлшеріне, түріне байланысты. Ол федералды резервтік банктердің пайызсыз депозиттік шоттарында сақталынады, артық резервтер федералды резервтік банктердің негізгі көзін, яғни АҚШ-тың ақша нарығында ең негізгі процесстерінің бірі болып табылатын операциялар қөзін құрайды. АҚШ-тағы банк жүйесіндегі резервтерінің басты ролі коммерциялық банктердің несиелік операцияларын бақылау болып табылады.
Банктердің Федералды Резерв жүйесінің (ФРЖ) Басқарушылар кеңесі, заңмен бекітілген резервтер көмегімен, коммерциялық банктердің несиелеу қабілетіне әсер етеді. Оның мақсаты банк несиесінің артықшылығын немесе кемшілігін болдырмау. Бұл саясат коммерциялық банктердің несие көмегіне қаншалықты жағымды әсер етсе, соншалықты басқарушылар кеңесінде экономикада іскерлік белсенділігінің ауытқуын болдырмауына мүмкіндік болады. Осындай жанама жолмен коммерциялық банктің несиесін бақылау құралы сияқты (яғни экономиканың тұрақтылығы) резервтер өтімділік көзі болмайды, бұлар тек салымшыларды қорғайды деп есептейді (Кэмпбелл Р. Макконелл, Стэнли Л. Брю)1.
ФРЖ экономикалық дағдарыс кезеңінде міндетті резерв деңгейін жиі төмеңдетуге дейін барды, сөйте отырып іскерлік белсенділіктің дамуын ынталандыруға тырысты. Керісінше, 1973-1974 жылдары инфляциялық процестерді тежеу мақсатында ФРЖ міндетті резервтердің деңгейін уақытша көтеріп отырды.
Ақша-несие қатынастарын мұндай бақылау және реттеу механизмі ашық нарықтағы операцияларға және есеп мөлшерлемелерінің өзгерісіне қарағанда сирек пайдаланылады.
Несие операциялары Ұлттық банкі пен Қазақстан Рес-публикасының Министрлер Кабинеті арасындағы, 1994 жылы қаңтар айындағы меморандумына сәйкес Ұлтгық банк несиені үш негізгі бағыт бойынша береді. Директивті несиелер Үкімет белгілеген басымдықтар бойынша мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабу үшін коммерциялық банктер арқылы және несиелік аукциондар арқылы банктерге берілетін несиелер. 1994 жылы Министрлер Кабинетінің қарамағына Ұлттық банк ұсынған (27,5 млрд. теңге) несиелердің 75%-ы несиеге берілген. Сонымен бірге, бюджеттің кірісіне бөлінбеген пайда және 16,5 млрд. теңге сомасындағы депозиттер үшін төлемге аударылған. Бұл таза төлемдер бюджет кірісінің 17% несиесін құрады.
Директивті несиелердің айналасында қиын жағдай пайда болды. Сондықтан бұл несиелерді қайтару бойынша жұмыстарын тоқтатты, олар несие Үкіметтің кепілдемесі бойынша төленеді деп сенді, өйткені несиелер Қаржы министрлігі және Экономика министрлігінің рұқсаты арқылы, несиелік қабілетіне байланыссыз барлық шаруашылық органдарға берілді. Нәтижесінде 4,6 млрд. теңгеден (қайтарылуы міндетті сомадан) 1994 жылы 1,8 млрд. теңгесі ғана қайтарылды.
Сөйтіп, банк жүйесі арқылы төлем қабілеті жоқ кәсіпорындарға қысым көрсетілді, олар банк несиесі есебінен бюджет дотациясын жасады, өйткені несие қайтару жүгі Қаржы министірлігіне ауысты.
Санациялау мен банкроттық механизмін пайдаланусыз басымдылық салалардың кәсіпорындарының қаржы мәселесін шешудің сәтсіз аяқталуы нәтижесінде 1995 жылдың ақпанынан бастап, директивті несиені беру тоқтатылды.
1994 жылғы ақпан-көкек айларындағы, кәсіпорындардың міндеттемелері мен өзара талаптарын республика ішіндегі шаруашылықаралық есепке алу арқылы төлемсіздік мәселесін шешуге ынтасы өткен жылдың тағы бір рецидиві болып шықты. Есепке алу нәтижесінде өткен жылғы наурыз айындағы ақша массасы оның алдындағы айдың көрсеткішіне қарағанда 40,6 % -ға, ал көкек айында — 56,4% -ға өсті.
Төлемсіздікті шаруашылықаралық есепке алу арқылы шешу, бір жағынан мәселені шешсе, екінші жағынан кәсіпорындардың айналым қаражаттарын жоғалтуға әсер ететін факторды — бағалардың өсуін ынталандырды. Ақша-несие саясатының бұл құралы өткен уақыттың еншісінде қалды. Оның орнын тұрақты түрде жұмыс жасайтын клиринг алу керек және ол кәсіпорындардың қаржы тәртібін сақтаған кезде ғана төлемсіздік мәселесін шешуге мүмкіндік береді.
Үкіметтің несиелеу көлемі әрқашан бюджет тапшылығының деңгейімен және оны баламалы көздер арқылы жабу мүмкіндігімен анықталды. Қаншалықты бюджет тапшылығы жоғары болса, солғұрлым несие эммиссиясының ықтималдығы үлкен болады да, ол инфляцияға ықпал етеді. Сөйтіп үкімет оған балама инфляциясыз көздерді кеңейтуге мән береді, ондай көздерге: сыртқы қарыздар және үкіметтің бағалы қағаздары жатады.
Ұлттық банк 1994 жылы көкек айында мемлекеттік қысқа мерзімді міндеттемелердің бірінші аукционын өткізгенде Қаржы министрлігі бастапқы үш айда сату көлемін 1,5-2,3 млн. теңгеден, 1994 жылы желтоқсан айында — 171,7 млн., ал 1996 жылдың маусымында — 3 млрд. теңгеге дейін көтерді. Дисконттық баға 1994 жылы маусымда — 55,65%-дан 1996 жылдың ортасында 92,92%-ға дейін өсті.
Аукциондық несиелер 1 айдан 3 айға, кейін 6 айға Дейін берілді.
1995 жылғы қаржы нарығының жаңалығы — Банкаралық қаржы палатасы ұйымдастырған банкаралық несиелерді сату болды.
1995 жылы Ұлттық банк арқылы ломбардтық негізде несие беру тәжірибесі басталды. Аталған несиелердің көлемі үлкен емес, бұлай болуы олардың экономикалық мәнімен байланысты. Банктер бұл несиелерді өте қажетті жағдайларда ғана қолданады.
1995 жылы орталық несиелер бойынша банктердің қарыздарын қайта кұру процесі басталды, бұл позитивті бағаланды, өйткені 1993-1995 жж. берілген қарыздары бойынша айып-пұлдар мен пайыздың өсуі түріндегі қарыздардың көбеюі және жиналуы республикадағы жалпы экономикалық жағдайға кері әсерін іигізді, соның ішінде төлем жағдайына және есеп айрысу тәртібіне ықпал етгі.
Ашық нарықтағы операциялар. Бұны Орталық банкпен екінші нарықта ақша массасының көлемін реттеу мақсатында бағалы қағаздарды сату-сатып алу операциялары ретінде түсінуге болады. Бұл айналыстағы, коммерциялық банкілердің өтімділігіндегі және несиелік салымдардағы ақша массасын реттеудің ең икемді әдісі. Мұның мағынасы мынадай, Орталық банкінің ақша эмиссиясын тоқтату және банктердің несиелік экспансиясын шектеу мақсатында, нарықта бағалы қағаздарды сатып, бұл қағаздарды сатып алған банктердің резервтік шоттарынан белгілі бір соманы есептен шығару. Керісінше, ақша шығаруын және несиелерді беруді ынталандыру үшін Орталық банк кері операциясын жүргізеді -бағалы қағаздарды сатып алып, оның құнын банктердің резервтік шотына аударады. Осылармен Орталық банк ашық нарықтағы (өзінің) операцияларымен банк жүйесінде өзінің
өтімділігін жоғарлату үшін жағымды жағдайлар жасайды немесе керісінше, сонымен бірге айналыстағы ақша массасының көлемін реттейді. Егер бағалы қағаздар Орталық банкпен алдын ала дараланған бағам бойынша сатылса, онда Ұлттық банк сатып алушыларды ынталандыру үшін және сонымен олардың несиелік қабілеттерін төмендету үшін нарықтық бағамнан төмен бағаммен бекітеді.
Орталық банк бағалы қағаздарды сатып алған кезде ком-мерциялық банктердің минималды резервтер мөлшерін көбейтіп, клиенттермен активті қарыздық операцияларды жүргізу мүмкіндігі кеңейеді, яғни ақшалардың қолма-қолсыз эмиссиясы үлкейеді. Орталық банк коммерциялық банктерге бағалы қағаздарды сатқан кезде олардың резервтегі қаражаттары азаяды, ал банктердің несиелік ресурстары қысқарады, нәтиіжесінде ақша массасы азаяды. Міне, сөйтіп Орталық банк ашық нарықта бағалы қағаздары бойынша операциялары арқылы айналыстағы ақша массасының көлеміне, коммерциялық банктердің резервтеріне, олардың несие қабілеттеріне әсер етеді.
Ұлттық банк ашық нарықта бағалы қағаздармен операциялар жүргізу формасы бойынша: тікелей немесе қайтарымды болуы мүмкін. Тікелей операция коммерциялық банктерге бағалы қағаздарды қалыпты түрде сату немесе сатып алу түрінде сипатталады. Қайтарымды операциясының мағынасы кемиді. Орталық банкпен бағалы қағаздарды сату немесе сатып алу операциясы орындалғаннан кейін, міндетті түрде алдын ала белгіленген бағам бойынша орындалған операцияға кері операция жүргізілуі керек.
Аукционды белгілі бір тәртіппен бір күнде жүргізеді, бұл Орталық банктің бағалы қағаздардың жаңа партиясын сатып алу күні мен алдында сатып алынған бағалы қағаздардың қайта сатылу күні сәйкес келуі үшін жасалады.
Бұның бәрін Орталық банк айтылған операция арқылы коммерциялық банктердің несиелік мүмкіндіктерін реттеу мақсатында жүргізеді. Егер Орталық банк алдында сатып алған бағалы қағаздарын қайта сату көлемі жаңа партия көлемінен көп болса, банктердің несие ресурстарының мөлшері шектеледі және керісінше.
Орталық банк ашық нарықта операцияларын мұқтаждық пайда болуына немесе ақша-несие эмиссия көлемінің кеңеюіне байланысты жүйесіз жүргізеді.
1995 жылдың ортасынан бастап, Ұлттык банк өзінің жеке меншік бағалы қағаздар портфелін құрастыруы бойынша жұмыс жүргізе бастады. Осыған орай, ол — 386,6 млн. теңгені құрады, сәйкесінше айналым мерзімдері әр түрлі қазынашылық міндеттемелерінің нарықтағы айналымында болған жалпы сомадағы үлесі 6,8% құрады.
Ақша саясатының кұралы ретінде Ұлттық банкіге ашық нарықта операцияларды пайдалануға бағалы қағаздардың жеткіліксіз «портфелі» жол бермейді. Мемлекеттік бағалы қағаздарды Ұлттық банкінің сату-сатып алу операциялары көбінесе екінші реттегі нарықты жандандыру мақсатында жүзеге асырылады. Егер, оның даму динамикасы бойынша қарасақ мұндай жағдай негізінен мүмкін болады.
Ақша массасын шүғыл түрде реттеудің басты құралына ақша агрегаттары бойынша мақсатты бағдардан шығатын, көлемі белгіленген Ұлттық банкінің ноталарының эмиссиясы жатады.
Валюта нарығындағы операциялар арқылы өтімділікті қамтамасыз ету саясаты. Ұлттық банкінің валюталық нарықтағы интервенциясы жалпы ақша-несие саясатының шегінде жүзеге асты. Ұлттық банкінің шетел валютасын сату, егер ақша базасының өсімі басқа факторлардың әсерінен шетел активтерінен басқа болатын жағдайда, 1995 ж. жағдайлар көбінесе ақша массасының өсімін стерилизациялау және теңгенің айырбастау бағамын реттеу мәселелерін бір уақытта шешті. Бірақ кейбір айларда таза шетел активтерінің өсімі Үкіметке берілген таза несиелер өсіміне қосарланды, сонда ақша базасының өсімінің төмендеуі, Ұлттық банкінің екінші деңгейлі банктеріне беретін несиелерінің азаюы және Ұлттық банктің ноталарын эмиссиялау есебінен жүзеге асты. Осы кезеңдерде валюта бағамының саясаты ақша массасын реттеу саясатымен қарама-қайшылықта болды. Теңгенің айырбастау бағамын реттеуге Ұлттық банкінің қатысу дәрежесінің төмендеуі бұл қарама-қайшылықтарды жоюға мүм-кіндік беріп, бір уақытта, ақша массасына валюталық интер-венцияларының әсер ету тиімділігін төмендетті.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *