Ақшаның экономикалық мәні
Ақшаның экономикалық мәні. Ақшаның өмір сүруіндегі объективті қажеттілік ол тауар өндірісі және тауар айналысының болуына негізделеді.
Кез келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бір-бірінен бөлінбейді. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.
Бірақ XVI ғасырдың басында (1516 ж.) утопиялык социализмнің негізін қалаушы Томас Моор өзінің «Жаңа Утопия аралы және мемлекеттің үздік құрылымы туралы алтын кітап» деген еңбегінде: «Алдау, ұрлау, тонау… кісі өлтіру заң тәртібімен қатаң жазаланатынын кім білмейді, әйтсе де бұл жөнінде алдын ала ескертілмеу мүмкіндігі бар жерде алдымен ақша құрымай, олар да жоғалмайды, сонымен бірге, ақшаның жоғалуына байланысты адамдардын алаңдаушылығы, қайғысы, қиыншылықтары және ұйқысыз түндері де ұмытылар еді. Егер ақша адам өмірінен алысталынатын болса, онда тіпті ақша қажеттілігінен туған ке-дейліктің өзі де жойылар еді»‘.
Ол аздай Т. Моор тағы былай деді: «Қай жерде болсын барлық нәрсені ақша өлшемімен өлшейтін болса, онда ол жерде мемлекеттік істердің табысты және дұрыс ағысының болуы мүмкін емес»2.
XIX ғ. Социал утопистері — Прудон, Оуэн, Грей және баскалар ақшаға теріс көзқараста болды. Прудон тауар өндірісін сақтай отырып, ақшаны жоюдың жобасын ұсынды және оны дәлелдемек болды.
Мүндай ойлар Ресейде де айтылды. Қазан революция-сынан (1917) кейін, азамат соғысы жылдарында ақшаның құнсыздануы байқала бастаған кезде ақшаны жою сәті келеді, яғни тарихтың өзі осыған алып келді деген тұжырымдар пайда бола бастады. Керек десеңіз ауыл шаруашылық өнімдерін өнеркәсіп өнімдеріне тікелей айырбастауды ұйымдастыруға тырысты. Шындығында, оның бәрі сәтсіз аяқгалды. С.Г. Струмилин ақшаның орнына еңбек бірліктері -тредаларды, ал ағылшын экономисі Смит Фальтнер энергетикалық бірліктерді — энедаларды пайдалануды ұсынды.
Осыған байланысты К. Маркс былай дейді: ақшаларды жоя отырып, біз қоғамдық дамудың ең жоғары сатысында (коммунизмде) болуымыз мүмкін немесе ең төменгі сатыға (алғашқы қауымдық құрылысқа) қайта оралар едік. Қанша дегенмен де коммунизм — ол киял, сондықтан да ақша болған, олар бар және бола береді.
Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала береді, бірақ тауар ерекше жалпылама эквивалент.
Ақша — жалпы бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуыменен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.
Жалпыға бірдей эквивалент ролі тарихи түрде алтынға бекітілген. Алтынның басқа барлық тауарлардың құнын бейнелеу қасиеті, оның табиғи қасиеті емес. К. Маркс айтқандай: «Табиғат ақшаны жаратпайды. Алтынға бұл қасиет қоғаммен берілген».
Алтын жалпыға бірдей эквивалент ролін орындау үшін ең бір лайық тауар болып қалып отыр. Біріншіден, ол ерекше табиғи сапаға ие: бөлінуі оңай, әдемі, бұзылмайды, тот баспайды, тек қана «патша арағында» (2/3 тұзды және 1/3 азот қышқылында) ериді. Екіншіден, ең бастысы алтын жоғары құнға ие. Қанша дегенмен оның қорының аз болуы, алтынды өндіруге кететін еңбек шығындарының өте жоғары болуына әкеліп соқтырады. Алтынды тұтыну жылдан-жылға өсуде. Ол әр түрлі салаларда пайдаланы-лады — электроникадан бастап зергелік істерге дейін, бірде өте жұқа қалыңдықпен, бірде балқытылған құймалар түрінде кездеседі. Тек қана циферблаты 6 м диаметрдегі Кремль курантына алтын жалату үшін 26 кг алтын жұмсалады, мұндағы алтын жалату қалындығы 3 мк. жуық. 4000 жылдардан бастап б.ғ. және 1985 жылға дейін әлемдегі барлық өндірілген алтын 90 мың т. кұрады. XX ғасырда 60 мың тоннадан астамы өндірілді, соның ішінде 30 мың тоннаға жуығы — екінші дүние жүзілік соғыстан кейін өндірілген.
Ресей XIX ғасырдың 20-жылдарында алтын өндіруден бірінші орында болды. Өткен ғасырдың 40-жылдарында оның дүниежүзілік алтын өндірісіндегі үлесі 40%-ды құрады1.
Алтын өндіру қиын және капиталды көп қажет етеді. Сонымен, 1 кг алтын алу үшін 3000 м орта тереңдіктегі тау қыртыстарының 100 тоннасын қайта өңдеуі қажет.
Алтынды ең көп өндіретін Оңтүстік Африка Республикасында (ОАР) алтын өндірушілердің еңбек ету жағдайы құлдардың өмірі сияқты: олар 40°С-ден жоғары температурада терең жер астыларында жұмыс істейді. Мұнан бұрын, ОАР-да әлемдік алтын өндірісінің 2/3-і өндірілсе, ал қазір 1/3-і ғана өндіріледі.
Алтынды өндіру дүниежүзінде апатты жағдайда құлдырауда.
Қазақстанда 160 алтын кен орындары бар. Соның ішінде 60-сы жұмыс істеп тұр және олардың жылдык өнімі 1994 жылы 25 тонна алтынды құрады.
Алтын тек қана алтын валюта резервтерді ғана құрамайды, сонымен бірге электронды-есептеуіш және компьютерлік техникаларды, түнгі механикалык аспаптарды, синтетикалық талшықтарды жасау үшін де қолданылады.
Жасанды алтынды ойлап табу сұрақтары әр кез адамзатты толғандырды. Бұныменен ежелгі уақыттарда ал-химиктер еңбектенді. Ежелгі Египетте жалған алтын құймалары табылған. Біздің ғалымдар ұзақ уақыт іздену мен сынақтар жүргізулері нәтижесінде нағыз алтынды мынадай құрамда алды: палладий — 65%, индий — 35%. Электр кедергісі алтынның техникалық қүймасына жақын. Жаңа құйма қаттылығы алтыннан алты есе асып түседі.
Құрамын өзгерте отырып (палладий — 55%, индий -45%) червондық алтын1 алынды, бірақ мұндай алтынды жасанды жасау бұл процестің тиімділігін көрсетпеді. Қазіргі ядерлік физика атомдардан күкірт және сынаптан алтын атомдарын алуға мүмкіндік берді. Бірақ жасанды алтынды жасау мүмкіндігі бұл процесті тиімді етпейді. Мұндай алтыннын өзіндік құны өте жоғары және бұл жолмен алынған металл табиғи алтынменен өзінің бағасының төмен болуына байланысты нарықта бәсекеге түсе алмайды. Сонымен қатар, жасанды алтын өнеркәсіпте, тіс салуда және зергелік бүйымдарды жасауда пайдаланылады, бірақ еш уақытта ол жалпыға бірдей эквивалент ретінде бола алмайды. «Ақша — зат емес, ол — қоғамдық қатынас»2.
Олар шындығында қоғамдық қатынастарды тудырушылар болып келеді. Бұл дегеніміз, қоғамнан бөлінген адамдар үшін ақша керек еместігін білдіреді. Робинзон Крузоға олар керек болмаған. Батып бара жатқан кемеден құтқарылып алынған заттар оған адам аяғы баспайтын аралда қажет болған, ал ақшалар болса өзінің барлық құндылығын жоғалтты.
Ақша — өндіру мен бөлу процестерінде адамдар арасындағы белгілі бір экономикалық карым- қатынас-тарды көрсететін, тарихи даму үстіндегі экономикалык категория болып табылады. Экономикалық категория ретінде ақшаның мәні оның үш қасиетінің бірігуімен көрініс табады.
— жалпыға тікелей айырбасталу;
— айырбас құнының дербес формасы;
— еңбектің сыртқы заттық өлшемі.
Жалпыға тікелей айырбасталу формасында ақшаны пайдалану, кез келген материалдық құндылықтарға ақшаны айырбастау мүмкіншілігінің бар екендігін көрсетеді. Социализм жағдайында бұл мүмкіндік елеулі қысқарды және тік қоғамдық жиынтық өнімді пайдалану және бөлумен ғана шектелді. Кәсіпорындар, жер, орман, жер асты байлықтары сатылмады және сатып алынбады. Қазіргі кезде жекешелендіру процестерінің жүруімен байланысты, жалпыға тікелей айырбастау формасында ақшаны пайдаланудың көлемі едәуір кеңіді.
Ақшаның айырбас кұнынын дербес формасы ретінде пайдалану тауарларды тікелей өткізуменен байланысты емес. Ақшаны бұл формада қолдану жағдайлары олар несие беру, бюджеттің кірістерін қарыздық берешектерді өтеу, мемлекеттік бюджеттің кірістерін калыптастыру, өндірістік және өндірістік емес шығындарды қаржыландыру, Ұлттық банктің несиелік ресурстарды басқа банктерге сатуы және т.б.
Еңбектің сыртқы заттық өлшемі тауарды өндіруге жұмсалған енбектің,олардың ақша көмегімен өлшенуі мүмкін құнын анықтау арқылы көрінеді.
Ғалым-экономистердің арасында алтынның ақшалай тауар ретіндегі ролі туралы әр түрлі көзқарас бар. Біреулер алтынның демонетизациялануы аяқталып, ол жалпыға бірдей эквивалент және ақша қызметтерін атқару ролін орындауды толығымен тоқтатты дейді. Құнның ақшалай формасынан жалпылама немесе жайылыңқы формасына қайтып келді. Несие ақшалар жалпыға бірдей эквивалент ретінде жүрді. Алтын, акшаның классикалық қызметтерін атқаруды жалғастыруда дейді екінші біреулер. Ал, енді үшінші біреулер, алтынның жартылай демонетизациялануы жалғасуда және ол жалпыға бірдей эквивалент ролін орындаушы, ерекше тауар ретіндегі өзінің қасиеттерін сақтап қалды дейді.
Жекелеген елдердің ішінде алтын айналысы жоқ. Төлем, айналыс және қорлану құралы болып, алтын белгілері -(қағаздай белгілері) кағаз және несие ақшалар қызмет атқарады. Бірақ та алтын дүниежүзілік ақша болып қалып отыр десек, онда ол жалпыға бірдей эквивалентті білдіреді.