Аяқсыз амфибилер (қосмекенділер)

Аяқсыз амфибилер (қосмекенділер)
Аяқсыздарға жер астында тіршілік етуге маманданған қарапайым құрылысты амфибилер жатады. Денесіндегі маманданушылық, олардың жерді қазып, жер астында тіршілік етуіне байланысты болған.

Көпшілік түрлерінің денесі сақина тәрізді бунақталғандықтан олар жауын құрттарына ұқсайды. Аяқтары болмайды, терісі жалаңаш, тері бездері көп болады, сондықтан да денесінің сырты сілекейленіп тұрады. Құйрығы қысқа, денесінің артқы жағынан клоака тесігі ашылады. Жер астында тіршілік етуіне байланысты көздері рудимент түрінде, есту нервтері нашар дамыған, дабыл жарғақтары болмайды. Клоаканың, керегесінің өсуінен пайда болған копулятивтік органы болады.
Аяқсыздардың құрылысында қарапайым бірнеше ерекше-ліктері бар, мысалы, олардың терісінде стегоцефалдардан қалған сауыт қалдықтары бар. Бұл қалдықтар олардың терісінің әр жерінде сүйекті сүйелдер түрінде кездеседі. Басқа қос мекенділерге қарағанда басының жамылғы сүйектері де жақсы дамыған, бұл олардың стегоцефалдарға жақын екенін көрсетеді. Омыртқалары амфицельді, нағыз қабырғалары болады. Есіту сүйекшесі, яғни үзеңгі сүйек пен шаршы сүйек бірігіп кеткен. Жүрекшелерінің арасындағы перделер әлі толық дамымаған.
Құртша (червяк) (Соесіlііdае) деп аталатын бір ғана тұқым-дасы бар. Оның 75 шақты түрі белгілі. Бұлар негізінен Оңтүстік Америкаға, аздап тропикалық Африкаға және Азияның оңтүстігіне тараған. Буылтық құртша (Sірһопорs аnnuаtus) Оңтүстік, Америкада тараған, ұзындығы 40 сантиметрдей болады. Дымқыл жерлерді 50 сантиметрге дейін қазып, сол жерде тіршілік етеді.
Цейлон балықжыланы (Jсһtһуорһіs glutiпоsиs) деген бір түрі — Үндістанда, Үнді-Қытайда, Цейлонда, Зонд аралдарында тараған. Мұның ұзындығы 40 см-те жетеді. Көл мен өзендердің жиегіндегі топырақтарда 20—30 сантиметрлік тереңдікте тіршілік етеді.
Тек қана Турһопесіиз туысы ғана Оңтүстік Американың тұ-щы суларын мекендейді.
Аяқсыздар көпшілігінде індерге, түбірдің түбіне 10—20 шақ-ты жұмыртқа салып көбейеді. Әдетте ұрғашылары жұмыртқа-ларын денесімен орап, тері бездерінің шығарған шырындары-мен жүмыртқаларын дымқылдап, оларды кеуіп кетуден сақ-тайды.
Жұмыртқадан шыққан личинкалар, суға барып, даму процесін аяқтайды. Олардың сыртқы желбезектері жұмыртқа ішінде жатқанда жойылады. Бұлар суда азғана уақыт болады. Кейбір түрлері тірі туады. Ұрықтануы іште болады. Топырақтағы омыртқасыздармен қоректенеді. Кейбір түрлері құмырсқаның илеуін мекен етіп, оның личинкаларымен қоректенеді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *