Ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеу

Ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеу
Нарық қатынастарына көшу процесінде басқа салаларға қарғанда ауыл шаруашылық саласының қиындықты көбірек көретіндігінде көрсетеді. Себебі, бұл саланың дамуы табиғи климаттың факторларымен байланысты және Кеңестер Одағы кезінде ауыл шаруашылығындағы кәсіпорындар негізінен шикізат өндірісіне бейімделген болды.

Сол себепті, олардың өз өнімдерін өткізуде, өңдеуде басқа салалар кәсіпорындарынан тәуелділігі жоғары. Ауыл шаруашылығын реттеу жүйесін үлкен жүйенің бір элементі ретінде дамыды. Нарық қатынастары дамыған елдердің ауыл шаруашылығын реттеу өзгешеліктерін көрсетеді:
1) Нарық қатынастарын экономикалық процестерді реттейтін мемлекеттік және мемлекеттік емес басқару, реттеу органдары қалыптасқан. Реттеу органдарының экономикалық субъектілерге ықпалы заң құжаттары, қаржы қолдауы, органды құруға араласу және басқару жүйелеріне мемлекеттік органдардың өкілдерін тағайындау негізінде іске асырылады.
2) Агро өнеркәсіп секторын реттеудегі басты құралдардың бірі – баға реттегіші болып есептеледі. Мемлекет басқару органдары нарықтық баға динамикасын қадағалап, жағымсыз тұтынушыларға және өндірушілерге жағдайларды болдырмау шараларының жүйесін іске асырылуына күш салады немесе өнімдерге ең жоғарғы, төменгі баға деңгейлерін белгілеп өнім бағаларының осы аралықта болуына бағыт береді. Бұл қызметтерді іске асыруда мемлекет нарық процестеріне басқа субъектілермен бірдей сатып алу, өткізу операцияларын жасайды. Мемлекет анықтаған бағалар кәсіпорындарға, фермерлерге ескертпелік мақсатында қызмет атқарады.
3) Нарық қатынастарын реттеудегі маңызды реттегіш құралдарының бірі болып өндіріс пен өнім көлемдерін қадағалау есептелінеді. Бұл мақсатта мемлеке өндіріс көлемдеріне, егіс көлемдеріне, өнімдерді сату көлемдеріне квота қолданылады.
4) Ауыл шаруашылығы өндірісін реттеу жүйесінде кең қолданылатын реттегіштердің бірі болып бағдарламалар есептелінеді. Бағдарламалар өнім өндірістерін қажетті бағытта дамытуға ынталандыруға, шаруашылық механизмін жетілдіруге, қоршаған ортаны қорғауға бағытталады.
5) Фермерлік шаруашылықтарға күшті нысаналы қаржы көмегі көрсетіледі
6) Ауыл шаруашылығы реттеуде тиімді құрал болып заң жүйелері есептелінеді. Көптеген дамыған елдерде әрбір 5 жыл сайын ауыл шаруашылығын реттеу заң құжаттары шығарылады. Бұл заңдарда аграрлық саясаттын негізгі бағыттары шеңберлері анықталады.
7) Сала дамуын реттеудегі басты объектілердің бірі болып ғылыми – техникалық прогресс есептелінеді. Ауыл шарушылық техникасының дамуы, өндірісті қазіргі заманғы техника құралдарымен қамтамасыз етілу жағдайы мемлекеттік қадағалауында
8) Ауыл шаруашылығын реттеу жүйелері бірнеше ондаған, жүздеген жылдар негізінде қалыптасқан және келесідей принциптерге негізделген:
А) жеке қожалықтар пайдаларын реттеу
Б) баға қалыптасуын реттеу
В) бюджетті қаржыландыру, көмек көрсету
Г) несие-салық жүйелерін және ауыл шаруашылығы өнімдерінарығын тұрақтандыру.
Жалпы дамыған елдерде ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеу келесіден тұрады:
1) аграрлық сфераның әлеуметтік – экономикалық дамуы
2) халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту
3) бюджеттік мүмкіндікпен байланысты түрлі әдістер, құралдар жиынтығын қолдану

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *