Астық өндіруді арттырудағы комбайндардың және жинау әдістері

 Комбайндардың маңызы. Астық өндіруді үнемі көбейтіп, арттыра берудің біздің еліміз үшін аса зор маңызы бар. Астықты неғұрлым мол өндірсек, солғұрлым мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығының басқа да салалары жақсы өркендейді, жалпы халықтың әл-ауқаты шапшаң көтеріледі.

 

Астық шаруашылығындағы ең жауапты науқан оны жинап алу. Сайып келгенде өнім тағдырын осы шешеді. Жинауды уақытында және жылдам жүргізсе (10—12 күн ішінде), онда өнімді түгелдей жинап алуға мүмкіндік болады. Кеш қалған жағдайда көп ысырап болуы сөзсіз. Ал, мұның өзі ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің сол астықты өсіруге жұмсалған орасан көп күші мен жабдықтары-ның текке кеткендігі деген сөз.

 

Өнімді тез әрі ысырапсыз жинап алуға бола ма? Әрине болады. Комбайндардың дестелеуіш жаткалардың жинауыштардың және басқа да механизация жабдықтарының көмегімен астық өнімін толық және тез жинап алуға болады. Бұл көп жылдық тәжірибеде дәлелденген.

 

Егін жинау әдістері. Көп жылдық тәжірибенің нәтижесінде дәнді дақылдарды  комбайнмен  жинаудың төмендегідей  екі әдісі  анық-талды: тікелей комбайнмен жинау және бөлектеп жинау.

 

Тікелей жинау әдісі бойынша комбайн егістікпен бірінші рет жүріп өткенде-ақ жинау операцияларының барлығын бірден аяқтап шығады: ол бірден егінді орып, оны бастырады, дәнді тазартады және олардың қалдықтарын (сабан және топан) жинайды. Бұл әдіс өте тиімді, оны тек толық пісіп-жетілген, құрғақ және арам шөптерден таза астықты жинау үшін қолдануға болады.

Комбайн болмаған кезде астықты қамырланып піскен кезде орып, баулап қоятын. Астық бауларда түрып кеуіп, құрғайтын, пісіп жетілетін. Осыдан кейін оларды стационарлық молотилкалармен бастыратын.

 

Жинау екі дүркін, бөлек-бөлек жүргізілетін, сондықтан ол бөлек жинау немесе екі фазалы жинау деп аталған.

Қамырланып піскен кезеңі мен толық пісіп жетілу уақыты әдетте 5—8 күнге созылады, ал Орал мен Сибирьде бұл уақыт 8— 12 күнге созылады. Осы кезде астық жинау үшін комбайндарды пайдалануға бола ма? Бұл ой комбайнмен бөлектеп жинау технологиясын туғызды, ол төменде баяндалады. Астық қамырланып піскен уақытта дестелеуіш жаткамен орылып аңызда қалған биік ақ сабақ үстіне дестелеп салады. Астық дестеде жатып құрғайды, пісіп жетіледі. Осыдан кейін дестелер бойымен комбайн жіберіледі, ол дестелерді жинап бастырады.

 

Егінді тек ору үшін ғана пайдаланылатын жаткаларды, әдетте тікелей жинауға қолданылатын комбайн жаткасының орнына асып орнатады. Комбайн жаткасын кейде хедер деп атайды.

 

Сонымен қатар тракторға асып орнататын немесе оған тіркейтін дестелеуіш жаткалар да бар.

 

Дестелерден сабақты жинап алу үшін арнайы жасалған жи-науышты пайдаланады. Оны комбайн жаткасына асып орнатады.

 

Дақылдардың жағдайына және ауа райына байланысты кол-хоздар мен совхоздардың тәжірибесінде бұл екі әдістің екеуі де кеңінен пайдаланылады.

 

Комбайн паркінің құрамы. Соңғы жылдары СССР конструктор-лық және өнеркәсіп ұйымдары төмендегі аты аталған комбайн-дарды, дестелеуіш жаткаларды және жинауыштарды жасап шы-ғарды.

 

1. СК-4 (өндірісте 1962 жылдан 1969 жылға дейін болды) және СК-4А (1969 жылдан 1973 жылға дейін шығарылды) комбайн-дарының өнімділігі тиісінше 3,70 және 4,37 кг/с (комбайн өнімділігі дегеніміз оның молотилкасының бір секундта белгілі мөлшерде таза астықты бастырып шығару қабілеті, бұл кезде дән мен сабанның ара қатынасы 1 : 1,5 шамасындай болуы, ал бастыру кезіндегі молотилка ысырабы 1,5% шамасынан артпауы тиіс).

 

Жартылай шынжыр табанды СКПР-4 және шынжыр табанды СКГ-4 комбайндары (өндірісте 1962 жылдан бар), негізінде күріш жинауға арналған, олар топырағының ылғалы басым аудандарда да пайдаланылады. Олар СК-4 молотилкасының бір түрі болып табылады.

 

2. СКД-5 «С и б и р я к» (доңғалақты қос барабанды, дәнді дақылдарға арналған) және СКД-5Р «С и б и р я к» (шынжыр табанды, күрішке және дәнді дақылдарға арналған қос барабанды — штифті және соққылауыш) комбайндарының өнімділігі — 5—5,5 кг/с. Бұл комбайндар 1969 жылдан бері шығарылады.

 

3. «Н и в а» комбайндары төмендегі унификацияланған машиналар тобын құрайды: СК-5 тобының негізгі моделі (доңға-лақты астық оруға арналған, сыңар барабанды): СК-5-ІІ (доңға-лақты дәнді дақылдарға арналған, қос барабанды); СКГ-5 (шынжыр барабанды, қос барабанды, күріш және дәнді дақылдарға арналған; СКП-5 (сыңар барабанды, дәнді дақылдарға арналған, ауыстырмалы жартылай шынжыр табаны бар); СКП-5-П (қос барабанды, дәнді дақылдарға арналған, ауыстырмалы жартылай шынжыр табаны бар); СКК-5 (беткейлік, 20° көлбеу беткейлерден астық жинауға арналған). Бұл топтағы комбайндардың өнімділігі 5—6 кг/с 1973 жылдан бері өндірісте.

 

4. «Колос» комбайндары төмендегідей машиналар тобын құрайды (өз ара және «Нива» комбайндарымен унификацияланған): СК-6-ІІ негізгі моделі (доңғалайлы дәнді дақылдарға арналған, қос барабанды); СК-6 (доңғалақты дәнді дақылдарға арналған, сыңар барабанды); СКПР-6 (күрішке және дәнді дақылдарға арналған, ауыстырмалы жартылай шынжыр табаны бар және қос барабанды); НК-6 (сыңар барабанды, өздігігіен жүретін СШ-150 шассиге асылып орнатылады); СКГ-6 (шынжыр табанды, күрішке және дәнді дақылдарға арналған). «Колос» комбайндарының өнімділігі 6—8 кг/с 1971 жылдан бері өндірісте.

 

5. Жаткалар. Комбайн жаткаларының (хедерлерінің) бәрі бір түрде жасалған. Жаткалардың бір-бірінен айырмашылығы тек алым енінде (3,2; 4,1; 5; 6 және 7 м) ғана.

 

Дестелеуіш жаткалар хедерлерге қарағанда өз алдына жеке машина болып табылады және алым ені мен конструкциясы жө-нінен бір-бірінен едәуір айырмашылықтары бар.

 

Ауыл шаруашылығында ЖВН-6, ЖВН-10, ЖВН-6-12, ЖНС-6-12, ЖВ-15, ЖШН-6, ЖБА-3,5А, ЖНУ-4, ЖНТ-2,1 аспалы дестелеуіш жаткалары пайдаланылады. Алғашқы жетеуі комбайндарға немесе өздігінен жүретін шассийлёрге, ал басқалары тракторға асылып орнатылады. Сонымен қатар тракторға тіркелетін ЖРБ-4,9 және ЖРС-4,9 жаткалары да пайдаланылады.

 

6. Ж и н а у ы ш т а р. Жинауштардың екі түрі пайдаланылады: барабанды (СК-ЗУ және 54-102) және ППТ-3 немесе ППТ-2,4Б кенепті-транспортерлі жинауыштары. Барабанды жинауыш ком-байн комплекстеріне кіреді, ал кенепті-транспортерлі жинауышты заказ арқылы алады.

 

Комбайн массасы. Комбайндар массасы мынадай: СК-4 және СК-4А (шөмелелегіші бар және алым ені 4,1 м жаткасымен) — 6150 кг; СКД-5 (шөмелегіші бар, кабинасымен және алым ені 4,1 м жаткасымен) — 7450 кг; СК-5 және СК-6 (шөмелегіші, қалыпты бөлгіші бар және кабинамен, сондай-ақ алым ені 5 м жаткамен және редукторсыз барабанды) тиісінше 7720 + 5% және 8721 кг; СК-6-ІІ және СКПР-6 (шөмелелегішпен және алым ені 6 м жаткасымен) тиісінше 9440 және 10 866 кг.

 

  Молотилканың ені. СК-4, СК-5, СКД-5 комбайндары мен олар-дың модификацияларының алым ені 1200 мм, ал СК-6-ІІ комбай-нымен олардың модификациялары молотилкасының алым ені 1500 мм.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *