Аркук

Аркук – орта ғасырдан сақталған көне қала орны. Қызылорда облысы Сырдария төмен ағысының батысында 6–7 км жерде орналасқан.

Маңындағы Үзкент, Аққорған сияқты көне қала орнынан табылған ыдыстарға ұқсас қыш ыдыстардың табылуына қарап Аркук 14–18 ғасырлар аралығында болған деген болжам айтылады. 15 ғасырдың орта кезінен сақталған деректерде Әбілқайыр хан Аркукта болғандығы айтылса, 15 ғасырдың соңы мен 16 ғасырдың басындағы араб-парсы деректерінде қазақ ханы Бұрындық пен өзбек ханы Мұхаммед Шайбанидің арасындағы осы қала үшін болған соқтығыстары туралы жазылған. Мұхаммед Шайбани ханның хатшысы ибн Рузбехан хан Аркук қаласынан әскеріне азық-түлік жинағандығын жазады.

Аркук қаласы Сырдарияның құнарлы жағасында орналасып, егіншілікпен айналысқан маңызды елді мекен болған. Бұл аймақта археология зерттеу жұмыстарын жүргізген ғалымдар Е.И.Агеева, Г.И.Пацевич те қала төңірегі егістікке тартылған арық сұлбаларының көптігін көрсетеді. Кейбір ғалымдар Аркук 6–12 ғасырларда болған деп есептелінетін Артық ата қаласына ұқсастығына назар аударады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *