Алай

Алай — жолақ жылқы, жылқы туыстас. Дене ұзындығы 200- 240 см, шоқтығынын биіктігі, 120-140 см, құйрығы, 47-57 см, салмағы 350 кг. Түсі, ақ-қара жолақтардан құралған. Жалы қысқа, тік, құйрығының ұшында ұзын бір шоқ қылы бар. Дене жолағы бас сүйегінің құрылысы әртүрлі 4 түрі бар: тау A., (Eguus zebra), Оңтүстік Африкада, бурчеллов А., (Е. burchelli), орталық және шығыс Африкада, греви A., (Е. greviyi), Шығыс Африкада, және Кавказда және кватта А., (құрыған). Алайлар 10-30 дан үйір құрып, ашық далалық аймақтарды паналайды. Өте сақ, тез шабады. Жыныстық жетілуі 1-1,5 жылда аяқталады. Терісі бағалы. Грэви А., ХТҚО-ның Қызыл кітабына енгізілген.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *