Алабұға — шортан тәрізді балықтар

Алабұға — шортан тәрізділер
Бұларға жүзу торсылдағы тұйық біткен және бүйір сызықтары жоқ, көбіне оңтүстік теңіздерде мекен етуші балықтардың ғана тобы жатады. Бізде Қара теңіз бен Азов теңізінде кефальдар тұқымдасы (Миgіlіdае) кездеседі.

Олардың ішіндегі кәсіптік маңызы бар түрлері — лобан, немесе кәдімгі кефаль (Мugіl серһаlиs) және сингиль (М. аигаtиз). Кефальдар топтанып жүріп, өріс аударатын балықтар. Кефальдардың үлкен топтары қорек іздеп теңіз қолтықтарына, тұзы аз көлдерге және өзен сағаларына барады. Кейінгі кезде кефаль балығы Каспий теңізіне жерсіндірілді.
Бұл отрядқа өздеріне тән ерекшеліктері бар — ползун немесе анабас (АпаЬаз sсапdіепs) балығы жатады. Бұл балықтардың бір ерекшелігі, тіршілік еткен суында оттегі жеткіліксіз болған кезде екінші суға бара алады, тіпті олар өрмелеп ағаш бұтағына шығып, жармасып отырады. Бұлар Индия, Бирма суларында, Зонд және Филиппин аралдарында тіршілік етеді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *