Акционерлік қоғамның облигациялары

Акционерлік қоғамның облигациялары. Облигациялардың экономикалық жаратылысы келесідей үш ерекшелігімен сипатталады:

1) облигация — шаруашылық қызметті несиелеу үшін
пайдаланылатын капитал шоғырландыру құралы;
2. облигация — онша қымбат емес және онай қол жет-
кізуге болатын борыштық құрал;
3. облигация — ұзақ мерзімді борыштық міндеттеме.
Шаруашылық жүйенің дамуы мен қоғамның және шаруашылық міндеттердің біртіндеп қиындай түсуі, ұзақ мерзімді несиеге деген қажеттіліктің маңызын арттыра отырып, әр алуан шаруашылық ұйымдарда шығындарды қаржыландыру үшін және займдарды сату жолымен жүзеге асырылуы акциялар шығаруға қарағанда біршама тиімді.
Облигация өзінің заңды және қаржылық сипаты жағынан алғанда ұзақ мерзімді несие құралы ретінде қызмет етеді.
Оны шығару және сатудағы дербестігі, сондай-ақ қор биржасы арқылы кеңірек айналысы, облигацияны ұзақ мер-зімді несиеге деген қажеттелікті қанағаттандыру және капи-тал жинақтаудың тартымды құралдарының біріне айнал-дырады. Облигацияны сатып алу барысында ақша жұмсай-тын инвесторға сақтанудың керегі де шамалы, себебі, оған қаражат керек болған жағдайда, ол облигацияны пайда-ланады. Мұндай жағдайда, оның облигацияны сату немесе кепілге беру мүмкіндігі болады. Сөйтіп, облигацияны сатып алуға кеткен капиталды қайтарып алады. Екінші жағынан,инвестордың қаражатқа деген мұқтаждығы болмаса, яғни оның ісі ойдағыдай болса, онда ол өзінде бар облигация бойынша ұзақ уақыт бойы пайыз түрінде белгілі бір мөлшерде немесе тұрақты табыс алып отыруға кепілдік береді. Әрине, осы айтылғандар, инфлияцияны қатаң бақы-лауға алған тұста ғана мүмкін болады.
Облигация мынадай басты элементгерден тұрады: обли-гация деген жазу; облигацияны шығарушы фирманың аты және орналасқан жері; фирма немесе сатып алушының аты немесе мәлімдеушілігі туралы жазу; номиналдық құны; пайыз мөлшері, егер де ол қарастырылса; қайтару және пайыз телеу уақыты; шығарылған жері және күні; сол сияқты облигацияның сериясы мен нөмірі; эмитенттің өкілетті тұлғаларының қол қою үлгісі мен құқтары.
Мақсатты облигациялардың міндетті түрдегі реквизиті -бұл олардың шығарылуын қамтамасыз ететін тауардың көрсетілуі.
Негізгі бөлігінен басқа облигацияға пайыз төлеуде қол-данатын купон қосылады.
Пайыз төлеуге арналған купон мынадай негізгі элемент-терді қамтиды: пайыз төлейтін купонның реттік нөмірі; пайыз төлеуге тиісті облигацияның нөмірі; эмитенттің аты; пайыз төленетін жыл және облигация эмитентінің өкілетті тұлғаларының қол қою үлгілері.
Облигацияларды қамтамасыз ету әдістеріне немесе эми-тенттері мен ұстаушыларына байланысты жіктеуге болады.
Қамтамасыз ету әдістеріне қарай облигацияларыды қам-тамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген деп екіге бөледі
Қамтамасыз етілген облигациялар занды құжаттармен қамтамасыз етіледі. Ол құжаттар есеп айырысқанға дейін несие берушінің қолында болады.
Қамтамасыз етілген облигацияларды шығаруда және оны ұстаушылардың мүдделерін қорғаушы делдалдарға үлкен роль беріледі.
Қамтамасыз етілмеген облигациялар — қоғам мүлкімен қамтамасыз етілмеген жай ғана қайтару туралы уәдені білдіреді.
Облигацияны эмитенттері мен ұстаушыларына берілген құқтарына байланысты облигацияны көптеген категорияларға бөледі.
Қайтарып алынатын облигациялар — эмитенттеріне номи-налдық құнынан алатын бағада ертерек төлеуге құқық бере-ді. Арнайы өтелу мерзіміне дейін аз уақыт қалса, соғұрлым «қайтару бағасы» төмен болып келеді. Соған сәйкес, мұндай облигациялар бойынша төленетін пайыз мөлшері тұрақты болмайды.
Жинақталған қор облигациялары — бұл пайдадан алына-тын қаражаттарға сәйкес шығарылатын облигацияларды білдіреді. Мұндай бағалы қағаздарды сатып алу тең партия-лармен сатылап жүргізілумен катар, олардың жоғары сапалылығын қамтамасыз етеді. Жинақталған қор бойынша жылдық төлемдерді аннуитет деп атайды. Аннуитет құра-мына номиналдық құннын бір бөлігі және жылдық пайыз кіреді.
Табысты облигцияларға байланысты төлемдер сол қар-жылық жылдағы қоғамның пайдасына тәуелді.
Ұлғаймалы облигациялар оны ұстаушыларына жоғары пайызбен өтелу мерзімін созуға кұқық береді.
Қысыңқы облигациялар ұстаушыларына белгіленген шы-ғару шартына байланысты облигацияны тапсыруға құкық береді.
Сериалды облигациялар негізгі қарызды жыл сайын төлеумен қатар, төленетін пайызды жылдан жылға жоғары-латуды қамтамасыз етеді.
Айырбасталатын облигациялар — инвесторларды акцио-нерлік қоғамға бекіту мақсатында шығарылатын және жай немесе артықшылығы бар акцияларға айналдыруға құқық беретін облигацияны шығаруды білдіреді. Ережеге сәйкес, облигацияны ұстаушы оны акцияға шығарудың белгіленген шартындағы мерзімді алдын ала тұрақты бағамен айырбас-тауға тиіс. Айырбастау жағдайында кейде ұстаушы аз ғана сыйақы алады.
Ордерлі облигациялар (жыртылатын талонмен) — жаңа облигацияларды немесе акцияларды тұрақты бағада сатып алуға құқық береді. Сондай-ак облигациялар акциямен байланысты сатылуы мүмкін, мұнда сауданың
танымал қағидасы «жүктеме» қолдынылады.
Пайыз тұрақты болып табылмайтын, яғни белгілі бір ірі банктердің пайыз мөлшеріне байланысты, бірақ алдын ала белгілеген минимумнан төмендемейтін облигацияларды сатып алуға болады.
Тұрақты табысты өнеркәсіптік облигациялардың акция-лардан айырмашылығы, олар номиналдық бағасымен төменгі бағамда сатылуы мүмкін, мысалға 100 теңгенің орнына 97 теңгеге. Облигация бағасының мұндай мөлшерде төмендеуін дизажио деп атайды. Оған қоса, облигацияның өтелуі кейде келісім бойынша номиналдық құнынан жоғары бағамда сатылуын, яғни 100 теңгенің орнына 104 теңгеге сатылуын айтуға болады. Мұндай үстеме ақыны ажио деп атайды. Ажио облигацияның өтелу мерзімі сәйкес келгенде, пайыздық төлемдермен қатар, қосымша табыс түрінде беріледі.
Ол облигацияның ажио және дизажио пайызына негіз-делетін табысының сомасы облигацияның сатып алу шар-тына баға берудегі маңызды көрсеткіш болып саналады. Іскерлік әлемде бағалы қағаздармен түсетін табысты рендит сөзімен бейнеленеді. Тұрақты пайыз әкелетін бағалы қағаздар рендиті мынадай формуламен есептеледі:
Номиналдық пайыз
Рендит = —————————- 100
Эмиссиялық бағам
Мысалға, 5%-дық облигация номиналдық бағамынан төмен, 100-дің орнына 95-ке сатылса, онда оның рендиті 5,26% (5 • 100/95) құрайды.
Дұрыс есептеу үшін облигацияның мерзімі мен бағамын
есепке алу керек. Егер, мысалға, облигацияның бағамы 100
теңге болып, өтелу мерзімі 10 жыл болса, онда осы 10 жыл
ііпінде салым иесі пайызға қосымша 5%-ға (100-95) тең шамада бағамдық айырманы алып отырады. Бір жылдағы алатын бағамдық пайда 0,5 пунктке (5:10), ал жылдық рендит сомасы 5,76-ға (5,26+0,5) дейін өседі. Сонымен қатар, кейбір елдерде бағамдар айырмасынан алынған пайдаға, облигациядан алып отыратын ағымдық пайыз түріндегі пайдамен салыстырғанда табыс салығы салынбайды. Бұл жерде салық салынбайтын табыс
ретінде бағамдық айырмадан түскен шамалар 5 және 5,76% жайлы айтылады.
Өнеркәсіптік облигацияның көптеген түрлері болады. Иелеріне қарыздарын қайтармай өмірлік пайыз төлеп оты-ратын облигациялар, сондай-ақ шартты облигациялар және т.с.с. түрлері болады.
Өнеркәсіптік облигациялардың эмитенттер үшін бірқатар кемшіліктері бар. Өнеркәсіптік облигациялар бойынша төленетін тұрақты пайыз фирма үшін тұрақты шығындар-дың өсуін білдіреді. Өндірістік құлдырау уақытында мұндай шығындар дивиденттерге қарағанда ерекше сезіледі.
Тұрақты табысты бағалы қағаздардың бағамы әр түрлі болады. Сондықтан да олар қор биржасында мүдделендіру құралы болып табылады. Мұндай бағалы қағаздардың баға-мының өзгеру себебі, әр уақыт кезеңіндегі ұлттық өндірісте жаңа облигациялардың шығуына, тұрақты табысы ұлғайған мөлшерде басқа да бағалы қағаздардың шығуына байланыс-ты, соның нәтижесінде бұрын шығарылған бағалы қағаздардың бағамдары өзгереді. Төменгі пайыз мөлшерін-дегі облигациялардан, олардың иелері тезірек құтылуға ұмтылып, олардың орнына тұракты пайыз әкелетін бағалы қағаздар сатып алады. Мұндай бағалы қағаздардың бағамындағы өзгерістердің себебі осында. Тұрақты пайыздық облигациялар немесе басқа да бағалы қағаздары бар әрбір иеленуші мынадай міндеттерді шешеді: ескі үлгідегі облигацияны біршама төменгі бағада сатып алу барысында немесе ескі үлгідегі облигацияны сатып алудан, сондай-ақ жаңа үлгідегі біршама жоғары тұрақты табысы бар облигацияларды сатып алғаннан, ол не зиян шегеді немесе ұтады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *