АЙШЫҚТАУ

Әдеби тілді ажарлаумен, құбылтумен қатар, керек жағдайда айшық-тай білген жөн. Әдеби тілдің әсемдігі ғана емес, әсерлілігі үшін де әжептәуір қажет тәсіл — а й ш ы қ т а у, яки ф и г у р а (латынша $іёига —келбет, бейне)—с ө з т і р к е с т е р і н д а ғ д ы л ы с и н-т а к с и с- т і к қ а л ы п т а н г ө р і ө з г е ш е л е у о р а м м е н, а й р ы қ ш а а йш ы қ п е н қ ұ р у. Мұндағы мақсат біреу-ақ — сөздерге ерекше леп, екпін, .тыныс беру, сөйтіп, олардың оқырманға әсерін күшейту.

Айшықтаудың түрлері көп, біз солардың бірнешеуін ғана үлгі ретінде ұсынамыз.

Айталық, а р н а у — жазушының, көбіне көп а қ ы н ы ң ө з і н е н е ө з г е г е, к е й д е т і п т і ж а л п ы ж ұ р т қ а а р н а й ы т і л қ а т у ы, к ө п ш і л і к к е қ а й ы р ы л а с ө й л е у і, о л а р м е н і ш-е й к е ң е с у і. Арнауды профессор Қ. Жұмалиев үш түрге бөледі: ж а р л а й а р н а у, с ұ р а й а р н а у және з а р л а й а р н а у*. Осыны біз де кұптаймыз.

Қалың, елім, қазағым, қайран жұртым,

Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.

Жақсы менен жаманды айырмадың,

Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың…

Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді,

Аузымен орақ орған өңкей қыртың.

Өзімдікі дей алмай өз малыңды,

Күндіз күлкің бұзылды, түнде ұйқың..

Бас-басына би болған өңкей қиқым,

Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын.

(Абай.)

Бұл — жарлай арнаудың үлгісі: ақын жеке адамға емес, жалпы жұртқа қайырыла сөйлеп, жеке адаммен оңаша емес, жалпы жұртпен жария кеңескен.

Өн бойымды күш қысып, Көзім неге жайнайды?

Қаным неге қайнайды Ақ қағазды қаралап,

Ащы тілі ашынып, Қалам неге ойнайды?

Неменеге сайрайды? Ақын неге қайғырып,

Жас іркіліп мөлтілдеп, Терең ойға бойлайды?

(Ә. Есмэмбетов.)

Шырағым-ау, шашың неге ағарды?

Әлде біреу кемітті ме бағаңды?

Сенің қара тұлымыңнан сипаған,

Сарғайдың ба ойлап мендей ағаңды’

—Тентегім-ау, мұртың неге қыраулы?

Көрдің бе әлде көп бейнетті, сынауды?..

(Қ. Бекхожин.)

Бұлар — сұрай арнаудың үлгілері: ақын немесе ақын жырға қосып отырған адам өз ойын өзгеге арнап сан-сапа сауал арқылы айтып жеткізеді де, өзі сол сауалдарға жауап күтеді. Бұл— бір. Енді мына шумақтарды оқыңыз:

Қызғалдақтай қызық өмір Тасқан қайтып, толған солып,

Күні келсе солмай ма? Сарғайтпай ма сондайда?

Еркін жүрген ерке көңіл Алтын жастық жалған болып,

Қайғы-зарға толмай ма? Аһ ұрар күн болмай ма?

(5, Қүлеев.)

* Қ. Жүмалиев, Әдебиет теориясы, А., 1960, 133-бет.

Немесе мынау өлеңді оқып көріңіз:

Желкілдеп жалау қолында, Таңдандыра тарихт

Ән шырқаған шыңнан кім? Таңыен бірге туган кім?’

Маршын ойнап бақыттың, Күннің көркін көктегі

Шыңнан дабыл ұрған кім? Күлкісімен жуған кім?

(А. Жұмағалиев )

Бұлар да — сұрай арнаудың үлгілері; бірақ мұндағы өзгешелік — арнауда қойылған сұрақтарға автор жауап күтпейді, өйткені олар еш-қандай жауапсыз-ақ түсінікті, арнаудың өн бойында өзінен-өзі анық-талып жатыр. Сұрай арнаудың мұндай түрлерін шешендік, яки ри-. торикалық (грекше гһеіог — ділмар) айшық деп атайды.

Әуелі бас қосқаным Жағалбайлы,

Жылкысын көптігінен баға алмайды.

Өлгені Төлегеннің рас болса,

Құдайым Қыз Жібекті неге алмайды?!

(“Қыз Жібек”.)

Азаны шертер іштеп,

Аузыма сөз түспеді.

Жұртым-ау, кімнен айрылдық,

Ажал сұм неткен күшті еді.

(Д. Әбілев)

Алғашқысы — Жібектің зары, соңғысы—Дихан ақынның ұлы ғалым Сәтпаев Қаныш қайтыс болғанда аһ ұрып, аза тұтып айтқан бір ауыз өлеңі; екеуі де — зарлай арнаудың үлгілері. ‘

Айшықтаудың ‘бір түрі — қайталау — сөз әсе р і н к ү ш е й т е о т -ы р ы п, о қ ы р м а н н а з а р ы н а й р ы қ ш а а у д а р ғ ы с ы к е л –г е н н ә р с е н і н е қ ұ б ы л ы с т ы б і р н е ш е м ә р т е б е қ а й –т а л а п, а й т а р о й д ы, ұ қ т ы р а р д ы ұ ғ ы м ғ а м ұ қ и я т с і ң — ір е т ү с у. Мұның да бірнеше түрі бар.

Жалғанда табынатын тәңірім — табым,

Табы жоқтың тәңірі жоқ, күні жарым.

Табым десем, бұлақтай таудан аққан,

Өн бойымды шымырлап, билейді ағын.

Қияға өрлеп, қырандай қанат жайып,

Табым десем, қозады аруағым.

Түпсіз қара тұңғиық суды кешсем,

Тап қолыма медеу ғып ұстар талым.

Көзсіз көрдей басыма күндер туса,

Табым қолда жарық қып ұстар шамым.

Менің табым — еңбекші, еқбек ері,

Онсыз менде көрген күн — бұлдыр сағым.

(С. Мұқанов.)

Бұл — жай қайталаудың үлгісі. Мұнда ақынның ерекше мән бере толғап, толғана жырлап отырғаны — өзінің табы; оқырман назарын да осыған мықтап аударып, оның ойында тап туралы бүтін бір ұғым алыптастырғысы келеді де, тап деген сөзге ерекше акцент жасап, бірнеше жерде арнайы қайталап отыр.

Ау, қызғыш құс, қызғыш құс!

Ел қорыған мен едім,

Мен де айрылдым елімнен.

Көл қорыған сен едің,

Сен де айрылдың көліңнен.

(Махамбет )

Сарыарқаның бір тауы бар, Қалың зергер, құзды шаттар,

Бір тауы бар сымбатты. Құзды шаттар қалың ну;

Сол таудан сен сыр тауып ал, Сарқырайды мұз бұлақтар,

Сыр тауып ал, қымбаттым. Мұз бұлақтар у да шу.

(С. Сейфуллин.)

Бұлар — е с п е қ а й т а л а у д ы ң үлгілері. Мұндайда ой мен сыр шынында да бір түрлі есіле түйдектеп, еселеніп ‘келеді де, алдыңғы ұғымның аяғы соңғы ұғымның басына қайталана көшіп, өлеңге әсем әуез, әдемі әсер дарытқандай болады.

Ұйқыдан соң 

Жапырақпын

Жаңбыр шайып жаңарған.

Ұйқыдан соң —

Құспын

¥çақ ұшып, көліне кеп дем алған.

Ұйқыдан соң —

Көк айдынмын

Мөлдіреген шайқалып,

Ұйқыдан соң 

Ну орманмын

Желбіреген жайқалып.

Ұйқыдан соң —

Дауыл өткен,

Жауын өткен

Менде дала қалпы бар.

Ұйқыдан соң —

Жаңа ашылған күн көзіндей,

Жаңа ашылған гүл жүзіндей

Ой аспаным.жарқырар!

(С. Мәуленов.)

Бұл — ә д е п к і қ а й т а л а у д ы ң, яки а ң ф о р а н ы ң (грекше апарһога.— бижке шығару) үлгісі-Мұнда өлеңнің әр жолы немесе әрбір ой ағымы бір сөз ден басталып отырады.

Күншілдер өледі Сұлулар өледі

Көңілін от қарып; Құшақта тұншығып.

Батырлар өледі Арғымақ өледі

Борышын атқарып. Артында шаң қалып;

Бұзықтар өледі Акындар өледі

Пышаққа құлшынып; Бәріне таң калып!

(Қ. Мырзалиев.)

Бұл — к е з е к т і қ а й т а л а у д ы ң, яки э п и ф о р а н ы ң (грекше ерірһога — соңынан алып жүру) үлгісі. Мұнда өлеңнің әр жолының соңындағы немесе әр-бір ой ағымының аяқ жағындағы бір сөз бірнеше мәртебе қайталанып отырады.

Айшықтаудың бір түрі — шендестіру, яки а н т и т е з а (грекше апШһезіз — қарама-қарсылық)— б і р-‘б і р і н е к е р е ғ а р қ ұ б ы л -ы с т а р д ы, м ә н- м а ғ ы н а с ы ә р т а р а п ұ ғ ы м д а р д ы, т ү р-т ү с і ә р б ө л е к н ә р с е л е р д і ө з а р а б е т п е — б е т қ о ю а р қ ы л ы б ұ л а р д а н м ү л д е б а с қ а б і р қ ұ б ы л ы с т ы ң, ұ ғ ы м н ы ң , н ә р с е н і ң с у р е т і н, с ы р -с и п а т ы н, к е ск і н-ке й п і н а н ы қ т а у, а ң ғ а р т у, е л е ст е т у.

Мысал үшін “Ер Тарғын” жырындағы Ақжүністің Қартқожаққа:

Қара жерге қар жауар,

Қарды көр де, етім көр.

Қар үстіне қан тамар,

Қанды көр де, бетім көр,—

деп тақпақтап айтқан жұртқа мәлім жауабын немесе Абайдың “Қан сонарда бүркітші шығады аңға” деп басталатын әйгілі өлеңіндегі түлкі мен бүркіттің арпалысын суреттеп:

Біреуі — көк, біреуі — жер тағысы,

Адам үшін батысып кызыл қанға.

Қар — аппақ, бүркіт — қара, түлкі:— кызыл,

Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға,—

деп жазған жақсы жолдарын әдебиет зерттеушілерінің бәрі шендестірудің үлгісі ретінде ұсынып жүр. Өте дұрыс!

Шендестіру біздің бүгінгі ақындардың өлеңдерінде де жиі ұшырайды және жаңа, жақсы шыраймен көрінеді.Бір ғана мысал:

Бояулар: кара, қызыл, қоңыр, сары…

Қолында суретшінің соның бәрі.

Тек сарымен бояса, нетер еді?

Онда тегіс құлазып кетер еді.

Тек қарамен бояса, қайтер еді?

Күндізі де түн бе деп айтар еді…

Ал бәрімен, әр түспен бояса ше?

Бәлкім, ару күлімдер қара шашты.

Бәлкім, гүлдер жайқалар алаулаған,

Бәлкім, таулар мұнартар манаураған…

Бір-бірімен тұтасып бояу біткен

Сәуле болып құйылар сонау көктен.

Сезімім кенет менің, күбір етті:

Біріккен бояу қандай құдіретті!..

(Е. Ибраһим.)

Айшықтаудың бір түрі — д а м ы т у, г р а д а ц и и (латьшша §гасіаііо — бірден-бірге күшейте беру) — а л-д ы ң ғ ы с ө з д е н с о ң- ғ ы с ө з д і, а л д ы ң ғ ы о й д а н с о ң ғ ы о й д ы, а л д ы ң ғ ы қ ұ б- ы л ы с т а н с о ң ғ ы қ ұ б ы л ы с т ы а с ы р а, а с қ а қ т а т а т ү с у. Мұның да жұртқа мәлім мынадай үлгілері бар:

Шырғым Бурыл, шу! — деді, Аяғын топ-топ басады,

Құбылып Бурыл гуледі, Бір төбенің тозаңын

Табаны жерге тимеді, Бір төбеге қосады.

Тау менен тасты өрледі, Кешке таман Тайбурыл

Төрт аяқты сермеді, Жын қаққанға ұсады,

Құлақтың түбі терледі, Құлан менен құлжаның

Тер шыққан соң өрледі, Марал менен бұғының

Адырды көзі көрмеді. Ұзатпай алдын тосады.

Көлденен, жатқан көк тасты Көл жағалай отырған ‘

Тіктеп тиген тұяғы Қөкқұтан мен қарабай

Саз балшықтай иледі.. Көтеріліп ұшқанша

Арандай аузын ашады, Белінен қия басады.

(“Қобланды батыр”.)

Қиқу салып құзға ұшқан,

Құздан суық мұзға ұшқан,

Мұздан биік бұлтқа ұшқан,

Бұлттан биік көкке ұшкан

Қарулы қыран кім еді?

(Т. Жароков )

Осылардың қай-қайсысы да оқырманды бір еліктіріп, түйдектеле, еселене келетін екпінімен ертіп әкетіп бара жатады. Градацияның мұншалық қызық әсері өлеңдегі секілді прозалық шығармаларға да өзгеше рең береді. М. Әуезов өз эпопеясында дамытудың дәл осы қасиетін біліп қолданған:

Ақшоқыда туған өлең, өлең мен ән, сан салалы жырлар көшіріліп жатталып, әуендеп толқып, тарап жатты. Алуан сырлы жаңа сөз Арқа-ның қоңыр желіндей жай жылжып, бірақ кең жайылып тарады. Бұл атырап, бұл сахра бұрын естімеген сарын есті Ғасырлар бойы жұмбактай үнсіз сұрақпен мелшиіп, мүлгіп тұрған далаға жел қанаты-мен жырдай жауап есті. Игі желдей… Жыл жетерін білдіретін. тін көктем желіндей есті… Ақшоқыда туған өлең мен ән жатталып көшіріліп, әуендеп толқып Ералыға жетті… Ақшоқыда туған өлең’ өлең мен ән жатталып, әуенге қосылып, кең атрапқа тарап жатты! Даланың коңыр желіндей, жай соққан самалындай лупіл-толқып, Тобықты жайлауларын түгел шарпып өтті. Сырттағы Керейге, ойдағы Уаққа, Арқадағы Қаракесекке, Қуандықка да кетті. Аягөз, Тар бағатай, Алтай Наймандарына да жетіп жатты. (“Абай жолы” )

Қазақ поэзиясында қолданылу сипаттарына қарап градацияны, шартты түрде, екіге бөлуге болар еді. Бірі— т ү й д е к т е т у:

Адам ол — қайғырымпаз, қуанымпаз,

Жиіркенімпаз, сүйімпаз, уанымпаз.

Дариядай шалқымпаз, шаттанымпаз,

Керкетімпаз, тасымпаз, суалымпаз.

(С. Мүқанов.)

Екіншісі — б а я у л а т у:

Әм жабықтым, әм жалықтым,

Суйеу болар қай жігіт,

Көңілден кеткен соң тыным?

Әм сүйіндім, әм тұңілдім,

Үнемі неткен үміт,

Өткен соң бар жақсы жылым?

(Лермонтов — Абай.)

Ал мына шумақта осының екеуі де — түйдектету де, баяулату да бар:

Соқ, жігіт! Соқ! Соқ, жігіт! Күйіңді тарт!

Лапылдат! Жандыр! Күйдір! Құмарт! Құмарт’

Безілдет! Сарнат! Зарлат!.. Үздіктірші’

Керек жоқ! Лақтыр әрі! Қысқарт! Қысқарт!

(7. Жансүгіров.)

Жалаң тур қуаламай, әр иіні мен иіріміне парасатты сыр ұялата, құр босқа ‘алабұртпай, терең һәм кең тыныс-пен тебірене білсе, дамыгу — аса әсерлі, адам жанын баурағыш нәрсе! Өйткені оның әр бұрылысында адамның

әрі аяулы, әрі асқақ сезімі жатады. Мәселен, мына соңғы шумақтағы әр сөз — жай сөз емес, жігіт күйін тыңдаған қыздың керемет құштарлық-қа толы көкірегінің оты мен өрті, дауылы мен жауыны… Осыған қарап, күйе еліткен ханшаның безгектей безілдеп, жанын қоярға жер таппаған қым-қиғаш қайсар қалпын да, оқ тиген киіктей омақаса құлап түскен аянышты халін де әбден сезіп, тіпті, көріп отырамыз.

Айшықтаудын. ‘бір түрі — с ө з о р н ы н а у ы с т ы р у, яки и н -в е р с и я (латынша іп^егзіо — орын езгерту, төңкеру) — прозалық, әсіресе поэзиялык, шығармаларда с ө з д е р д і ң ә д е т т е г і г р а м –м а т и к а л ы қ т ү зі л у т ә р т і б і н е н т ы с, о р ы н д а р ы н а у- ы с т ы р ы п, ө з ге ш е т і р к е с т е р қ ұ р у. Тіл мен стильдегі үйреншікті машықтан бөлек бір алуан мәнер іздеп байқау үшін бұл тәсілді де оқта-текте орнымен қолданудың оғаштығы жоқ.

Қазақ жазушыларының ішінде инвереияға көбірек бой ұратын — Ғабиден Мұстафин. Онын, романдарынан жиі ұшырайтын ауыспалы тіркестерге ақырман көзі о баста біраз тосырқай қарағанмен, кейін үйреніп кетті. Мысал келтірейік:

Салардық Аманы .. шаңқан боздың, басынан аса секірердей, ерінен көтеріле, ұмтыла береді алға .. Жаныңнан безгенін, келе бер,— дегендей, етпетінен түсіп, көзінен от шаша күрілдеп жатыр көк-жал.. Қайтып тұра алған жоқ, талшоқпар жүйемелете тиді шекеге. (“Дауылдан кетн”.)

Осы үш сөйлемнің де аяқталуы әдеттен тыс, үш сөйлемнің де соңғы сөздері өз орындарынан ауысып түскен, жазылған емес, сөйленген, оқылған емес, естілген сөздер секілді оқыс әсер туғызады. Инверсияның құбылту күші де, мүмкін, осында шығар.

Сен құрметте оны! ,

Түсіндің бе, карағым?

Ол ақшаға сатқан жоқ,

Тізеден кесіп аяғын.

Еріккеннен де ұстап жүрген жоқ,

Қолтықтағы ұзын таяғын.

(Ә Сэрсенбаев.)

Осы өлеңді әдеттегі занды тіркестер тәртібімен құрсақ, былай болар еді: Ол аяғын тізеден кесіп, ақшаға сатқан жоқ; қолтықтағы ұзын таяғын еріккеннен де ұстап жүрген жоқ, түсіндің бе, қарағым? Сен оны құрметте! Ал ақын осы тіркесті инверсия айшығына салып, әдейі “бұзған” да, жай сөз емес, өлеңге айналдырып, бұрынғы ұғым үстіне енді әсерлі жылу, қызу қосқан.

Айшықтаудың бір түрі — сөз тастап кету, яки э л л и п с и с (грекше еііерзіз — түсіріп тастау, аттап айту) —с ө й л е м і ш і н д е н е м е с е ө л е ң щ у м а ғ ы н д а а т а п а й т п а с а д а т ү с і н і к т і к е й б і р с ө з д е р д і ә д е й і ж а з б а й т а с т а п к е т у.

Ак көбігің… ак жүзің Сол майдандар… қатты айқас

Айнам еді бір қарар. Есіңде ме, өр Айдар?

Өткізген түнім… күндізім.. Өшкен құрбан… аққан жас..

Тербетер мені, ой салар. Өтті жылдар… көп айлар…

(Ж. Саин.)

Осындағы әр ойдың арасында жеке сөз емес, бүтін сурет не үлкен шындық қалып қойып отыр. Айталық, ақ көбік айна болу үшін тап-таза, мөп-мөлдір болса керек. Оны ақын айтпайды. Айдарда өткен түн мен күн ақынды тербету үшін олар — жай түн мен күн емес, ірі-ірі оқи- ғаға, шындыққа, сырға толы түн мен күн. Оларды да автор айтпайды. Қай майдан? Қандай құрбан? Жас төккен кімдер? Қай тұстағы жылдар мен айлар?.. Бұларды да автор тәптіштеп жатқан жоқ. Өйткені бұлардың бір-қатары ақынның шындықты суреттеу тенденциясынан айқын көрініп тұрса, бір алуаны жалпы логикадан түсінікті, ал қайсыбірін, тіпті, айтудың қажеті жоқ.

Эллипсис кейде эвфемизмнің орнына да қолданыла береді: кейбір былапыт сөздерді бүкпелей жұмсартып жатпай-ақ, тастап кетісе де түсінуге болады:

— Шап, әкеңнің…— дедім мен оған ақырып. (“Мөлдір махаббат”.)

— Ой, енесін… екі жаман балықшы ғой, Шалкарға айдап апара жатырмыз. (“Ымырт”.)

Мұндай эллипсистің түрлері көп-ақ, оларды мысалға көптеп келтіріп жатудың қажеті жоқ.

Эллипсис кейде адамның ішкі халін, қиын-қиын көңіл-күйін, шым-шытырық оқшау сезімдері мен ұғымдарын, шытырман психологиялық иірімдерін аңғарту үшін де жұмсалады. Ала-құла ой, қиыр-шиыр қиял, әрі-сәрі түс, кейбір хияли кісіңің оқыс күйініш-сүйініші.., Осылардың бәрі эллипсис арқылы ұқтыруға болады. Мысалға ақылы ауысқан Қаракөздің мына сөздерін алып қаралық:

Жығылып барам… Ұйқтайын ба? Өлсем бе?.. Құлап кетем, тау басынан ұшып келем… жерде тоғай… көп тоғай? . Шакырады… Иә, иә барам… Келе жатырмын… тоғай… Ә… қайда кетті?… (М. Әуезо’в)

Осыны әсіресе сахнадан, Зәмзәгүл-Қаракөздің, аузынан тыңдағандағы адамның үрейін ұшыратын сұмдық әсер кейіпкер сөзіне эллипсис аркылы дарып тұр.

Айшықтаудың тағы бір түрі — е г і з д е у, яки п а р а л л е л и з м (грекше рагаііеіоз — қатар жүру, қанаттасу) — е к і ұ д а й н ә р с е н і, қ ұ б ы л ы с т ы, ұ ғ ы м д ы, с е з і м д і қ а т а р қ о й ы п, ж ұ п т а п с у р е т т е у. Мүның түрлері көп. Біз кейбіреулерін ғана атап өтеміз.

Көк ала бұлт сөгіліп, Жауған күнмен жаңғырып,

Күн жауады кей шақта Жер көгеріп, күш алар.

Өне бойың егіліп, Аққан жасқа қаңғырып,

Жас ағады аулақта. Бас ауырып, іш жанар.

Абай.)

Бұл — адамның көңіл күйін табиғат құбылыстарымен салыстыра егіздеудің, яки психологиялық параллелизмнің классикалық үлгісі: ақын жаздары жаңбыр мен адамның көз жасын қатар суреттей келіп, екі түрлі шындықты танытады да, шынайы философиялық түйін шыға-рады.

Сарғая күтіп көктемді Көктем келді, сарысу

Сап-сары боп су ақты… Бола қалды мөп-мөлдір.

Шынтаққа алып сексенді Жылға бойы у да шу,

Жағада жалғыз шал,— жатты Жамырады жас өмір…

Су сарғайды ылайлы, Сылқ-сылқ етіп су күлді

Шал қарғайды кұдайды. Шал бір ауыр күрсінді.

(К,- Аманжолов.)

Бұл да психологиялық параллелизм арқылы жасалған әсерлі сурет, сурет қозғаған сезім, сезімнен туған сыр: шынында да табиғаттың биыл “кеткен” көктемі келер жылы жаңғырып қайта оралады, ал адамның өткен жас шағы ғұмырда қайтып -келер ме? Шал соны ойлап күрсінеді…

Екі жаяу келеді:

Біреуінде күрек бар, лүпілдеген жүрек бар;

Біреуінде күрек жоқ, жүрек бар да, жүрек жоқ

Бірі шаршап келеді, күні бойы жер қазып,

Бірі шаршап келеді, жолдасына ор қазып

Бірі үй сап, сол үйдің жылынуын тілейді;

Бірі — орға досының жығылуын тілейді

Екі жаяу келеді, ортасында — бір күрек;

Сол күректің астына қашан түсер сұм жүрек

(Е Ибраһим)

Бұл — ақиқат өмірдегі жақсылық пен жамандықты солар қалыптастырған екі түрлі бітімді, осылардан туатын адамдық пен зұлымдық туралы екі түрлі ұғымды жарыстыра егіздеу. Бұл параллелизм де парасатты байлауға апарады.

Сағындың ба, Қаракұм,

Сарыарқадан жаңбыр болып келейш

Сағындың ба, Қарақұм,

Жаңа туған ән жыр болып келейін

(М Әлімбаев )

Манаурайды балбырап таң ғажайып,

Торғын төсін тосады таңға жайып

(Қ Шаңғытбаев)

Қыңыр болды не керек,— болайын деп болды ма’

Бір үн болды керемет,— болайын деп болды маэ

(Ж Нәжімеденов )

Бұлар — әр алуан синтаксистік параллелизмнің үлгілері. Егіздеудің мұндай түрлері де ақынның тілі мен стиліне айтарлықтай ажар береді, өрнек төгеді, нәтижесінде өлеңге кәдімгідей кенеулі күй, сүйкімді әуез бітіреді.

МАШЫҚТАР

Әдөби шығарма жазуға рецепт берілмейтіні секілді, әдеби шығар-маның тілінде де штамп жоқ Жер бетінде қанша жазушы болса, сонша машық, әрқайсысының өзіне тән жазу мәнері, сөз өрнегі болуға тиіс; болмаса, соған талпыну керек. Өйткені өзінің творчестволық бетін белгілей алмаған, өзінің суреткерлік қолтаңбасын айқындай алмаған қаламгерді нұсқалы жазушы деу қиын. Демек, көркем әдебиеттің тілі туралы осы араға дейін’ айтқан пікірлеріміздің бәрі — қаламгер үшін пішілген қалып емес, әр қалыпта туған әдеби шығармаларды ғылми тұрғыдан нақты талдау, тексеру нәтижесінде қорытылған теория-лық түйін-тұжырымдар. Бұл — бір.

Екіншіден, осы теориялық түйіндердің әрқайсысы әдеби тілдегі әрбір тәсілге — а ж а р л а у ғ а, қ ұ б ы л т у ғ а н е а й ш ы қ т а у ғ а — байланысты жеке-жеке қорытыла тұрса да, іс жүзінде әрқайсысы әр жерде жеке-жеке қалып қоймайтыны мәлім. Анығырақ айтқанда, әр шығарма тек бір ғана тәсілмен жазылмайды, керісінше, бір шығармада әр алуан тәсіл қатар жүреді.

Қап-қара, мөп-мөлдір, тұп-тұнық көзіңді-ай’

Қарындас, бойыңа жарасқан.

Қарасы — шындықтың өзіндей,

Аласы — бұлты жоқ ақ аспан

(Ж Қыдыров )

Әрине, өлең мінсіз болған соң, мысалға алып отырғанымыз жоқ (басқа тұстарда да ылғи солай еткен емеспіз); мұнда да аз-кем ақау бар: көздің жарасымын айту үшін оны маңдайдан алып бойға өлшеп жатудың, қажеті жоқ, еді; сондай-ақ бір көздің қарасын ‘күллі шындыққа, аласын бүкіл аспанға телу де үлкен симметрияға апарып тұрған жоқ. Алайда жалпы өнер атаулыра тән шарттылықты (условность) ескеріп, жас ақынға біраз кешіріммен қарасақ, дәл осы өлеңнен әлгідей араттық емес, әжептеуір жарастық табуға болады. Қандай дейсіз ғойОсы өлеңде өзіміз жоғарыда жеке-жеке байьштаран бір-неше тәсіл біте қайнасып, бірге жүр: айқындау (эпитет) керек пе, теңеу керек пе, ауыстыру (метафора) керек пе… бәрі бар. Бұлардан басқа да қызық-қызық үйлесімдер бар. Қап-қара, мөп-мөлдір, тұп-тұнық — ұлғайған эпитет, онын, үстіне, мағына жағынан, біріне-бірі қарама-қарсы антонимдер, ал айшырына қарасақ,— антитеза. Сондай-ақ бір көздің аласы мен қарасын ақын бірде теңеу арқылы ажарласа, бірде метафорамен құбылтады да, енді бірде ұғым жарынан егіздеу (параллель қою) арқылы әп-әсем айшық жасайды.

Бұдан шығатын қорытынды: т і л д і ң к ө р і к т е у қ ұ р а л д а р –ы н ы ң б ә р і — б і р і м е н б і р і ө з а р а т ы ғ ы з б а й л а н ы с –т а ғ ы, қ а р ы м- қ а т ы н а с т а ғ ы, а р а л а с- қ ұ р а л а с ж а т қ а н ж ә н е ж а р ы с а қ о л д а н ы л ы п, б і р і н- б і р і ү с т е п,т о л ы қ- т ы р ы п ж а т қ а н н ә р с е л е р.

Енді мына шындыққа зейін аудару қажет: әдеби шығарма үш жанрда (поззия, проза, драматургия) жазылады десек, әдеби тілде де осы үш жанрға лайық үш түрлі машық бар. Дау жоқ, драматургия—синтетика-лық жанр өлеңді пьесалар да бола беретіні белгілі, бірақ бәрібір,’ үш жанрдың жазылу машығы үш түрлі. Демек, тілдің көріктеу құралдары да үш жанрда үш сипатта қолданылады: поэзиядағы қанатты сезімге, пафосқа лайық ажарлаулар, құбылтулар, айшықтаулар шынайы проза-дағы авторлық суреттеулер мен баяндауларда шыншылдық мөлшерінен шықпай, сараң пайдаланылса, автор қатыспай, ылғи ғана қатысушы адамдар сөйлеп кететін драматургияда әлгілердің бәрі қолма-қол басқа қызмет атқаруға — әр қаһарманның сөзін, сол арқылы өзін даралау әрекетіне көшеді. Бұл тұрғыдан альш қарағанда, драматургия тілі жазба әдебиеттен гөрі, кәдімгі ауызекі сөйлеу тіліне жақын.

Үш жанрда үш түрлі машық бар дегеннің өзін де дәлірек пайымдай түсуіміз керек. Бұл ретте, алдымен, поэзия мен прозаны жанр деп атауымыздың өзі (осылай айтыла беретініне қарамастан) шартты екенін мойындауға тиіспіз. Дұрысына келсек, әдебиеттегі үш жанр— э п о с, л и р и к а, д р а м а (бұларға кейін арнайы тоқталамыз). Содан соң, әр жанрдың әр алуан жанрлық түрлері бар. Осылардың әрқайсысына тән, айталық, роман мен новелланың, өлең мен поэманың, комедия мен трагедияның әрқайсысына тән сөз мәнері, жазу машығы болатыны тағы даусыз. Мәселен, комедиядағы күлкі мен трагедиядағы қайғының әрқайсысы ақиқат шындықтың өзінде әр сипатта, бір-біріне кереғар болса, бұларды әдебиетте де ұқсас мәнердегі, бір машықтағы сөздер-мен жинақтау мүмкін емес.

Ақыр аяғында, романтик жазушы мен реалист жазушының әрқайсысы — әр машықтағы суреткерлер екенін, екеуінің сөз қолданысы екі түрлі сипатта болатынын тағы ескеру қажет. Олай болса, кейбір шығармалардын, тілінен ұшырасатын натурализм іздерін сын көзімен көрмеудің және жөні жоқ.

Әдебиетте баяндау бар, суреттеу бар. Баяндау шындықты әшейін хабарлап, ауызекі айтып қана тынса, суреттеу құбылысты көзге елестетеді, жай сөйлемейді.

сөзден өрнек төгеді. Бұл екеуіне тән машықтар да екі түрлі болатыны тағы талассыз.

Айдап салдым жылқымды тепсең. жерге,

Сендей адам табылмас ексем жерге.

Екінді мен ақшамның арасында

Асыққаннан тимейді өкшем жерге.

(“Жеңеше”.)

Мұндағы шындық пен сыр суреттеліп отырған жоқ, ауызекі айтылып, баяндалып отыр. Екінді мен ақшамның арасы бұл өлеңде жай хабар ғана, көзге елестейтін көрініс емес.

Ал суреттеуде мүлде басқаша:

Ақ сәулесі көк шатырын өрнектеп,

Күн еңкейді. Алтын арай сөнді ептеп.

Сай-салада бұғып жатқан көлеңке

Дөң, басына бара жатыр еңбектеп.

(Қ. Жұмагалиев.)

Екінді мен ақшамның арасындағы табиғатты бұл арада ақын құр баяндамай, сөз өрнегін төге кестелеп, құбылта, құлпырта суреттеп отыр. Біздің құлағымызда жай ғана хабар емес, көз алдымызда тамаша көрініс,қызық-қызық қимыл.

Міне, екі түрлі авторлық сөз қолданыста екі түрлі сипат, екі түрлі мәнер мен машыіқ.

Авторлық баяндаудың, не суреттеудің өзі түрлі-түрлі: бұлар көбіне үшінші жақта болғанмен, автор кейде бірінші жақта, кейде тіпті екінші жақта (қайырыла, кеңесе) сөйлеп жетуі мүмкін. Бұлардың да әрқайсысына тән әр түрлі сөз машығы бар.

Шындықты көркем ‘кестелеп, көңілдегідей жазу амалдары да әр түрлі: кейде аңыздау түрінде (Пушкин, “Гусар”), кейде эпистолярлық пішінде (Достоевский, “Бейшаралар”), кейде мемуарлық сипатта (Эренбург, “Адамдар, жылдар, өмір”) жазылса, кейде тіпті тың, бимәлім мәнермен (Ғамзатов, “Дағыстаным”) жазылады. Бұлардың да әрқайсысына тән әр түрлі сөз машығы бар.

Әр ж а з у ш ы н ы қ т і л б а й л ы ғ ы м е н с ө з м а ш ы ғ ы н а қ а т а л с ы н н ы ң б і р і—ә д е б и ш ы ғ а р м а д а ғ ы а д а м д а р –д ы с ө й л е т у. Әр адам өзінше сөйлейді; өмірде бір-бірінен аумай сөйлейтін екі адам болуы мүмікін емес, өйткені өмірбаяны

257

бірдей екі адам болмайды. Ал әр қаһарманның сөзінде оның бүкіл ішкі бітімі— мінезі, ақылы, ойы, арманы, білімі, мәдениеті, мамандығы, мүддесі тұтасып жатады» Әр сөздің айтылу тұсындағы адамның көңіл күйі тағы, да есепке алынуға тиіс. Адамның аузынан шыққаң әр бір сөздің айтылу мәнері ғана емес, туу тарихы, сөйлену себебі бар. Автор мұны да елеусіз қалдыра алмайды Міне, осылардың бәрі бірігіп, суреткердің алдына әр қаһарманды өзінше сөйлету міндетін қояды. Бір романда әрі жинақтала, әрі даралана көрсетілген жүз кейіпкер болатын болса, олардың жүз түрлі сөйлеу мәнері болуы тиіс. Қалам өнерінде бұдан асқан қиындық болуы мүмкін бе? Нағыз шебер суреткер дәл осы қиындықты жеңіп, әр кейіпкердің аузына тек қана “оның мінезіне лайық” (Пушкин) сөз салуы шарт, ол үшін суреткер өзін “өзі суреттеп отырған адамдардың орнына қойып, олардың әрқайсысы қандай тілмен сөйлейтінін ап-анық біліп отыруы керек”

(Л. Толстой).

Осы айтылғандардың бәрі көркем әдебиеттің тілі — бір немесе бірер адам ғана емес, күллі қауымның, демек, бүкіл қоғамның тілі, яки аса күрделі синтетикалық тіл екенін аңғартса керек.

Жазушының халықтық тіл мәдениетін дамытудағы ролі мен үлесі осы тұрғыдан байыпталуға тиіс.

 

Читайте также: