Адамның өмірді және өзін-өзі танып білуі

Неміс философы И.Кант (1724-1804) өмірді танып білу процесін зерттей отырып, оның аса күрделі және көп сатылы құбылыс екенін ашқан болатын. Ол адам ойының қателігі сонда, ол өзінің өмірлік зәулім сарайын бірден тұрғызуға асығады. Кейін сол сарайдың іргетасы берік пе әлденеше қабат үйдің қабырғаларын көтеруге жарамды ма жоқ па дегенді ойластырады дейді.

Өмірді танып білудің іргетасы неге байланысты адамның өмірді танып білуі неден басталады дегенді қарастырайық. Танып білу дегеніміз — негізінен талдау; танып білу объектісін ойша бөлшектеп қарауға, әр құбылысты жеке-жеке талдап, онан шыққан нәтижеі жинақтауға байланысты. Қорытыныдылау кезінде басты

мәселелерді айқындап алуға, оның ерекшеліктері ажырата білуге баса көңіл бөлуге тура келеді. Әр затты адам еркінен тысқары өмір сүруінің ақиқатын да есте шығармау керек. Сондай-ақ бір құбылыс пен екінші құбылыстың арасында себеп-салдарлық байланыстың бол заңдылығын ұмытпау абзал. Себепсіз ешнәрсе жаратылмайды, себепті туғызатын салдар деп қарауға тур

келеді. Таным процесі кезінде адамдар заттың қасиетіі заттың өзінен бөліп алып қарауға тура келетіндіктен, оны заттан бөлек қарастырады. Ол заттың бір қасиеті үлкейтіп қарауға, сөйтіп оның басқа қасиеттеріне қарама қайшы қоюға әкеп соқтыратыны, мұның өзі қателікке ұшырататыны, теріс түсінік туғызатыны Гегелі философиясында ашық айтылған. Мысалы, адам үй мен жаңа жауған қарды бақылау арқылы заттарға жеке-жеке ат қояды. Бұл жерде үйдің неше қабатты, ағаштан, я тастан жасалғаны ажыратылмай, жалпы “үй” деген ұғымды білдіреді. Сол сияқты қар таза ма, кір ме, қиыршық па дымқыл ма, ол жағы ажыратылмай, жалпы қар деген түсінік береді. Біз әуелі әр затқа тән қасиетін белгілеп анықтап алып, оларды топтастыру арқылы бір заттан

екінші заттың айырмашылығын ажыратамыз. Мәселен.

олардың түсі, қаттылығы, сүйықтығы, еруі т.б.

қасиеттеріне қарай үй мен қар екеуінің де ақ болатынына

қарамастан, бірінің ерімейтін зат екенін, екіншісінін

ерігіш, сұйықтық қасиетіне қарай үй мен қарды бір-

бірінен ажыратамыз. Бір затты екіншісінен ажыратуда неге

олай, неге бұлай — деген сияқты себеп-салдарды

ажыратуға арналған сансыз көп сұрақтар қойылады да, бір заттың қасиетін екінші заттың қасиетімен салыстыра талдау арқылы ажыратамыз, яғни сұрақ-жауап,әңгімелесу арқылы ойлау жүйесіне талдау жасай отырып, ақиқатқа жетеміз.

Философияда танымның екі дәрежесі: сезім арқылы (жабайы эмпирикалық) және ұғымды түрде танып білу қарастырылған.

Сезім арқылы танып білу сезім мүшелерінің (көз, құлақ, тіл, тері сезімдері) қызметі арқылы заттың қасиеттерін ажыратуға бағытталады. Адамның сезіп білуі өмір тәжірибесіне негізделеді, Мәселен, жас бала шоққа қолын күйдіріп алады да, екіншіде шоқтың ыстық екенін,қолының күйгенін сезе бастайды. Олай болса, сезіп, білуі өмір тәжірибесімен ұштасады екен. Сезіп, көріп білу бес сезім мүшелерінің қатынасы арқылы іске асырылады. Мәселен, заттың ыстық-суықтығын сипап, тері сезімі арқылы анықтаса, ащы-тәттілігін тіл арқылы, тату сезімі арқылы ажыратамыз. Сезім арқылы танып білудің негізгі элементі қабылдау, сезу, көз алдына елестету арқылы іске асырылады.

Ал ұғымдық таным дегеніміз ол танымдық дүниенің ең жоғары сатысы болып табылады, ол ойлау арқылы белгілі білім қорын жинаудың негізі болып есептеледі. Өмірді саналы түрде танып білудің негізгі формасы ойлаудың түсінік, пайымдау және ой қорыту деген бөлімдерінен тұрады. Ол логикалық ойлау заңдылықтарына сүйене отырып, білім беру теорияларына, белгілі көріністер жөніндегі жүйелі білім қорына қарай ойысады. Адам басында белгілі бір заттың қасиеттері жөніндегі түсінік берік орнап, түсінік сезіну, қабылдау арқылы пайда болады.

Сезіну дегеніміз (жоғарыда айтылған сезім мүшелерінің бес түрінің қатынасымен) — адам миында сол зат туралы алғаш пайда болған түсінік. Адамды қоршаған өмір оның сезім мүшелеріне жанасу арқылы сол заттың қасиеттері жайында миға хабар береді. Мидағы қабылдау сол затты басқа заттардың қасиетімен салыстырып, ажырата талдау жасайды да, содан ол заттың өзіне тән қасиеттеріне негіздей отырып, ой қорытады. Мұны психологияда жеке объекті жөніндегі ойды жинақтау, бейнелеу деп атайды, яғни сезім мүшелерінің қатынасымен түйсіну арқылы заттың қасиеттерін қабылдау процесі жүре бастайды да, сол заттың бейнесін ойда немесе көз алдында елестету арқылы түсінік пайда болады. Әр заттың қасиетін анықтап алғаннан кейін, оның қасиеттерін есте сақтау шартты

рефлекстердің көмегімен ми қызметі арқылы іс асырылады. Адам есінің мимен тікелей байланысты екенін төмендегі фактіден көруге болады. Мысалы, адамның желкесіне зақым келсе, ол бұрын көрген нәрселерін та алмайтын болады. Самайына зақым келсе, бір естігенін екінші естігенде түсіне алмайды. Мидың төбе бөл зақымданған адам бұрынғы қимыл-қозғалыстарын орындай алмайды. Бұдан біз адамның есі мидың қызметіне байланысты екенін, адамның есі мидың үлкен жарты шарлары қыртысының іс-әрекетінен екенін білем Ес — өте күрделі жан қуаты. Естіген мен көргенді ой қорытып, есте қалдыру үшін қайта жаңғырту, тану және есте сақтау деген бөліктері қызмет етеді. Естігенді немесе көргенді есте сақтауда жаттығудың маңызы зор. Бір рет қабылдап қайталаған нәрсені бір дегеннен адам ес сақтай алмайды. Ол үшін материал-дарды бірнеше рет қайталап, арнаулы тәсілдермен жаттығып отыру керек. Егер есте қалдыратын материалдар адамның өткен тәжірибе-сімен, бұрынғы көргендерімен байланысып отырса, есте қалдыру-дың нәтижесі тұрақты болады.

Есте қаддырудың механикалық және логикалық түрл бар. Мысалы, көбейту кестесін жаттау арқылы механикалық түрде есте қалдыруға жол ашамыз немесе жүргізуші жол белгілерін көру және есте сақтау арқылы іске асырады. Ал логикалық есте қалдыру материалдың мазмұнын, мағынасын, оларды бір-бірімен өзара себе салдарлық байланыстыру, ойша салыстыру арқылы қол жететін нәтиже.

Логикалық есте қалдырудың шарттары: есте қалған материалды түсіну, оны ой елегінен өткізу, жаңадан қабылданған материалдың бұрынғы естегі материалдармен байланысын айыру, ой қазығын, желісін таба білу, жаттау мен қайталау арқылы тұрақтандыру т.б.

Бұрынғы алынған мәліметтерді еске түсіру ісі екі жолмен іске асырылады. Ол ерікті және еріксіз болып екіге бөлінеді. Еріксіз еске түсіру деп кісі әдейілеп ері жігерін жұмсамаса да, бұрынғы бейненің адамның есіне -өзінен еріксіз түсуін айтады. Еріксіз еске түсіру ассоциация заңдары үлкен орын алады. Ерікті еске түсіруде адам өткен тәжірибесінде кездескен бейнелерді әдейілеп алдына мақсат қойып, ерік-жігерін жұмсап еске түсіреді.

Адам есінің дамуы мамандығына да байланыст Мысалы, жүргізушілердің көргенін есінде сақтау

музыканттың есту сезімі арқылы ән ырғағы мен заттың қасиетін (әсіресе соқырлардың адамды дауысынан тануы) тани білуі, сондай-ақ дегустаторлардың ішімдіктерді дәміне қарап ажыратуы, аспазшылардың әр тағамның дәмін тату арқылы танып білуі т.б. дамыған.

Адамның рухани байлықты игеруінде сенім мен пікірдің және білімнің маңызы аса зор. Күнделікті өмірде адамдар сөйлегенде “Мен білемін…”, “Менің ойымша осылай…” деген сөздерді жиі қолданады. Бұл сөздерді қолдану арқылы адам өзінің “Меніне” (жеке басына) ерекше мән беретіні байқалады, яғни ол адамдардың рухани мүмкіндіктеріне тындаушының көзін жеткізу, сенімін арттыру үшін қолданылады. Өз пікірін баса көрсету, өз сенімі мен білімін сөзіне куә ету бір жағынан шартты түрде алынса, екіншіден айтушының яки істі орындаушының жауапкершілігін сездіреді. “Бұл менің имандай сырым. Маған сенсеңдер, осы пікірді дұрыс деп қабылдандар” деп тұрған сөйлеушіге сенімсіздік көрсетудің өзі қиын болады. Адам өзінің біліміне еркін сеніп, соған арқа сүйей пікір айтса, ол пікір ғылыми дәлелді болса, оған сенбейтін адам болмайды.

Білім арқылы адам өзінің дүниетанымдық ауқымын кеңейтіп толықтырады. Оның үстіне, білімді күнделікті қолдана білмесе, ол ештемеге жарамсыз бос дүние болып шығады. Нағыз шынайы білім әр адамның еңбегін жеңілдетеді, өміріне пайда келтіреді. Ал білімнің пайдасы күнделікті өмірде қолданылып, іске асырылғанда ғана оның иесі де, айналасындағы жақын туыстары да, шәкірттері де пайдасын көреді және ғылым-білімнің өміршеңдігі тәжірибеде сыналып, өмірде іске асқанда ғана оның пайдалылығына өзгелердің көзі жетіп, көңілі толатын болады.

Ғылым, білімнің үнемі өсуі, жаңаруы, адам еңбегіне де жаңалық енгізіп, әлеуметтік жағынан үнемі жаңарып, түрленіп дамып отыруын талап етеді. Педагогика ғылымындағы дамыта оқыту, дамыта тәрбиелеу деген терминдердің мәні осы талапқа байланысты туған.

Білім мен сенім егіз. Білімі таяз кісінің сөзіне сенім де шамалы болады. Білімнің толықтығы мен тереңдігі тындаушыға ерекше әсер етіп, еріксіз ұйытады. Біліп сөйлеген адамға қарсы дау айтудың өзі арсыздық. Білімді адамның сөзі тындаушышның жүрегіне тез жетіп, оған деген сенімді еселеп арттырады

Сенімнің артуына адамның әсерленушілік ішкі сезімі де қатар қызмет етеді. Сезім мен бойдағы білімді тыңдаушыға жүрек тебіренте жеткізе білген лекторды немесе мұғалімді тыңдаушылар ұйып тыңдайды. Кейбір адамның білімі мол болғанымен, оны тындаушыға әсерлі етіп жеткізіп бере алмайды. Сондықтан ондай адамның білімі тыңдаушының жүрегіне жетпей, бос сөз болып көрінуі де мүмкін. Әсіресе, мұғалімге біліммен қоса, оны оқушыға шеберлікпен жеткізе білетін шешендік, шеберлік керек.

Жеке тұлға мен қоғамның арақатынасы туралы

Қоғам деген не? Жеке тұлғаның қоғамдағы ролі қандай? Қоғам дегеніміз адамдардың жиынтығы болып шығады. Шын мәнісінде адамдар қоғамдасу арқылы өзіне тән қасиеттерге ие болып, жеке тұлғалық бейнесін танытады. Адам өмірде белгілі бір әлеуметтік ортаға тән болып, өзіндік тұлғасын қалыптастырады және өзіне тән мінез-құлық ерекшелігін ашып көрсетуге мүмкіндік алады. Сөйтіп, өз бойындағы табиғи қабілетінің ашылуына және оның дамуьша жағдай жасайды. Адамдардың бірлесіп еңбек етуі, өмір сүруі рухани бірлестікті (көзқарас, сана-сезім, кәсітік т.б.) туғызады. Сөйтіп, әрбір жеке тұлға басқалармен мыңдаған байланыс түрлері арқьшы әлеуметтік, қоғамдық байланысқа, қарым-қатынасқа түседі.

Әрбір жеке түлға отбасында, көшеде, қоғамдық көлікте, жиындарда, жұмыста немесе оқу орындарында, күнделікті өмірде үнемі жаңа адамдармен кездесіп, өзара пікірлесіп, байланысқа түсетінін ескерсек, мұның бәрі еріксіз қоғамдасып пікірлесуді туғызатынын байқаймыз. Ал қоғамдастықта пікірлесу жеке тұлғаның рухани өсуінің және өзіндік “Менін” көрсетудің жолы. Мұның бәрі жеке тұлғаның қоғамнан тыс өмір сүре алмайтынын, оның бар өмірі қоғамдасу, ұйымдасу, пікірлесумен өтетініне, айналасындағы адамдармен үздіксіз қарым-қатынасқа құрылатынына дәлел бола алады.

Мәдениет деген не? Мәдениет пен өркениеттіліктің өзара байланысы қандай? Өркениетті қоғам қалай пайда болады және қалай дамиды? Өркениетті қоғам байлықтарын жасауға ұлтгар мен ұлыстардың және жеке тұлғалардың қатынасы қаншалықты дәрежеде деген мәселелерді қарастырайық.

жасанды дүние, екіншісі — рухани дүние. Біріншісіне үй, өндіріс, киім-кешек т.б. ал екіншісіне — ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеті үлгілері, өнер туындылары, дін, ғылыми ұғымдар жатады. Мәдениет — адам әрекетінің, саналы қызметінің көрінісі. Олай болса, сол әрекет, қызмет нәтижелері де мәдеииет дәрежесін паш етеді. Адамның тіршілігі үшін еңбек құралдары керек. Еңбек құралдарының жабайы түрі тас, қола дәуіріндегі тас балға, балтадан басталып темірден жасалған құрал-саймандарға ауысып, одан бу, электр машиналарына көшкенге дейінгі аралықты қамтиды. Техникалық прогрестің нәтижесі бүгінде ғарыш кемесін, есептегіш-компьютерлік техниканы өмірге өкелді. Мұның бәрі материалдық байлықты көбейту үшін, еселеп өнім шығару үшін, адамның еңбегін жеңілдету үшін қажет болды. Материалдық байлықтың нәтижесі рухами мәдеиисттін, (ой еңбегінің) жемісімен тығыз байланысты. Еңбек неғұрлым күрделенген сайын, мәдениет те жана сипат алыи, эволюциялық өсуден революциялық өсу пайда болатыны байқалады. Мәселен, садақ пен жебе бір кезде адамның табиғатпен байланысындағы төңкерістің куәсі болса, бүгінгі ғылыми-техникалық революция жетістіктері де, өндірістегі жаңа техника меи технология да материалдық мәдениеттегі төңкерісті білдірсді.

Мәдениет адамсыз жасалмайды. Адамның дамуы мәдениетке тікелей байланысты. Жеке ұлы тұлғалардың ғылыми жаңалықтары бір жағынан санада төңкеріс жасап, ғылымды дамытса, екіншіден сол арқылы қоғамда ғылыми-техникалық төңкеріс жасалып, материалдық игіліктерді молайтады. Олай болса, тарихты жасаушы адамдар жеке ұлы тұлғалар екен.

Мәдениетті түсіну үшін тарихи дәуірді білу, сол қоғамдағы өндірістік қатынастардың қандай болғанын анықтау, өмір салты, рухани дүниесі қандай еректеліктерімсн анықталатынын ажырата білу қажет. Олай болса, мәдсниетті адамның іс-әрекетінен, оның қоғамдағы қызметінен бөліп алып қарау мүмкін емес.

Енді табиғат пен мәдениеттің өзара байланысына келсек, табиғат мәдениеттен бұрын, адам еркінен тыс, оның санасына тәуслсіз пайда болған. Ал мәдениет — адам қызметінің жемісі, ол адамның қажеттерін өтеуге негізделген. Бірақ адам еңбегінің нөтижесі табиғаттың әссрінсіз өсіп өрксндемейді. Мәсслсн, суретшілердің, композиторлардың тамаша туындылары табиғат әсерінсіз негізделген. Бірақ адам еңбегінің нәтижесі табиғаттың әсерінсіз өсіп- өркендемейді. Мәселен, суретшілерді композиторлардың тамаша туындылары табиғат әсерініз тумақ емес. Мәдениет көп салалы болып келеді. Мәслен, ресми әдебиеттерде жиі айтылып жүрген “Саяси мәдениет”, “Экономикалық мәдениеті”, “Экология мәдниеті”, “Адамгершілік қарым-қатынас мәдениеті”, “Тәрбие мәдениеті”, “Жеке бастық гигиеналық мәдениет дегендер мәдениеттің сан салалығын көрсетеді.

Мәдениет пен өркениеттілік деген екі ұғым бір-бірне өте жақын. Бірақ бір емес. Өркениеттілік деген термин үш турлі мағынада қолданылады. Оны кең көлемде алғаң алғашқы қауымдастық құрылыстан таптық қоғамға көшу одан тарлау мағынада — бір қоғамдық формацияда екінші қоғамдық формацияға көшу, тар мағынада — әрбір елдің өз алдына даму ерекшеліктері, айталық, көшпенділер өркениеті, үнді өркениеті, Вавилон өркениеті т.б

Алғашқы қоғамға қарағанда құлдық қоғамда көп ілгері дамығандық болды. Мұнда таптық мемлекет пайда болды жазу-сызу мәдениеті, қоғамдық ел билеу төрті орнатылды. Сондықтан мұны адамның тағылықта:өркениетке көшуі дейміз. Бірақ бұл дамудын шегі емес. Қоғам одан әрі дами береді. Бір өркениеттен екінші

өркениет жоғары бола бермек. Қол құралының (қайла балта т.б.) бу машиналарына алмасуы, одан электр, атом қуатының пайда болуы т.б. өркениеттің көкжиегінің кеңуі Мәдениет дамудың объективті жағын көрсетсе өркениеттілік — сол объектінің адамға тиімділігі, игілігі

Мәселен қазіргі жеңіл машина да, өнер, білім де мәдение’

жетістіктері, ал оларды пайдалану — адамға жасалған жеңілдік, игілік.

Мәдени байлықтарды пайдаланудың прогрессивтік те реакциялық та сипаты бар. Мәселен атом, сутег қуаттарын соғыс құралы ретінде пайдалану жауыздылық. Ал оны адам еңбегін жеңілдетуге, бейбіт өмірге пайдалану өркениеттілік. Олай болса, өркениеттілік прогреске, қоғамдық заңдылыққа қайшы келмеуі керек ол ізгілікке, әділеттілікке, прогреске қызмет етуі тиіс Біздің демократиялық, құқықты, ізгілікті ел болуға ұмтылуымыз да сондықтан.

Өркениетті ойлар жер бетінде мындаған жылдар салтанат құрып, бүкіл адамзат қоғамындағы барлык таптар мен топтарға, барлық ұлттар мен ұлыстарға ортак мұралық қызмет етеді. Мәселен, ертеде өмір сүрген

Платон, Аристотель, Конфуций, Будда, Мұхаммед, Сократ, Әл-Фараби т.б. ұлы ойшыл ғұламалардың ой-пікірлері — бүгінгі ұрпаққа да ой салатын, рухани қажетіне жарата алатын қазына. Тарихта мәдени байлықтарды каратып, адамдарды қырып жоюмен аты қалған Александр Македонский, Шыңғысхан, Темірлан, Наполеон, Гитлер т.б. үстемдігі уақытша болған да, ал ақыл-парасат иелерінің ой-пікірлері мәңгі салтанат құрған. Оның себебі біріншілері — бүкіл адамзатқа ортақ рухани мұра білім, ғылым, өнер рухын себушілер болды. Олар ұлтына, дініне, нәсіліне карамай, барша халыққа этак мұра қалдырды, ал екіншілері — жер бетіне өлім рухын сеуіп, үстемдік жүргізуді, басқаларды тәуелді етуді армандады.

Өркениеттің дамуы, өсіп өркендеуі Л.Н.Гумилевтің айымдауы бойынша қоғамдық, мәдени-экономикалық жағдайларға байланысты біркелкі дамымайды. Ол бірде шапшаң, бірде баяу, қисық доға іспетті дамуды бастан кешіреді екен. Мәселен, бұдан мыңдаған жылдар бұрын типет, Қытай елдері әлемдегі өркениетті елдер болған. Сол сияқты көне қыпшақ, сақ мәдениеті де тарихтан елгілі. Кейін ғылыми-техникалық прогресс шығыстан атысқа ауысып, XI—X ғғ. Батыс Еуропа елдері жаңа өрлеу дәуірін бастан кешірді. Англия, Франция, Италия, Германия сияқты Батыс Еуропа мемлекеттері алдыңғы қатарлы өркениетті елдер қатарына шықты. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін АҚШ мемлекеті ең алдыңғы қатарлы өркениетті дамыған ел болып отыр.

Этностар мәдениетін анықтауда археологиялық қазба ескерткіштерді тарихи салыстыру әдісіп қолдану арқылы анықтауға тура келеді. Бүгінгі бізге жеткен мәдениет ұшығы сол көне этностардың өткендегі мәдени өресіне өлшем бола алмайды. Себебі олар көне мәдениеттің ұшығы ғана. Этностар мәдениетін анықтағанда, ағаш пен киізді былай қойғанда, қиыршық құм, тас сияқты құрылыс материалдарының өзі желдің, жаңбырдың әсерінен үгіліп, тозып, жоқ болатынын естен шығаруға болмайды. Сондай-ақ жер сілкінісі, су тасқыны т.б. табиғи күштердің әсерінен, мәдениеттің жоқ болуы немесе жер-су астында қалуы мүмкін. Олай болса, адамзат қолымен “асалған мәдени ескерткіштердің көбінің өткен дәуірлердегі осындай жай-күйі этностар мәдениетінің өткенін дұрыс анықтауға мүмкіндік бермей, ғалымдарды қателіктерге ұрындырып, теріс көзқарастар туғызады.

Мәселен, ортағасырлық идеалистік бағыттағы философ-тарихшылар этностарды “тарихи емес” тағы этностар да бар деп қателіктерге ұшырады. Бұл қателіктерді XX ғ. еуроцентристік көзқарастағы батыстық ғалымдар да қайталап (әсіресе кешегі кеңестік дәуірде) Шығыс, түркі халықтарын мәдениеттен мешеу “тағылар” деп қателесіп келгенін айтпай кетуге болмайды. “Өркениетті жақтаушылар” Кеңес Одағына қараған орыстан басқа халықтарға мұрын шүйіре менсінбей қарап келді. Этностар мәдениеті жөніндегі мұндай теріс көзқарас кеңестік әкімшіл-әміршіл заманда кеңінен өріс алып, “ұлы халық”, “кіші халық” деген теорияны шығарды. Олар “Адамның тұлғасы оның бойының ұзын-қысқалығымен өлшенбейтіні” сияқты, халықтардың да үлкен-кішісі, санының аз, я көптігімен өлшенбейді. Өткендегі тарихи мұрасымен, адамзат игілігіне қосқан үлесімен өлшенеді деген В. Гюгоның қағидасын ескермеді.

Көне мәдениеттің жұрнағы жер бетінде аз да болса қалады. Әр этнос өлемдік мәдениетке өз шама-шарқынша үлес қосады. Осы жерде академик М.Әуезов “Әлемдік мәдениетке әр халық өзінше үлес қосады. Француздар асқан сұлу кескін өнерімен, итальяндар әсем сазды музыка мәдениетімен, египеттіктер атақты пирамидаларымен, қытайлар фарфор бұйымдарымен із қалдырса, қазақ халқы бай ауыз әдебиетімен үлес қосты” деген ұлағатты ой-пікірін еске ала кету орынды демекпіз.

Әлемдік өркениетке әр халықтың қосқан үлесін сөз еткенде ұлы тұлғалардың ерен еңбегін айтпай кетуге болмайды. Мәселен, Аристотель, Платон, Галилей, Коперник, Гегель, Фейербах, Дарвин, Мичурин, Ломоносов, Лобачевский, Декарт, Демокрит, Абай, Науаи, Луи Пастер, С.П.Боткин, Фирдоуси, Айни, Павлов, Ньютон, Руставели, Низами, Сократ, Спиноза, әл-Фараби, Ибн-Сина т.б, ғылым мен өнердің алуан саласында өлмес ұлы мұра қалдырған ірі тұлғалар. Олардың ғылым мен өнердегі асыл мұралары барлық адам баласына бірдей ортақ. Олардың үлты мен шыққан тегі, өскен ортасы алуан түрлі. Олай болса, әлемдік мәдениеттің алтын қорына өр ұлт өкілі өз үлесін қоса білген екен.

Ұлттар мен ұлыстар бір мемлекет аумағында бірлесіп еңбек етіп өмір сүре отырып, материалдық және рухани байлықтарды да бірлесе жасайды. Оған Қазақстанда тіршілік етіп келе жатқан жүзден астам ұлттар мен ұлыс

өкілдерінің достық өмірі, бірлескен еңбегі, Қазақстанды орақ үйіміз деп есептеуі айғақ.

Бірлесе қимыл-әрекет жасау қашан да жеңіске кеткізеді. Оған мысал — кешегі кеңес халқы бірліктің арқасында неміс-фашист басқыншыларын күйрете жеңді. Қазақстаңдағы тың көтеру, ондаған шахталар мен күздеген фабрика, зауыттарды салып, іске қосуда да ұлттар достығы, бірлік, берекелі еңбек жеңістің тұтқасы болды. Соғыс жылдарында қуғынға ұшырап, Қазақстанға “ер ауып келген неміс, чечен, ингуш, қарачай, әзірбайжан, курд, поляк, корей, қырым татарлары сияқты елінен, жерінен ауған халықтарды қазақтар достық құшағын жая қарсы алды. “Адамның күні адаммен” дегенді олар ұмытуға тиісті емес. Сол себепті де кез келген халық ізгілікке ыстық ықыласпен қарап, достыққа достық сезіммен жауап беріп, “ынтымақ — ырыс көзі, құт — берекенің бұлағы” — деп қарауды мақсат тұтады. Бұл ой-пікір халықтық афоризм сөздерде, мақал-мәтелдерде ежелден ой өзегі болған.

Бүгінгі Қазақстанның ұлт саясатында өлемдік мәдениет пен ұлттық мәдениетті қатар кіріктіре меңгерту арқылы жеке тұлғаның да, белгілі бір топтың да, бүкіл бір халықтың (ұлттың) да менталитеттік өрісін көтеру, сөйтіп барлық ұлттар мен ұлыстардың мемлекет байлығын жасауға тең құқықтылықпен, жоғары саналылықпен ат салысу көзделіп отыр. Бүл істе жеке ұлы тұлғалар үлесінің срекше екені даусыз. Алайда ұзақ жылдар елімізде салтанат құрған марксистік идея бойынша “тарихты жеке ерлер жасамайды” деген қағиданы ұстанып келдік.

Шын мәнінде, қоғамдық ойдың шапшаң дамуына жеке тұлғаның әсері болатынын немесе толықсыған ақыл-парасаты мол көсемдерін сабырлылық сабасына келтіруге ықпал ететінін жоққа шығаруға болмайды. Олай болса, тарихи оқиғалардың шешілуінде жеке тұлғалар рөлінің зор екенін мойындауға тура келеді. “Өмір таласы ұлыларды туғызады, ал атақ шығару үшін күрес талантты танытады” деген К.А.Гельвецийдің, “Ұлы тұлгалар аспанды жарып шығып, жарқ еткен нажағай іспетгі, ол жолындағыларды өртеп, қырып-жоймай тынбайды” деген Т.Карлейльдің немесе “Білгеннің сөзі — өнеге, өнегелінің соңынан еру де ерлік” деген Ахмет Иүгінекидің, ұлы ақын Абайдың

Единица — жақсысы

Ерген елі бейне нөл,

Единица кеткенде

Не болады өңкей нөл? —

деген тұжырымдары ұлы тұлғалардың тарихтың көшбасшы-сы бола білетінін дәлелдей түскендей.

Табиғаттың тылсым сырын ашушы, оны адамзаттың күнделікті қажетіне жаратушы, айға ұшып, аспан өлеміндегі, кеңістіктегі тіршіліктің сырын ашушы жеке ұлы тұлғалар, көрнекті ғалымдар. Олай болса тарихты жеке тұлғалар жасайды деген қорытынды жасауға болады.

Алайда ғылым өлі де табиғаттың біз білмеген құпия сырлары бар екенін мойындайды. Бүгінгі философия, биология, психология ғылымы адам өміріндегі әлеуметтік, биологиялық жұмбақтарды шешумен бірге, оның психикалық және рухани өмірінің сырларына да терең бойлауда. Бүгінде адам өмірінің алуан сырын ашуда ақыл-ой, ерік-сезімнің күші мен мүмкіндіктерін философия, педагогика, психология ғылымдары әр тұрғыдан талдап қарастыруда.

Енді әлемдік өркениет пен ұлт мәдениетінің байланысы дегенді қарастырайық. Әлемдік мәдениеттің ұлттық мәдениетпен оның озық үлгілерімен толығып отыруы тарихи заңды құбылыс. Сондықтан бүгінгі өркениетті әлемдік мәдениетке жергілікті жердегі (өр мемлекеттегі) ұлттық мәдениетті кіріктіре пайдаланудың қажеттігін өмірдің өзі талап етіп отыр. Осыган байланысты ұлттық сана және ұлттың өзін-өзі саналандыруы деген мәселені қарастыруға тура келеді. Ұлттық сана мен ұлттардың өзін-өзінің саналандыруы жалпы әлеуметттік (қоғамдық) сананың бір бөлігі болып саналады. Бірақ, бұл түсінік бірыңғай ұқсас болғанымен, тепе-тең емес. Ұлттың өзін-өзі саналандыруы дегеніміз — ұлттық сананың шынайы мазмұны. Ұлттың өзін-өзі саналандыруына өр этнос өкілдерінің өз тарихы мен оның бүгініне және болашағына деген көзқарасы, бағалауы, пікірі, қатынасы жатады. Сонымен бірге, басқа этнос өкілдерімен қарым-қатынасын да қамтиды, Оған сол ұлт өкілінің өз ұлтының мәдениетіне деген көзқарасы мен ішкі сезімі де енеді.

Ұлттың өзін-өзі саналандыруы — ұлттық сананың эмоциялық сезімін білдіретін ядро болып есептеледі, яғни оның өз ұлтының мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезімінің іргетасы болып саналады. Ол ұлттық-этникалық қарым-қатынастан көрініс табады. Әр ұлт өкілінің өз ұлтының рухани және әлеуметтік-саяси өміріне деген қатынасын білдіреді. Солай болғандықтан, әр ұлт өкілінің ұлтының мәдениетін қаншалықты бойына сіңіргенін жеке басының үлгісімен көрсетуін талап етеді. Ал саяси тұрғыда ұлттың өзін-өзі саналандыруы екі жақты көрініске ие болады. Біріншіден, ол әлемдік өркениетті, мәдениетті меңгерген, оны өз бойына еркін сіңірген болуы керек. Екіншіден, өз ұлтының мәдениетін жақсы меңгерген, жанындай сүйген патриот болуы керек. Өз ұлтының мәдениетін жетік біліп меңгермеген, оны сүйе білмейтін азамат әлемдік мәдениеттің озық үлгілерінен де шынайы ләззат ала алмайды. Бұл жерде патриотизм мен интернационализм біріге келіп, ұлттық мәдениет пен әлемдік мәдениетті кіріктіре игеруді,сөйтіп адамзаттың жасаған рухани байлығын еркін меңгерген азамат болуын талап етеді. Гуманизм идеясы оның жүрегінен тұрақты орын алады, яғни жан-жақты жетілген, ұлттық сана-сезімі оянған азаматта ұлтжандылық қасиет пен гуманистік қасиет біріге келіп, адамзаттың бәрін бауыр санау, дос тұту, жақсыда жаттық жоқ, жақсы барша халыққа ортақ деп қарау сезімі мықтап орнайды. Міне, осындай көзқарас ) ұлт өкілдерінің санасында тұрақты орын тепкенде ғана ұттық сана қоғамдық сананың бөлінбес бір бөлшегіне, іздің сыңарына айналады. Ол ұлттардың өзара қарым-қатынасы нығайғанда, ұлттық түсінушілік, бір ұлттың екінші ұлтты тең құқықты қоғам мүшесі деп қарау күнделікті өмірден тұрақты және берік орын алғанда ғана іске асады. Бұл идея Президентіміз

Н. Ә. Назарбаевтың “Қазақстан-2030” стратегиясында да, 1998 ж. наурызда республиканың зиялы қауым өкілдерімен кездескенде сөйлеген сөзінде де өзекті орын алған.

Читайте также: