Абидос

Абидос (Abydos), Дарданелл бұғазының шығыс жағалауындағы, Чанаккале түбегінің солтүстік-шығысындағы ежелгі анадолы қаласы.

Б.з.д 670 жылы Милеттен келгендер осы қаланың іргетасын қалаған. Б.з.д. 480 жылы І Ксеркс Грекияны жаулап алуға аттанып бара жатқан жорығында Абидос аймағындағы бұғазды қайық ағаштарынан жасалған көпір арқылы кесіп өтеді. Қала б.з.д. 200 жылдары Македондық V Филиппке тегеурінді қарсылық көрсеткен. Осы табанды қарсылығы және «Геро мен Леандре» аңызы арқылы әйгілі болған.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *