Абиджан
Абиджан (Abidjan), Атлант мұхитындағы Эбире шағын мүйіс жағалауындағы ең ірі қала (халық саны 3 199 000 адам), Кот-д’Ивуардағы ең басты порт.
1904 жылдан бастап Абиджан теміржол желісінің соңғы бекеті болды. Қала шағын мүйіс пен теңізді жалғайтын канал құрылысынан кейін (1950) портты қалаға айналып, Француз Батыс Африкасының қаржылық орталығы болып қалыптасты. 1983 жылы ресми түрде астана Ямускуро қаласына ауысқанына қарамастан, Абиджан үкімет мекемелерінің шоғырланған қаласы болып қала берді. Абиджанда піл сүйегінен жасалған бұйымдар сақталған өнер мұражайы, ұлттық кітапхана және ғылыми-зерттеу институты орналасқан.