Сормалау помпасы
Помпа — бактағы отынды сорьщ оны отын насосына жіберуге арналған. Отын помпара келгенше ішінара тазарту сүзгісінен өтеді. Помпамен отын насосының аралырында отынның ағынына едәуір кедергі жасайтын мұқият тазарту сүзгісі орналасқан. Сондықтан,да помпа отынды едәуір қысыммен (1,5—1,7 кгс/см2, яғни 150—170 кПа) айдамалайды.
Сору помпасының құрылысы мен әрекет ету схемасы 120-суретте көрсетілген. Серіппе 5 поршеньді 7 помпа корпусының аралық қабырғасына 6 үнемі қысып тұрады. Серіппе 3 роликті 2 итер-
120-сурет. Сормалауыш помпаның құрылысы және әрекет ету схемасы:
1 — жұдырықша; 2 — ролик; 3 және 5 — серіппелер; 4 — итергіш стержеңі; 6 —корпустық аралық қабырғасы; 7 — поршень; 8 —ағызып әкету тітікшесі; 9 — айдамалау клапаны; 10 — цоршень асты қуысы; 11 — ағызып экелу түтікшесі; 12 — поршень үсті қуысы; 13 — қолмен сормалау тұтқасы; 14 — поршень; 15 — ендіру клапаны; 16 — шығару клапаны; 17 — итергіш.
гішті 17 осы қабырғадан алшақтата түсуге тырысады. Мұнымен қатар серіппенің 5 қысымы стержень 4 арқылы да роликті 2 итер-гішке 17 беріледі. Осының әсерінен ролик отын насосы білігінің жұдырықшасына 1 жанасатын болады.
Насос білігінің айналысы кезінде жұдырықшаның ұшы роликке жанасқан кезде (120-сурет, б) мына құбылыс болады: итергіш серіппені 3 сыға отырып аралық қабырғаға жақындай түседі; бұл қрзғалыс стержень 4 арқылы поршеньге беріледі, соңғысы серіппе-ні 5 сыға отырып аралық қабырғадан алшақтай түседі. Жұдырық-шаның бүртік ұшы роликтен асып түскен кезде (120-сурет, а) пор-шень 7 серіппенің 5 әсерінен (онымен бірге итергіш 17 те) бастапқы қалпына қайтып келеді.
Жұдырықшаның бүртігі роликтен асып түскен кезде не бола-тынын анықтайық. Поршень 7 қуыстың 10 ауасын сирексітеді, ал екінші қуыста 12 қысым тудырады. Ішіңара тазарту сүзгісінен ке-летін отын, клапанды 15 ашады да қуысты 10 толтырады. Екінші қуыстағы 12 отын мұқият тазарту сүзгісіне және насосқа айдама-ланады, бұл кезде клапан 9 жабық тұрады. Жұдырықшаның бүртігі қайтадан роликке жанасқанда, поршень бір қуыста 12 сирексіту, екінші қуыста 10 қысым тудырады. Клапан 15 жабылады, ал екінші клапан 9 ашылады. Отын бір қуыстан 10 екінші қуысқа 12 ағады. Сондықтан, поршеньнің сору және айдамалау жүрісі серіп-пенің 5 әсерінен бір мезгілде өтеді. Осының нәтижесінде поршень-нің жүріс шамасы және отынның помпа арқылы берілуі двига-тельдің отынды шығындауына тәуелді түрде серіппенің әсерінен автоматты түрде өзгереді. Бұл былайша іске асырылады. Двига-тельдің отынды шығындауы азайған кезде, қуыстағы 12 қысым күші артады. Серіппе 5 бұл қысымды жеңе алмайды, осының нә-тижесінде поршень жүрісін баяулатады немесе өзінің жүрісін мүлдем тоқтатады. Шығынның артуы себепті осы қуыстың қысымы кеміген кезде, серіппе поршеньді тағы да қозғайды.
Сормалауыш помпа отынды қолмен соруға арналған насоспен жабдықталған. Бұл насос дизельді жүргізудің алдында оның қо-ректендіру жүйесін толтыруға, әрі одан ауаны шығаруға арналған. Насосты пайдаланудан бұрын оның тұтқасын 13 бұрап, босатып қою керек. Қалған уақытта тұтқа поршеньді 14 бекіту шаригін оның ұясына нығыздап түсіретіндей болып бұралып кіргізіледі. Шарик ұясына нығыз түспесе помпа ауа сорады, осының салдарынан отын насосының жұмысы бұзылады.
Помпада каналмен 16 байланысқан шеңберлі ойық бар. Ол стержень.4 мен бағыттауыш втулка аралығынан сүзіліп өтетін отынды әкетуге арналған. Осының нәтижесінде отын насосының корпусына отын тамбайды.
Отындық аппаратураның жүйесінде ауаның болуы двигательді жүргізуді және оның жұмысын қиындатады. Қоректендіру жүйесіне өзара жалғасатын жапсарлардың герметикасы болмауы, дви-гательдің ұзақ уақыт тоқтап тұруы себепті, ішінара тазарту сүзгісін немесе отын аппаратурасының басқадай элементтерін жуу кезінде ауа еніп кете алады.
Жүйедегі ауаны шығару үшін түтқаны 13 пайдалана отырып, электр-факелдік жылытқыштың ағызу түтікшесінен мөлдір ағын (ауа көпіршігі жоқ) шыққанша отынды сормалау керек.