АЛҒАШҚЫ ӘДЕБИ-ЭСТЕТИКАЛЫҚ БАЙЫПТАУЛАР
Сөз өнері жайлы топшылаулардың туу тарихын, жалпы көркемөнерге тән қасиет (әдемілік) хақындағы қағидалардың қалыптасу тарихын әдебиет пен өнер зерттеуші ғалымдар біздің, эрадан бұрынғы (бұдан былай “б. э. б.” деп, қысқартып алып отырамыз.— 3. Қ.) VI ғасырдан, ЯРНИ Пифагор тұсынан бері қарай тұтастыра жүйелеп жүр. Дұрысында адам баласының көркемдік талғамының алғашқы белгілері грек цивилизациясынан ондаған ғасыр бұрын, Нил мен Нигер, Хуан-хэ мен Янцзы, Инд мен Ганг, Тигр мен Евфрат жағалауларын мекендеген көне халықтардың рухани өмірі мен өнерінен пайда болған,
Байырғы вавилон жұртының “Көрмегені жоқ кісі туралы” дастаны немесе көне үнді халқының “Ригведа”, “Махабхарата”, “Рамаяна” жырлары тәрізді еңбекші бұқараның жер бетінде тұңғыш туғызған әдеби ескерткіштеріне бақсақ, адам баласының сөз өнері, соған сабақтас көркемдік пен көріксіздік, ерлік пен ездік, жақсылық пен жамандық, білімдарлық пен надандық туралы талаптары мен талғамдары тіпті б. э. б. 3—2 мыңыншы жылдарда туып, тұрлаулы ұғымға айнала бастағанын аңғарамыз.
“Көрмегені жоқ кісі туралы” дастан — бірінші вавилон династиясы тұсында, яғни б. э. б. 2 мыңыншы жылдар шамасында туған батырлық поэма. Мұнда Урук қаласының патшасы Гильгамеш, оның досы Энкиду, олардың ерлік істері жырланады (И. М. Дьяконов аударып бастырған варианты “Гильгамеш туралы эпос” деп те аталады.—3. Д.) “Көрмегені жоқ кісі туралы” дастан— Адам жайлы, адамның сұлулығы мен ұлылығы, асылдығы мен батырлығы хақындағы гимн:
Зұлымдық көзін жоқ қылмай келсем — маған сын
Жауынмен өзің аиқасып өлсең — Адамсың *.
Осынау екі жолдың өзінен бұдан төрт мың жыл бұрын өмір сүрген адамдардың абзал да асқақ мінезін, адамға тән асыл қасиет, сұлу сипат — ерлік, өрлік, қай-сарлық туралы түсінігін, моральдық-этикалық идеясын, эстетикалық идеалын байқау қиын емес. XVII ғасырдың орта тұсында Баумгартен “Эстетика” деп ат беріп, айдар таққан әдемілік туралы ілімнің түп тамыры жалпы өнер тарихының тұңғиық тереңінде жатыр дейтініміз сондықтан.
Тигр мен Евфрат маңында Гильгамеш батыр жырға айналған сол б. э. б. XX ғасыр шамасында Инд мен Ганг жағалауындағы көне үнді жұрты жалпы көлемі “Илиада” мен “Одиссеяға” барабар бір мың жиырма сегіз гимн шығарып, оларды “Ригведа” атанған он кітапқа топтастырып жатты. Гимндердің классикалық қо парылмалы тіліндегі әсем айшық-өрнектерге, лирикалық толғаныстарға, көркем образдарға қарағанда үніді хал-қында тіпті “Ригведаға” дейін де ғасырлар бойы дамып, жетіліп келген сөз өнері болғанға ұқсайды.
“Ригведа” гимндері арқылы қалыптасқан әдеби дәстүр, зстетикалық талғам тағы бір мың жыл өткен соң үнді халқының әлемге әйгілі ұлы дастандары “Махабхаратаға”, одан келе “Рамаянаға” ұласады.
“Махабхарата” — керемет көркем ескерткіш; дастанның он тоғыз кітаб-ындағы өлең көлемі — екі жүз он төрт мың жол, яки “Илиада” мен “Одиссеядан” (екеуін қосып есптегенде )сегіз есе артық.
“Махабхаратаның” бір алуан (“Наль туралы”) аңызын кезінде
В. А. Жуковский аударып, оның көркөмдік құнын В. Г. Белинский жоғары бағалағаны мәлім. Осы фактінің өзі-ақ көне үнді поэтикасында әжептәуір эстетикалық талап және талғам болғанын аңғартады. Екі
* Гильгамеш туралы эпос, М, 1961, 52 бет.
поэмадағы бас кейіпкерлер—“Махабхаратадағы” Кришна, “Рамаянадағы” Рама мифтік нанымдар тұтқынында бұлыңдап, құдайға баланған қалпында қалып қоймай ды, жерге түседі, кәдімгі жер басып жүрген адам бей несінде суреттеледі. Әсіресе “Рамаянаның” 2, 6-кітапта рындағы суреттеулер мен баяндаулар әрі шынайы, әр шыншыл. Осыған қарағанда, я болмаса поэманың көр кемдік ерекшеліктеріне (лиризмге, символға, суреттілікке т. б.) қарағанда, көне үнді поэтикасында әжептәуір эстетикалық принцип және жүйе болғаны кәміл.
Қысқасы, эллада эстетикасынан жүздеген жылдар бұрын көне үндінің көркемдік көзқарасы туып, қалып-тасқан; сол арқылы үнді поэтикасының өзгеше заңы, ережелері белгіленген. Ол-заң, ереже бойынша, үнді жазушы-лары өздерінің көркем шығармаларын әрқашан тек “Ригведа” гимндеріндегі, “Махабхарата” және “Рамаяна” дастандарындағы сюжеттер мен образдар негізінде ғана жазуы шарт болған. Мысалы, аты шулы Қалидаса өзінін, “Шакунтала” (орыс тіліне алғаш аударған Н. М. Карамзин.— 3. Қ.) драмасын “Махабхаратаның”: бір эпизодына құрса, одан бір мың бір жүз жыл кейін Тулси Дас (XVI ғ.) “Рамаяна” сюжетін негізге алып, “Рамаяна, яки Рамачаритаманаса” деген поэма жазған.
Бұл жайды біз тек факт ретінде ғана айтып отырған’ жоқпыз. Үнді әдебиет-індегі мұндай көркемдік дәстүр үнді жазушыларына дайын ведикалық һәм эпикалық тақырыптар, сюжеттер мен образдар ұсынып қана тынған жоқ, соларды игеру, көркем жинақтау тәсілдерін қоса: көрсетті. Мұның өзі аталған дәстүр арқылы көне үнді әдөбиетінде белгілі дәрежеде логикалық байыптау, творчестволық жинақтау, эстетикалық жүйелеу жасалды деген сөз. Ал байыптау, жинақтау, жүйелеу атаулының бәрі — теория. Баяғы бағзы заманның парасат дүниесіндегі алғашқы әдеби-эстетикалық толғамдар, міне, осылай туған.
Көне үнді өнері гана емес, алғашқы әдеби-эстетикалық байыптаулардың басы қайда жатқанын іздеп, Азиядағы басқа халықтардың көркемдік даму сырына тереңірек үңілсек, көне Қытайдың “Ән кітабы” (“Ши-цзин”), “Құбылу кітабы” (“И-цзин”) немесе көне Египеттің “Ағалы-інілі екеу туралы ертегі” секілді тағы да бұдан үш мың жыл бұрынғы бабалар дәуірінің байырғы көне деректеріне көп кездесеміз. Алдымен осылардың байыбына барыңқырап, ежелгі көне Шығыстың қалыптасқан көркемдік көзқарастарыньщ қайнар көзі болған (айталық, Қытайдың даосизмі, моизмі, легизмі тәрізді) философиялық-эстетикалық жүйелерді анық танығаннан ке-йін ғана эллинизм өнерінің өнегелі өрісіне оралуға болады.
Эллада эстетикасы да бірден школаға айналып, қауырт қалыптаса қалған жоқ. Гректің әдемілік туралы ілімі пифагорлықтардың (б. э. б. VI ғ.) дүниедегі зат атаулының түп мәнін санға сайған аңқау аңғарымдарынан басталады. .Мәселен, олар музыка сазы үн шығаратын шектің ұзын-қысқалығына бай-ланысты деп біледі де, музыканың математикалық негізі туралы өзгеше бір ілім туғызады. Бұл — идеалистік түсінік.
Бұған керісінше, диалектикалық түсінік Гераклит Эфесский (б. э. б. 530—470 ж. ж.) толғамдарында жатыр. Пифагорлықтар секілді, Гераклит те әдемілік дегенде негіз болатынын мойындайды, бірақ ол — сан емес, сапа деп біледі. Оның ұғымынша әдемілік тек қана нақты, затты нәрсеге тән. Ал осының өзі шартты: әп-әсем маймыл адаммен салыстырсак,— ажар’сыз, жексұрын да, ең әдемі адам құдаймен салыстырсақ,— маймыл. Бұл Гераклиттің әсер, сезім, таным, жалпы эстетикалық қабылдау тарапында қатып қалған қасан, абсолют болмайтынын дәлелдеуі, әдемілік туралы іліміндегі доғмаға қарсы шығуы еді. Осының негізінде ол жақсы-жаманды, ұнамды-ұнамсызды нақты өз орнында түсіну керектігін уағыздайды. Оның ұғымынша, айталық, теңіз суы әрі таза, әрі лас: “балық ішеді, адам ішпейді”. Әр нәрсенің әдемілігін тануда дәл осындай сапалық өлшем болатынын аңғартады.
Атомдық материализмніқ негізін салушы, Карл Маркс гректер ішійдегі тұңғыш энциклопөдиялық ақыл иесі деп атаған атақты Демокрит (б. э. б. 460—370 ж. ж.) әр нәрсенің әсемдігі оның мөлшерінде деп біледі: “мөл-шерінен артық кету де, кем түсу де” оған ұнамаған. Күллі грек ойшылдарынық ішінде бірінші боп Демокрит адамдар өнер-білімді тірі табиғатқа еліктеумен тапқан деп көрсетеді. Оның ойынша, адам баласы өрмекшіден тоқуды үйренсе, қарлығаштан үй салуды, бұлбұлдан ән салуды үйренген. Бұл — қызық топшылау.
Әйгілі Сократ (б. э. б. 469—399 ж. ж.) ойларының Гераклит пен Демокрит пікірлерінен өзгешелігі, әрине,
оның идеалистік сипатында. Дей тұрғанмен, мұның эстетикалық түсініктер-інде де назар аударар жайлар көп. Мәселен, Сократ әр нәрсенің ажары оның қажетке жарамдылығында, ал ажарсыздығы жарамсыздығында деп түсінген. Бұл ретте, Сократтың сұлулық жөнінде Крито-булмен айтысы әсіресе қызық.
Өнер мен эстетика мәселелерін өзінше байыптаған көне дүние ойшылдар-ының бірі — Сократтың шәкірті Платон (б. э. б. 427—347 ж. ж.). Әдемілік туралы Платон теориясының философиялық негізі оның бұлжымас, бақи “идеялар” жайлы идеалистік және мистикалық ілімімен тығыз байланысты. Сөйте тұра, жалпы эстетикалық қисын-қағидалардың қалыптасуында Платонның орны айрықша деп білген жөн.
Платон өзінің “Үлкен Иппий” диалогында әдеміліктің анықтамасы ретінде мынадай уағыз ұсынады: жарамды нәрсе — пайдалы нәрсе; пайдалы нәрсені тәуір көресің; тәуір көрсең — қуанасың; қуаныш дегенің көз бен құлақ арқылы келетін рақатты түйсік: әдемі адамдар, әр алуан әшекейлер, лұғатты сөздер, әсерлі әңгімелер, музыка, сурет, зергерлік іс, зерделі әрекет, тағы басқа осылар секілділердін, бәрін көресің де естисің, қуанасың да рақат-танасың. Ал ішу, жеу, тағы сондай түйсіктер адамды қанша рахаттандырған-ымен әдемі емес, әшейін ұнамды ғана нәрсе! Бұдан шығатын қорытынды: “сұлу нәрсе — сүйкімді нәрсенің көзге көрінер, құлаққа естілер бөлегі” *. Платонның музыкадағы үш түрлі ырғақ, әдебиеттегі үш түрлі суреттеу тәсілі жайлы пайымдаулары да бізге осы секілді тым “жабайы, адам нанғысыз (дәлірек айтқанда: сәбилік), қисынсыз болып көрінеді”,** бірақ осының, өзінде көне гректің поэтика жайлы тан, қаларлық ұғым-түсініктері жатыр.
Алайда Платонның эстетикалық көзқарастарында “сәбиліктен” гөрі өзгешелеу жат пікірлер де жоқ емес. Оның софист Горгийдың поззияны — алдамшы нәрсе деген пікірін құптай келіп, ақынды өтірікші ретінде түсіндіруі — әшейін ағаттық қана.
“Философ үлкендер үшін, ақын жастар үшін” деген тұжырым, айталық, Аристофанда да бар. Бірақ ол бұл шкірді ақындық өнердің эстетикалық әсеріне байланыс-
* Көне дүние ойшылдары өнер туралы, М , 1938, 38-бет. ** В. И Ленин, Философиялык дәптерлер, М, 1965, 329-бег.
ты айтқан, әйтпесе, оған Платонша біржола қол сілтемеген…
Сөз өнері жайлы Платон философиясы сын көэбен қарауды қажет етеді.