Абердин
Абердин (Aberdeen), Шотландияның шығысындағы қала; Солтүстік теңізіндегі сауда порты. Халық саны 212 125 адам (2001).
Абердин қаласы тарихи Абердин графтығымен аттас орталығы бар, Абердиншир территориясымен қоршалған анклавты, өзін-өзі басқаратын аймақ. Ди және Дон өзендерінің сағасында орналасқан Абердин солтүстік Шотландиядағы басты порттардың бірі болып саналады. 12 ғасырдан бастап, Шотланд корольдігінің орталығы, 12-14 ғ.-да шотланд корольдігінің резиденциясы болған. Қала тұрғындары Шотландияның тәуелсіздігі үшін болған соғыста I Роберт Брюсті қолдады. Біраз уақыт ол I Эдуардтың резиденциясы болды. 1970 жылдардан бастап Абердин мұнай өндіру өнеркәсібі мен оған байланысты салалар мен қызметтердің өрістеуі арқасында британдық басты орталықтың бірі ретінде қарқынды дамыды