Ұлы географиялық ашылулар

Ұлы географиялық ашылулар, Ұлы географиялық жаңалықтар — 15 ғ-дың соңы мен 17 ғ-дың ортасы аралығында еуропалық саяхатшылардың жаңа жерлерді, құрлықтар мен аралдарды, мұхиттар мен теңіздерді, аса маңызды теңіз жолдарын ашу кезеңі. Бұл кезең тарихқа Ұлы географиялық ашылулар заманы деген атпен енді. Жаңа жерлердің көптеп ашылуы Еуропадан Оңт. және Шығыс Азия елдеріне теңіз жолдарын іздеумен тікелей байланысты болды. Мұндай ізденістің басты себептері:

15 ғ-дың ортасына қарай Еуропа елдерінде өнеркәсіп пен сауданың мықтап өркендеуі, Еуропаны Шығыс Азиямен байланыстыратын құрлық жолын және кеме қатынасы өркендеген Жерорта теңізінің шығыс жағалауын түріктердің басып алуы, ашық мұхитқа шығып, алысқа жүзе алатын берік кемелердің жасалуы, ғылым мен техниканың жандануы бұған қолайлы жағдай туғызды. Араб саяхатшысы Әбу-Абдаллаї Мұхаммед ибн Баттута Еуропа саяхатшыларына дейін 30 жыл бойы саяхат жасап, Африканың солт. жағалауын бойлай жүзіп, Танжер қ-нан (Марокко) бастап Египет, Арабия, Кіші Азия түбегін, Қырым, Ресей, Орт. Азия,  Иран,  Ауғанстан, Үндістан,  Қытай,  ИндонезияИспанияда  болған. Ұлы географиялық ашылуларды сол кезде күшті дамыған елдер — Португалия мен Испания бастады.

Сізге ұнау мүмкін...