Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесіңде

Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесіңде. Педагогика білім беру, педагогикалық шындық туралы ғылым ретіңде педагогикалық процестің дамуы мен қызмет етуінің заңдылықтарын зерттейді, теориялық білімдерді жинақтайды және жүйеге келтіреді, педагогикалық шындық тәжірибесін зерттейді, яғни практика үшін педагогикалық шындыкты қайта құру үшін негіз жасайды. Сондықтан осы саладағы ғылыми зерттеулер практикалық бағытталған сипатта болады. Міне осыдан педагогиканың гуманитарлық білімдер (адамтану) жүиесімен байланысы басталады. Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесіне кіргеніне қарамастан, ол педагогикалық мақсаттылық және тұлғаның қалыптасуына педагогикалық басшылықты зерттейтін бірден бір ғылыми пән.
Педагогикалық ой алғашында жалпы философиялық білімдер жүйесінде, діни ілімдерде, саясаттануда, заңда, әдебиетте дамиды. Педагогиканың дербес ғылым ретінде бөлініп шығуы (дифференциялануы) белгілі бір уақыт кезеңінде ішкі ғылыми дифференциялануға, педагогика ғылымдары жүйесінің түзелуіне алып келді. Бірақ XIX — XX ғасырлардағы зерттеулер педагогиканың ғылым аралық байланыстарының жоғарыда мәні болғанын көрсетеді. Қазіргі замандағы педагогика психологиямен тығыз байланысты. Психология адам психикасының дамуының заңдарын, ал педагогика — тұлғаның дамуын басқаруды зерттейді. Ойлаудың, іс-әрекетті мақсаттылықпен өзгерту психологиялық білімдерсіз мүмкін емес. Мұндай білімдерсіз тұлғаның оқығанын және тәрбиелшігін бағалауға мүмкін болмайды. Сондықтан педагогикада психологиялық білімдер ғана емес сонымен бірге педагогикалық міндеттерді шешу үшін тұлғаны зерттеу әдістері (рейтинг, психометрия, жұптық салыстыру және тағы басқалар) пайдаланады.
Педагогика ол ағзаның материалды — энергиялық түрлілігін ашып көрсететін физиологияға,соның ішінде жоғарғы нерв қызметінің заңдылықтарына (И.П. Павлов, П.К. Анохин) сүйенеді. Мұндай білімдерді меңгеру танымдық іс — әрекет және тұлғаньщ әлеуметтену процестері табиғатын терең түсінуге мүмкіндік береді.
Педагогиканың социологиямен (элеуметтанумен) жан-жакты байланысының өте маңыздылығы ол қоғам туралы біртұтас жүйе ретіндегі және оның бөліктерінен тұратын (әлеуметтік жай, топ және т.б.) ғылым болып табылады. Міне осыдан, педагогиканың социологияның білім социологиясы, студенттер социологиясы және т.б. тарауларына деген қызығушылығы туған, себебі тек қана социологиялық зерттеулер арқасында педагогтар, ұстаздар қоғамдағы әлеуметтік — экономикалық, құқықтық, демографиялық және мәдени ортаның жағдайы туралы біле алады.
Педагогика ғылымдарының даму мүмкіндіктерінің маңыздылығы олардың медицинамен байланыстылығында, себебі педагогикалық шындықтың бірқатар кұбылыстарын (тәртіпсіздік, жалқаулық, еріксіздік, олақтық) балалардың денсаулығын зерттеу барысында ғана түсіңдіруге мүмкін болады. Сонымен бірге созылмалы ауру балалар үшін арнаулы оқыту және тәрбиелеу жүйесі қажет. Әрине, бұл –мәселенің бірлескен комплексті зерттеулер нәтижесінде ғана шешуге болады. Ғылымдар байланысының жаңа деңгейін бастапқы педагогиканың философия ғылымы саласында дамуы бүгінгі күні шешімін табуда. Педагогика жеке пән (дисциплина) ретінде философия жөне оның салалары — білім беру фиолософиясы, ғылымдар философиясының, мәдениет философиясының және т.б. жетістіктеріне сай терең ұғыну нәтижесінде дамиды.
Педагогиканың ғылыми аралық байланыстары белгілі бір проблемаларды зерттеу барысында басқа ғылымдарға — тарихқа, этнологияға, этнографияға, юриспруденцияға, экономикаға, демографияға, экологияға және т.б. таралады.
Адамзат бағытындағы және ғылыми аралық пәндердің (синергетика, жүйелер теориясының негізі, кибернетика, информатика, басқару теориясының негіздері) жетістіктері педагогика бойьшша зерттеулердің байи түсуіне әсерін тигізеді. Р.Г. Гурова педагогиканың баска ғылымдармен өзара байланысы қаңдай бағытта іске асатындығын көрсетіп берді: басқа ғылымдардың негізгі идеяларын, теориялық анықтамалары мен жалпы қорытындыларын, педагогиканың қолдануы, гуманитарлық ғылымдарда қолданылып жүрген зерттеу әдістерінің творчестволық қосымшасы; көрсетілген ғылымдарда альшған нақтылы зерттеу нәтижелерін педагогикада қолдану; педагогтардың адам проблемалары бойынша комплекстік зерттеулерге қатысуы.

Сізге ұнау мүмкін...

3 комментария

  1. арай:

    неге тауып бер деген рефератты емес тақырыптан ауытқып басқа нәрселерді тауып беріп жатасыздар.маған ондай нәрселер керек емес.сондықтан дұрыс нәрсе тауып беріңіздер

  2. арай:

    неге тауып бер деген рефератты емес тақырыптан ауытқып басқа нәрселерді тауып беріп жатасыздар.маған ондай нәрселер керек емес.сондықтан дұрыс нәрсе тауып беріңіздер өтінем

  3. арай:

    неге тауып бер деген рефератты емес тақырыптан ауытқып басқа нәрселерді тауып беріп жатасыздар.маған ондай нәрселер керек емес.сондықтан дұрыс нәрсе тауып беріңіздер өтінем тақырыбы адам тірі жан

Добавить комментарий

Войти с помощью: 

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *