Мұхиттар

Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері. Глобусты алып қарасақ, жер шарының көпшілік бөлігін су басып жатқанын көреміз. Ол Дүниежүзілік мұхит деп аталады. Дүниежүзілік мұхиттың үлесіне бүкіл жер бетінің бөлігі немесе 361млн км2 тиеді. Мұхиттар мен теңіздер қоршап жатқан құрлық жер  материктер  немесе  континенттер деп аталады. Дүниежүзінде 6 материк бар. Олар: Еуразия, Африка, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Аустралия және Антарктида. Құрлықтың барлық жағынан су қоршаған шағын бөлігі арал деп аталады (картадан Гренландия,Мадагаскар, Исландия аралдарын көрсету). Құрлықтың су кеңістігіне терең сұғынып кіріп тұрған бөлігін түбек деп атайды (картадан Апенин және Лабрадор түбектерін көрсету). Дүниежүзілік мұхит 4 бөліктен тұрады.  Тынық мұхит-Жер шарындағы ең үлкен әрі ең терең мұхит. 1520-1521 жылдары Ф.Магеллан дүние жүзін айналу саяхаты кезінде осы мұхитты алғаш рет жүзіп өтті. Жүзу кезінде ешқандай дауылға ұшырамағандықтан, саяхатшылар оған «Тынық мұхит» деген ат берді. Ең терең жері-Мариан шұңғымасы бар. Оның тереңдігі 11022м.  Атлант мұхиты Тынық мұхитынан екі есе кіші (92млн.км2). Солтүстік және Оңтүстік Американың шығысынан бастап Еуразия мен Африканың батысына және Антарктидаға дейін барады. Ол солтүстік полярлық

аймақтан оңтүстік полярлық аймаққа дейін созылып кетеді. Атлант мұхиты арқылы батыс және шығыс жарты шарда орналасқан елдерді бір-бірінен жалғастыратын аса маңызды кеме жолдары өтеді. Мұхит кеме қатынасына игерілген. Үнді мұхиты Оңтүстік жарты шардың едәуір бөлігін алып жатыр. (75 млн.км2). Бұл ең жылы мұхит. Үнді мұхиты суының таза, көгілдірлігімен де көзге түседі. Солтүстік Мұзды мұхит-мұхиттардың ішіндегі ең шағыны (14 млн.км2). Ол Солтүстік Америка және Еуразия жағалауларымен шектеледі. Оның көпшілік бөлігін жыл бойы мұз басып жатады.

Мұхит  бөліктеріне теңіздер, шығанақтар, бұғаздар  жатады. Теңіз-мұхит суының қасиеті мен жануарлар дүниесі оқшауланып тұратын бөлігі. Теңіздер көбінесе құрлық жағалауында болады, бірақ кейде ашық мұхиттарда да кездеседі. (мысалы,Саргасс,Фиджи теңізі). Материкке сұғына еніп жататын теңіздерді ішкі теңіздер деп атайды. (мысалы,Қара теңіз, Жерорта теңізі). Материктердің маңында орналасқан теңіздерді шеткі теңіздер деп атайды. Шеткі теңіздерге-Еуразия жағалауындағы Баренц, Лаптевтер, Жапон, Охота, Шығыс Қытай және т.б теңіздер жатады. Шығанақ — мұхиттың немесе теңіздің құрлыққа сұғына еніп жатқан шағын бөлігі. Атлант мұқиты Солтүстік Америка жағалауындағы Гудзон,Мексика шығанақтарын, ал Үнді мұхиты Еуразияның оңтүстігіндегі Парсы шығанағын құрайды. Дүниежүзілік мұхиттың бөліктері бір-бірімен бұғаздар арқылы жалғасады. Бұғаз-екі жағынан материктердің немесе аралдардың жағалары қосып шектеп тұрған енсіз су айдыны. Бұғаздардың ені әр түрлі. Ені ең кең (950км) және терең (5248м) бұғаз-Дрейк бұғазы; ал ең ұзыны (1670км)-Мозамбик бұғазы. Мұхит суының температурасы және тұздылығы. Су-жер бетіндегі жылу сыйымдылығы үлкен дене. Сондықтан да мұхитты «жылу қорының жинаушысы» деп  атайды. Мұхит суы өте баяу жылынып, баяу суынады.

Сізге ұнау мүмкін...