Жер бедері

Жер бедері рельеф (фр. relіef, лат. relero — көтеремін деген сөзінен шыққан) — жер бетіндегі құрлықтардыңмұхиттар мен теңіздер түбінің тілімденген пішіндерінің жиынтығы.

Жер бедері тау, жазықойпаттаулы үстірттөбеқырқааңғаржыра, т.б. болып келеді. Жер бедері эндогендік (ішкі) және экзогендік (сыртқы) күштердің ұзақ уақыт бойы әсер етуі нәтижесінде пайда болады. Әрбір аймақтың бедері оның геологиялық құрылысына, ішкі және сыртқы процестердің біреуінің басым болуына байланысты. Жер бетінің бұдырлылығы әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан мөлшеріне (масштабына) қарай Жер бедерін планеталық пішінді (құрлықтар, мұхит табаны) мегапішінді (тау жүйелеріаумақты жазық жерлермұхит ойпаттары), макропішінді (жоталар, тауаралық аңғарлар), мезопішіндер (төбелераңғарларсай-жыралар), микропішіндер (шұқанақтар,дала бидайықтары) және нанопішіндер (түбіршіктертөбешіктер) деп бөледі. Осы заманғы Жер бедері шамамен бұдан 150 млн. жыл бұрын қалыптасқан. Қазіргі кезде бүкіл құрлықтардың 55%-і таулы және 45%-і жазық өлкелер. Жер бедерін геоморфология ғылымы зерттейді.

Сізге ұнау мүмкін...