Елдердің экономикалық-географиялық сипаттамасы

Ресейдің әлемдегі ең ірі материкте орналасуы оның экономикалық — географиялық жағдайының қолайлы жағы болып табылады. Өйткені, Еуразияда дүние жүзі мемлекеттерінің 40%-дан астамы, халықтың басым көпшілігі орналасқан. Жалпы алғанда, Ресейдің 12 мемлекетпен теңіздік шекарасы бар, ал 14 мемлекетпен құрлық арқылы байланысқан. Ресей құрамына енетін Калининград облысы анклав болып табылады, өйткені оның елдің негізгі бөлігімен ортақ шекаралары жоқ.
Көршілес мемлекеттердің көп болуы, олардың көпшілігінің неғұрлым дамыған батыс бөлікте орналасуы елдің сыртқы байланыстарына қолайлы ықпал етеді. Дегенмен, Ресей өзінің көршілік жағдайының қолайлы тұстарын әлі де болса толығымен пайдаланбай келеді. Ресейдің географиялық орны әлемдік экономикалық орталықтарға қатысты алғанда, қолайсыз болып табылады. Өйткені ол Батыс Еуропаның дамыған елдерімен, АҚШ және Жапониямен тікелей құрлық арқылы шектеспейді, аса маңызды теңіздік сауда жолдарынан алыста орналасқан. Алайда ел аумағының Еуропаны Шығыс және Оңтүстік — Шығыс Азия елдерімен теміржол арқылы байланыстырып жатуы, Солтүстік теңіз жолын игеруі Солтүстік Еуропа, Оңтүстік — Шығыс Азия елдерімен байланысты жақсартуға оң ықпал етеді. Қиыр Шығыстың айрықша орны әлемдегі үш ірі мемлекеттің (Ресей, Қытай, Жапония) тоғысында жатуымен анықталады. Ресейдің Тынық мұхиттық жағалауы, Азия — Тынық мұхит аймағындағы елдердің барлығымен де теңіз арқылы байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

АҚШ – Батыс шарындағы ірі ел. Оның барлық жері түгелдей дерлік Солтүстік Америкада: Солтүстікте Канадамен, Оңтүстікте Мексикамен шектеседі. Батысында Тынық мұқитымен, Шығысында Атлант мұхитымен шайылады.Оның 50 штатпен ел астанасы Вашингтон қаласы орналасқан федералдық Колумбия округінен федерациялық республика. 48 штат шоғырлана орналасқан. Ал Аляска мен Гавай негізгі аумақтан бөлек орналасқан.
Мемлекеттік құрылымы — АҚШ федерациялық конституциялық ел. Мемлекет басшысы Президент. Президент бас әскери қолбасшысы. Ол заң жобасын жою құқығына ие болады. АҚШ үкіметі 3 – тармаққа бөлінеді:
1. Заң шығарушы
2. Атқарушы
3. Сот
АҚШ — та 2 бас партия бар:
1. Демократиялық партия — 1824 жылы құрылған.
2. Республикалық партия — 1854 жылы құрылған

Қазақстан ең ірі әрі халық көп қоныстанған құрлық — Еуразияның ортасында орналасқан. Біздің құрлықта жер шарындағы мемлекеттердің жартысы орналасқан. Мұнда адамзаттың 2/3 және әлемдік экономиканың 3/5 бөлігі шоғырланған. Аумағы жөнінен алып мемлекеттер (Ресей, Қытай), халық саны ең көп мемлекеттер (Қытай, Үндістан) және экономикасы аса қуатты елдер де (Жапония, Қытай, Германия) осы құрлықта. Еуразияда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) мен ЕуроОдақ (ЕО) орналасқан.

Қазақстан саяси-географиялығы аймағы — Орталық Азия. Ол 5 мемлекетті біріктіреді. Аймақтағы шет елдерде 1,5 млн этникалық қазақтар тұрады. Еліміздің шекарасының 14-і осы елдерге сәйкес келеді. Олар саудадағы, табиғи қорларды бірлесіп пайдаланудағы, қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызды серіктестер болып табылады.

Экономикалық-географиялық жағдайы

Ел аумағының ең басты сипаты — оның географиялық жағдайы болып табылады.

Шаруашылықтың дамуы үшін экономикалық-географиялық жағдайдың (ЭГЖ) маңызы зор.

Экономикалык-географиялық жағдай — елдің, әлемнің экономикалық картасындағы орнын көрсетеді. ЭГЖ-ға баға беру дегеніміз, оның жағдайын:

әлемдік экономиканың басты орталықтарына, әлемдік нарықка (нарықтық-географиялық жағдайы);

көрші елдерге (көршілік жағдай);

халықаралық көлік жолдарына (көліктік-географиялық жағдай) қатысты анықтау.

ЭГЖ тиімді немесе тиімсіз, қолайлы немесе қолайсыз болуы мүмкін.

Сізге ұнау мүмкін...