ГЛОССАРИЙ

  1. Аккумуляциялық процесс – су, жел, әсерінен әр түрлі бос жатқан минерал шөгінділері мен органикалық тұнбалардың бір жерге жиналуы, үйілуі.
  2. Аллювий – үйінді жыныстардың өзен суымен шайылып, өзен арналарына жиналатын шөгінді.
  3. Антициклон –атмосферадағы ауа қысымы жоғары аймақ.
  4. Антропогенді әрекет – адамның ландшафтыны өзгерту әрекеті
  5. Антропоген дәуірі – жердің геологиялық тарихының қазіргі өтіп жатқан кезеңі, бұдан 1 млн жыл бұрын басталған деп шамаланады.
  6. Антропогенді ландшафт – адам әрекетінен түлеп қайта түзілген ландшафт
  7. Антропогендік фактор – ландшафтылардың пайда болуындағы адам әрекеті
  8. Ареал – жер бетінің жануарлар мен өсімдіктерініңбелгілі бір түрлері тіршілік ететін ауданы
  9. Ауа айналымы – жер бетіндегі ауаның әр түрлі қызуы және ондағы қысым айырмашылығы салдарынан пайда болатын ауа ағыстарының жүйесі
  10. Батолит – жер қыртысының беткі қабатына қатқан интрузивті жыеыс
  11. Биогенді кешен –аумақтық табиғат кешендерінің топырақ жамылғысы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі
  12. Биоклиматтық белгі – белгілі бір климатпен үйлескен биоценоздардың жай-күйі
  13. Бионика – тірі ағзалар құрылысының заңдылықтары туралы ғылым
  14. Биотикалық фактор – ландшафтардың пайда болуына тірі ағза тіршілігі әрекетінің тигізетін әсері
  15. Галофиттер – тұзды топыраққа өсетін өсімдіктер.
  16. Гамада – тасты шөлдердің араб тілінде аталуы
  17. Геодезия – жердің пішіні мен көлемін зерттейтін, оның бетін план мен картада бейнелеу үшін жергілікті жерде өлшеу жұмыстарын жүргізумен айналысатын ғылым
  18. Гербицид – арамшөптерді жою үшін қолданылатын химиялық қосылыс
  19. Гидрофизика – өзен, көл жер асты суының, теңіз, мұхит суының физикалық құбылыстарын, прцестерін зерттейтін ғылым.
  20. Гравитациялық қозғалыс – заттардың салмақ күші әсерінен орын алмастыруы
  21. Гумидті ландшафт – климаты жылы және ылғалды жердегі ландшафт
  22. Дефляция – топырақ пен тау жыныстарының жер әсерінен үгілуі
  23. Дендро бағы – жеке бір жерде не ботаника бағының бір бөлігінде ағаш өсімдіктердің әр алуан түрлерін өсіретін арнайы бақ
  24. Депрессия – жер бетінің немесе жер қыртысының ойыс жері
  25. Дренаж – жер асты суының деңгейін төмен түсіру үшін қазылатын канал.
  26. Жер беті жыныстарының аэрациясы – жер беті жыныстары мен ауаның төменгі қабатындағы зат алмасуы
  27. Зоомасса – аумақтық табиғат кешендеріндегі жануарлар дүниесінен түзілген масса
  28. Инсоляция – күн радиациясының жер бетіне сәуле болып түсуі
  29. Инсоляциялық беткей – күнгей беткей
  30. Карбонатты шөгінді – құрамында көмір қышқылының қоспалары болатын жыныстар.
  31. Күннің тік радиациясы – күннен жер бетіне тік түсетін сәуле.
  32. Плиталы жазық – шөгінді жамылғысы қалың жазық
  33. Регрессия – теңіз, көл деңгейінің қайтуы, ландшафтының құнарсыздану бағытындағы өзгерісі.
  34. Шық нүктесі – ауадағы су буының су тамшысына айналатын температура шегі
  35. Сапрофог – шіріп ыдырағын органикалық заттармен коектенетін тірі ағзалар
  36. Синеклиза – жыныс қабаттары ойысты болып келетін аймақ
  37. Хемосинтез – кейбір ұсақ ағзалардың коректену тәсілі
  38. Эффузия – жер бетіне шыққан сұйық лаваның жайыла суынып, тасқын жамылғы түрінде қатаюы
  39. Радиациялық жылу – күн сәулесінің жылуы

Сізге ұнау мүмкін...